Презентация Тақырып:Қаңлылар Орындаған: Мақсутов Асыланбек, Бисенбай Әли, Дәулетқали Мұсағали Тексерген: Саркулова Галия Ставаловна



Pdf көрінісі
Дата04.11.2023
өлшемі2,76 Mb.
#189687
түріПрезентация
Байланысты:
қаңлылыр 2



Презентация
Тақырып:Қаңлылар
Орындаған:Мақсутов Асыланбек,
Бисенбай Әли, Дәулетқали Мұсағали
Тексерген:Саркулова Галия Ставаловна


Қаңлылар туралы
Қаңлы 
мемлекеті 

Қытай 
жазба 
деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 
2 ғ. айтылады. ВИЗЛЕВАЛЯ Сырдария
Талас өзендері бойында орналасты. 
Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен 
Орталық Азиядан келген. Астанасы 
Битян қаласы


Тарихы
Б. 
з. 
б. 
ІІ 
ғасырдың 
екінші 
жартысындағы «Халықтардың ұлы 
қоныс аударуы» деп аталмыш кеткен 
тарихи 
оқиғалардың 
нәтижесінде 
Орталық Азияда жаңа мемлекеттік 
бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, 
Янцай, 
Қаңлы 
мемлекеттері 
қалыптасады. Соңғысы Қазақстан 
тарихында елеулі рөл атқарды.


Тарихнаманың 
ауқымды 
болғанына 
қарамастан, қаңлылардың зерттелуі әлі де 
қанағаттандырмайды. 
Бұған 
жазбаша 
Деректемелердің мейлінше шектеулілігі себеп 
болды, оның үстіне деректер үздік- создық 
және қарама-қайшы, мұның езі Мәселенің 
әркелкі түсіндірілуін туғызады. Мемлекеттің 
аумағы ұланбайтақ жерді: Ташкент жазирасы 
мен 
Сырдария, 
Жаңадария, 
Қуандария 
алабының ежелгі арналарын және Жетісудың 
онтүстік-батыс 
бөлігін 
қоса 
Оңтүстік 
Қазақстанды алып жатты.


ҚАҢЛЫЛАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН КӘСІБІ
Қаңлылардың 
негізгі 
кәсібі 
егіншілікпен 
ұштасқан 
мал 
шаруашылығы 
болды. 
Оларда 
тәлімі 
және 
көлдетіп суару егіншілік 
жақсы дамыды.
Аң аулау мен балық 
аулаудың 
қосалқы 
маңызы болды. Елік, 
тау теке, арқар, киік 
аулады. 
Қаңлылар қоғамында 
әр түрлі кәсіптер,қол 
өнер, сауда және ақша 
айналысы дамыды.


САЯСИ 
ТАРИХЫ
Ертедегі алуан түрлі жазбаша деректемелерде 
Қаңлы елінің аты б. з. б. ХІV ғасырдан бастап 
мәлім болғанымен, Орта Азиядағы б. з. б. IV 
ғасырдың аяғындағы оқиғаларды жақсы 
білетін антик авторлары қаңлыларды 
тоқталмайды. Сырдария бойындағы аймақта 
«Қан үйі» б. з. 6. ІІІ, дұрысында, ІІ ғасырда 
көтерілген деп жорамалдауға болады.


Бұл сол кезеңдегі көшпелілер үстемдігінің күшеюінен болған еді. Егер б. з. б. ІІ 
ғасырдың екінші жартысында Чжан-Цянь қаңлы жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, 
ал солтүстігінде ғұндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы 1 ғасырда
мұндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан-Цянь юечжи әскерін 100-200 мың, ал қаңлы 
әскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цань-Хань-Шу енді қаңлы әскерін 120 мың, 
юечжи әскерін 100 мың дейді14. Бұл кезенде Орта Азиядағы қос өзен аралығында
юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, 
жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мұның өзі 
қаңлымен салыстырғанда олардың әлсіреуіне әкеп соқпай қоймағанын, ал 
қаңлылардың алдынан оңтүстік пен батысқа экспансия үшін мүмкіндік 
ашылғанын атап өткен жөн.


Қоңыртөбедегі қаңлы обасынан табылған 
сасанилік бедерлі асыл тастар (б. з. IV-V ғғ.): 1 
- сердолик, 2 -4 - халцедон . Бір кездерде 
қаңлылар мекендеген аудандардан археологтар 
қоныстар 
мен 
қорымдар 
тапты. 
Бұл 
ескерткіштер 
Қауыншы, 
Отырар-Қаратау, 
Жетіасар 
археологиялық 
мәдениеттеріне 
жатқызылды. Біріншісі - Ташкент жазирасына, 
екіншісі - Сырдарияның орта ағысындағы 
Қаратау 
беткейлерінен 
Таласқа 
дейінгі 
аудандарға, 
үшіншісі 

Қуандария 
мен 
Жаңадария аңғарына таралған.
Археологиялық 
ескеткіштері


Қаңлы дәуіріндегі Орталық Азия аймақтарына салыстырмалы сипаттама берген кезде 
Сырдарияның сағасынан Ферғанаға дейінгі біртұтас мәдени-шаруашылық өңір 
айқындалады. Ол өңірге отырықшы егіншілік-малшылық экономика, іргелі архитектурасы 
мен қорғаныс кұбылыстары, қоныстанудың жетекші үлгісі ретіндегі аздап бекініс жасалған 
қоныстар, қолөнердің нашар дамуы, ақша айналысының шектеулілігі және басқа да белгілер 
тән болған.
Қорытындылай келе Б. з. б. ІІ ғасырдың екінші жартысындағы «Халықтардың ұлы қоныс 
аударуы» деп аталмыш кеткен тарихи оқиғалардың нәтижесіңде Орталық Азияда жана 
мемлекеттік бірлестіктер, соның ішінде Үйсін, Янцай, Қаңлы мемлекеттері қалыптасады. 
Соңғысы Қазақстан тарихында елеулі рөл атқарды


Назарларыңызға 
рақмет!

Document Outline

  • Slide 1
  • Slide 2
  • Slide 3
  • Slide 4
  • Slide 5
  • Slide 6
  • Slide 7
  • Slide 8
  • Slide 9
  • Slide 10


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет