Презентация такырыбы: Қышқылдар мен негіздерге әсер ететін факторлар


НА + 2НSolv H2Solv+ +АНSolv- Бұл тепе-теңдіктің константасы



бет2/4
Дата06.10.2022
өлшемі1,1 Mb.
#152005
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Қышқылдар мен негіздерБейсебай Е. (1)

НА + 2НSolv H2Solv+ +АНSolv-

Бұл тепе-теңдіктің константасы

KHSolv=aH2Solv+ ∙ аAHSolv- / aHA ∙a2HSolv

Протолиттік теорияда протондарын беріп қышқыл деп аталатын химиялық заттар, протондар доноры, протон қосып алатын негіз деп аталатын сәйкес заттар, протондардың акцепторы болып табылады.

Протолиттік теорияда протондарын беріп қышқыл деп аталатын химиялық заттар, протондар доноры, протон қосып алатын негіз деп аталатын сәйкес заттар, протондардың акцепторы болып табылады.

Қышқылдар


Молекулалық (HCl, H2S)
Катиондық (H3O+ , NH4+ )
Аниондық(HSO4- , HCO3- )

Негіздер


Молекулалық (NH3,H2O)
Катиондық (Zn(OH)+),Fe(OH)2+)
Аниондық(Cl- ,OH-)

Льюис теориясы бойынша


Қышқылдар-бос орбитальдары бар заттар бөлінбеген электрон жұбын қабылдауға бейім
Негіздер-бөлінбеген электрон жұпты заттар
Льюис анықтамасы бойынша қышқыл болатын қосылыстар өзіне электрон жұбын қосып алуға (қабылдауға) қабілетті, ал негіздер – электрон жұбын беруші қосылыстар. Мұндай әрекеттесудің нәтижесінде коваленттік байланыс түзіледі:
R3B+NR3 R3B- - N+R3
Органикалық қышқылдардың түрлері (СН-, ОН-, SH-, NH- қышқылдар)
Бренстед қышқылында протонмен байланысқан атомды қышқылдық орталық деп атайды.
Осы қышқылдық орталықтың табиғатына байланысты Бренстед қышқылдарын төрт түрге бөледі:
Қышқылдық және негіздік қасиеттерге орынбасарлардың әсер ету заңдылықтары:
Электрондонорлы орынбасарлар:
  • қышқылдық қасиетті төмендетеді;
  • негіздік қасиетті арттырады.

  • Электронакцепторлы орынбасарлар:
  • қышқылдық қасиетті арттырады;
  • негіздік қасиетті төмендетеді.

Қатқыл және жұмсақ қышқылдар мен негіздердің тұжырымдамасы (ҚЖҚН)
Льюис теориясы бойынша қышқылдар мен негіздерге сандық сипаттау мүмкін болмады, сондықтан Пирсон қағидасы туындады, ол бойынша қышқылдық-негіздік әрекеттесулерге сандық сипаттама беруге мүмкіндік береді. Пирсон қағидасына сәйкес қышқылдар мен негіздер қатқылға және жұмсаққа бөлінеді. Мұндай жіктелу осы атомдар мен бөлшектердің өлшеміне, электртерістілігіне, полюстенгіштігіне және тотығу сипатына байланысты болды.
  • Қатқыл қышқылдар –бұлар Льиюс қышқылдары, оларда атомның өлшемі кіші, үлкен оң зарядқа ие, электртерістілігі жоғары және полюстенгіштігі төмен.
  • Жұмсақ қышқылдар –бұлар Льиюс қышқылдары, оларда акцептор атомның өлшемі үлкен, кіші оң зарядқа ие, электртерістілігі төмен және полюстенгіштігі жоғары.
  • Қатқыл негіздер- жоғары электртерістілікке ие, полюстенгіштігі төмен, тотығуға қиын түсетін донорлы бөлшектер.
  • Жұмсақ негіздер- төмен электртерістілікке ие, полюстенгіштігі жоғары, тотығуға оңай түсетін донорлы бөлшектер.
  • Қатқыл қышқылдар қатқыл негіздермен, ал жұмсақ қышқылдар жұмсақ негіздермен жақсы әрекеттеседі. Пирсон тұжырымына сәйкес әрекеттесуші қышқылдар мен негіздердегі атомдық орбитальдардың энергияларының сәйкестігіне негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет