Жалпы және теориялық физика кафедрасының аға оқытушысы
Техника ғылымдарының кандидаты
Педагогикалық стажы – 9 жыл
«Физика» курсының презентациясы
5В072000 - «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттері үшін
Курс көлемі - 4 кредит
Пәннің қысқаша сипаттамасы:
Жалпы физика курсы – жоғарғы техникалық мектепті бітірушілердің теориялық дайындығына және инженерлік қызметке дайындалуына негіз болады.
Жалпы физика курсы әлемдегі физикалық заңдылықтардың инженерге қажетті физикалық білімдердің негізгі өзегі болады. Ол келесі бөлімдерді қамтиды: механика негізідері, денелер (заттар) құрылымы және термодинамика, электродинамика, тербелістер мен толқындардың физикасы, кванттық физиканың негіздері.
Пәнді оқыту мақсаты
Студенттердің қазіргі уақытқа сай физикалық және әлемдік ғылыми көзқарастарын қалыптастыру. Студенттердің білімін және біліктілігін түбегейлі заңдарды пайдалануға, қазіргі заманғы физика мен классикалық теория физикасын, сонымен қатар физикалық зерттеулер жүрізуге дағдысын кәсіптік деңгейде пайдалануға қалыптастыру.
Пәнді оқыту міндеттері
Қазіргі заманымыздың инженерлері үшін физикалық құбылыстардың кең саласын меңгеру ғана емес, физикалық заңдар мен түсініктердің иерархиясын, олардың қолдану шегін анықтау, оларды нақты жағдайға сәйкестендіріп кең түрде қолдану меңгеріледі.
Физиканың түрлі салаларындағы теориялық және практикалық есептерді шешуде студенттердің білімі мен білімділігін кәсіби маман түрінде қолдана білуін қалыптастыру. Теориялық зерттеу әдістері мен эксперимент нәтижелерін дұрыс бағалауды меңгерту.
5В072000 – «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының бағдарламасындағы «Физика» курсының орны
Осы мамандықтағы профильді пәндер үшін жалпы теориялық базаны дайындау.
Болашақ мамандарды жалпы мәдениеттік құндылықтарға үйрету.