Дени Дидро 1713-1784 Александр Баумгартен 1714-1762 Д. Дидро: Өнер «табиғи жараты-лыстарға» еліктеуі керек (Д. Дидро «Сурет салу тәжірибесі. Өнер туралы ойлар») Александр Баумгартен философия саласына «эстетика» терминін еңгізді (грекше «aisthetikos» – сезу, сезімдік қабылдау Эстетиканың категориялары анықталды: әдемілік және ұсқын-сыздық, асқақтық және төмендік, трагикалық және комикалык
Эстетика өнер философиясының теориялық негізі ретінде
Эстетика – табиғатта, өмірде, көркем шығармашылықта әдеміліктің мәні мен формалары туралы, қоғамдық сананың ерекше түрі ретіндегі өнер туралы философиялық ғылым Өнер, бір жағынан, кәсіпшіліктен айырылатын адам әрекетінің ерекше түрі ретінде түсіндіріледі, екінші жағынан, ғылым ретінде танылады
Дүниені эстетикалық тұрғыдан көру
Дүниені эстетикалық тұрғыдан көру – бұл дүниенің әдемілік және ұсқынсыздық, асқақтық және төмендік, трагикалық және комикалык жақтарын көру. Бұл тек қана адамға тән қабілет. Философиялық антропологияның өкілі Г. Плесснер «күлү мен жылау - адамды жануардан айыратын эксцентрикалық реакциялар» деген. И. Канттың пікірінше, дүниені эстетикалық тұрғыдан көрудің ерекшелігі - «мақсатсыз мақсатқа сәйкестік», яғни «адам әдемілікті әдейі қуып жүріп іздемейді, бірақ оны кез-келген жағдайда бірден байқайды» деген. Бұл эстетикалық объекттердің адамға таза ляззат әкеліп беруге, адамның қиялына, рухани әрекетіне дем беруге қабілеті.