Приглушенная Белая Черная и Бежевая Минималистичная Элегантная Собрание Компании Презентация


бітпейді екен. Есепсіз байлық та жоқ екен. Бірдің мінезін түзеуге



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата12.06.2023
өлшемі184,46 Kb.
#178657
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жұмағали Ақмерей

бітпейді екен. Есепсіз байлық та жоқ екен. Бірдің мінезін түзеуге
болғанмен, көптің мінезін түзеу қиын екен, бірдің бағын ашуға
болғанмен, көптің көңлін аршу мүмкін емес екен. Кейінірек ақын
көптің мінезіндегі жамандықты жоюдың, көптің көзін ашудың құралы
ретінде сөзді таңдайды. Бұл таңдаудың да негізі тереңде. Осының бәрі
– ақынның өз басынан жанын жандырып, жүрегін күйдіріп, өзегін
өртеп өткен өмір тәжірибелерін пайымдаудан туған шешімдер. Екінші
жағынан, өзінің өмір тәжірибелерін пайымдау, тану, бағалау барысында
ақын халықтың дәстүрлі дүниетанымынан тиянақ тапқан. 
А


Пайғамбар айтқан екен деседі: «Кісі жамандық көрсе, оны қолымен түзесін,
оған әлі келмесе, сөзімен түзесін, оған әлі келмесе, жүрегімен түзесін»
[Бұхари]. Жамандықты қолмен түзеу үшін кісіде белгілі аумақта шексіз билік
болуы керек. Басқаша айтқанда, жамандықты қолмен түзеуге қолында шексіз
билігі бар әкімнің ғана мүмкіншілігі болмақ. Жамандықты сөзбен түзеу
хакімдердің құзіретіндегі іс екен. Ал жамандықты жүрегімен түзеу қатардағы
иманды жандарға тән. Үш жағдайда да кісіде жамандықты түзеу туралы ізгі
де берік мақсат болуы қажет. Осы игі мақсат жолындағы адамдардың алды
болып есептелетін жандардың бойында, әл-Фарабидің көрсетуінше,
«ұштасқан алты қасиет болу керек» [1, 235-236]. Абай осы шарттарды
келістіріп баяндап, насихат етіп қана қоймайды, оларды өзінің әлі келгенінше
орындайды. Жамандық біткенді жүрегімен түзегенмен, сөзімен, қолымен
түзеуге мүмкіншілігі шектеулі болды. Соған қарамастан, ақын өзінің
заманынан, заманының адамынан көрген жамандықты жақсылықпен түзеуге
(қолымен, сөзімен, жүрегімен) бар саналы ғұмырын, ақыл-ойын, ақындық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет