Приглушенная Белая Черная и Бежевая Минималистичная Элегантная Собрание Компании Презентация


бұл мақсаты ізгі емес. Мал байлығы – сандық категория. Сондықтан мал байлығы мұрат емес



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата12.06.2023
өлшемі184,46 Kb.
#178657
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жұмағали Ақмерей

бұл мақсаты ізгі емес. Мал байлығы – сандық категория. Сондықтан мал байлығы мұрат емес,
ол мұратқа, мақсатқа жетудің құралы қызметін атқарады. Абай өз замандастарының мал
байлығына қол жеткізуге ұмтылудағы түпкі мақсаттың мақтан екендігін көрсетеді. Мұндай
мақсат жолындағы әрекет ізгі бола алмайды. Мақтанның алды мен арты – күншілдік. Одан
ізгілік іздеу бекер. Ізгілік жоқ жерде игілік те жоқ. Халалдан харамды айырмау, харамнан
халалды айырмау имансыздықтың көрінісі, имансыздық – надандықтың нәтижесі, надандық
– білім-ғылымның жоқтығы, білімсіздіктің салдары, ал «білімсіздік хайуандық болады» [2,
207].
А


А
Ақынның жанын ауыртып, жүрегін жаралайтын зіл замандастарының «төрт аяқты
малды көбейту» туралы мақсаты емес. Адал еңбек етіп, мал табу, байлыққа қол жеткізу
жазықты іс емес. «Мал, мақтан ғиззат-хұрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты
бұзбайды һәм көрік болады» [2, 187]. Мал адамды өзі іздеп тапса, оның ешқандай
айыбы жоқ. Ерінбей, адал еңбек еткен адамды «іздеп тапқан мал» ғана адамдыққа
жарасады. «Жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» [2, 171].
Абай осы орайда адамның малды «табынып іздеуі» туралы ұғым ұсынады. Мұның
мәнісі «құл болып іздеу» дегенді аңғартады. Малды, дүниені оларға табынып, құл
болып іздеу адамшылыққа жатпайды. Егер адам мал, мақтан, ғиззат-хұрметті «өзі
оларға табынып іздесе, тапса да, таппаса да адамдығы жоғалады» [2, 187]. Сөйтіп, ақын
адамдардың мал таппақ мақсаттағы ізденісінің екі түрлі сипатын көрсетеді. Оның бірі
– адал еңбекпен мал іздеу. Екіншісі – табынып, құл болып іздеу. Мақсат – біреу. Ал
оның сипаты екі түрлі. Бір мақсаттың екі түрлі сипатына сай екі түрлы амал-айла,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет