өнерін, шығармашылық еңбегін арнады.
КО
М
П
АН
И
Я
«К
О
М
П
ТЕ
К»
|
О
БЩ
ЕС
ТВ
ЕН
Н
О
Е
О
БС
УЖ
Д
ЕН
И
Е
А
Заманның тұнығы шайқалып, өзі құбыл ған шақта
адам да құбылуға мәжбүр. Заманның бір күн
шайқалған тұнығы бір жылда қалпына келмейді. Заман
шайқалған шақта онымен бірге шайқалып, бірге
құбылған адамның өзгеріп, тыныш қалпына қайта
келуі – бір жылда емес, бір ғасырда ғана мүмкін
болатын нәрсе. Бірақ адам бір күнін, бір жылын ойлай
алғанмен, бір ғасырдың қамын жей алмайды. Қолында
іріліұсақты билігі, азды-көпті байлығы барлардың
қатарында өзін заманның қожасы, заманның биі
санамайтын жан жоққа жуық. Бұлардың ішінде
дүниеге бой алдырмағаны кемде-кем.
А
Абайдың тұсында адам мен заманның бұзылуына елдің жатқа тәуелділігінен, бодандығынан
туған басқару жүйесі алып келді. Жұрт сағымдай төңкеріліп құбылды. Ақынның қадірлі басы
мен қайратты жасы осылармен тартыста өтті.
Абайдың ілімі аясында адамның адамдығын анықтайтын факторлардың бірі – мақсат.
Адамның мақсаты адам баласының бәрін бауырым деп сүюден туатын болса, онда оның ізгі
мақсат болғаны. Адамның ізгі мақсатқа жету жолындағы әрекеті (іс-әрекеттің мазмұны,
амалдары, құралдары, т.б.) де ізгі болуы шарт. Адамның дүние тіршілігіндегі мақсаты мал табу
болса, адам үшін ол да игілікті, ізгілікті болып көрінетіні рас.
Бірақ адамның дүние тіршілігіндегі мақсаты мал табу, тек қана мал табу ғана болса, онда оның
Достарыңызбен бөлісу: |