Отбасымен өзара әрекеттестік алгоритмі
1-қадам. Алғашқы кездесу кезінде қарым- қатынастар- тәрбиеші жоғары педагогикалық әдеп, ата- аналарға шынайы құрмет, байсалдылық, әдептілік танытуы, ойланбаған сұрақпен өзінен қашықтатпауға тырысуы тиіс.
2- қадам. Оның дербестігі, қайталанбайтындығы ескеріле отырып, балада нені дамыту, неге тәрбиелеу қажет екендігі талқыланады.
Бұл кезеңде балдырғанның мінез- құлқындағы жағымсыз көріністер туралы сақтықпен әңгімелеуге болады.
3-қадам. Баланы тәрбиелеуге жалпы талаптар белгілеу. Педагог ата- аналарды өз көзқарастарын білдіруге жұмылдырады, тіпті олар қате болса да, ата- аналар пайдаланатын әдістері туралы пікірін тыңдайды, теріске шығару үшін күш- жігерді біріктіруге шақырады.
4- қадам. Ортақ мақсатқа қол жеткізуде ынтымақтастықты нығайту. Бірлескен ынтымақтастыққа келісе отырып, тараптар бір- бірінің тәрбиешілік мүмкіндіктерін нақтылайды, біріңғай мақсаттар мен міндеттер белгілейді. Даулар, келіспеушіліктер болуы мүмкін. Олардың бұдан кейінгі ынтымақтастыққа бөгет жасамағаны маңызды.
Белгіленген алгоритмде әрекет ете отырып, біз ата- аналармен жұмыстың мынадай формаларына тоқталуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |