Отбасы мен МДҰ-да серіктестік пен ынтымақтастық негізінде ортақ талаптары бар бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз ету.
Балаларды отбасы мен қоғамның құндылықтары, дәстүрлерінде тәрбиелеу.
Отбасы және МДҰ жағдайларында жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу, қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық идеялар қорын жасау.
Педагогтар мен тәрбиеленушілер отбасыларының тығыз өзара әрекеттестігі негізінде ата- аналардың психологиялық- педагогикалық сауаттылығын арттыру.
Отбасы тәрбиелеудің әлеуметтік институты болып табылады.-, бұл жерде балалар қоршаған дүниені танып білудің алғашқы тәжірибесін алады, қарым- қатынас жасауға үйренеді, онда ұрпақтардың сабақтастығы, балалрдың әлеументтенуі жүзеге асырылады. Сондықтан отбасылық тәрбиені қолдаудың басымдыққа ие болуы, бала мен отбасын психологиялық- педагогикалық жағынан демеу қоғам дамуының бүкіл өн бойында өзекті болып қала бермек.