Примерные


Интерактивті тақтамен жұмыс



бет12/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Интерактивті тақтамен жұмыс
Интерактивті кешендерді қолданумен оқыту сапалы, қызықты және өнімді бола түсуде. Оқу үдерісінде электрондық мультимедиялық компьютерлік оқытушы бағдарламаларды оқытудың дәстүрлі әдістерімен және педагогикалық инновациялармен үйлесімінде жүйелі пайдалану жағдайларында дайындық деңгейі әр түрлі балаларды оқыту тиімділігі елеулі артады. Бұл ретте бір мезгілде бірнеше технологияның әсер етуі салдарынан білім беру нәтижесінің сапалы күшеюі болып өтеді. Электрондық оқытуда мультимедианы қолдану оқушыларға ақпарат берудің жылдамдығын арттырып қана қоймайды, оны түсіну деңгейін арттырады, сондай-ақ түйсіну, бейнелі ойлау сиқты маңызды қасиеттердің дамуына да жағдай жасайды.

Интеративті тақтамен таныстыру бойынша келесі бағыттарды таңдап алуға болады:



  • «Интерактивті тақтамен» бағдарламасы (интерактивті тақта арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда психикалық үдерістерді (интерактивті тақта арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда психикалық үдерістерді (жад,қиял, ойлауды) дамыту, ақпараттық мәдениетке ортақтастыру);

  • Power Point құралдарымен бейнелеу өнері, әлеумет, музыка және логопедпен топтық түзетімдеу сабақтары бойынша тақырыптық тұсаукесерлер әзірленді;

  • Лекциялар мен педагогикалық кеңестер интерактивті технологияларды пайдаланумен өтеді;

Бағдарламаны енгізу үшін балалар бақшасында мынадай интерактивті жабдықтар жинақталымы пайдаланылады:

  • SmarBoard интерактивті тақтасы және Canon проекторы (бұл жүйе міндетті түрде тұрақты бекітілуі тиіс: болашақта сіздерге проекторды қайтадан бапқа келтіру талап етілмейді);

  • дыбыспен және анимациямен жұмыс кезінде көлемді дыбыстауға арналған дыбыстық жүйе;

  • интернет желісіне қолжетімділік.

Балабақшадаға интерактивті сабақтарға арналған бөлме мынадай міндеттерді орындай алады:

  • балаларды ең жаңа білім беру технологияларының көмегімен оқыту;

  • көңіл көтеру және ойын орталығы қызметін атқару;

  • онда білім беру және көңіл көтеру міндеттерінің барынша кең шеңбері орындала алады;

  • балалар үшін де, оқытушылар үшін де жұмыстың барынша қолайлылығын жасау;

  • балаларды компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерімен және дағдыларымен таныстыру.

Бағдарламаның міндеті: ақпараттық мәдениетке ортақтастыру, интерактивті тақта арқылы психикалық үдерістерді дамыту.

Бағдарламаның мақсаты:



  • интерактивті тақта мен терминдерді (тақтаны мөлшерлеу, интерактивті тақтаның кітапханасы, интерактивті қалам) пайдалануға үйрету;

  • мектеп жасына дейінгі баланың психикалық үдерістерін интерактивті тапсырмалар арқылы белсендіру;

  • интерактивті тақта арқылы әлеумет туралы түсінік қалыптастыру.

Бағдарлама бойынша сабақтарды аптасына 2 рет 15 минуттан ойын түрінде өткізу қажет. Алғашқы сабақтар интерактивті тақтамен, интерактивті қаламмен таныстыруға, оқу үдерісіне уәждеуге құрылады. Тапсырманы интерактивті тақтадан (кітапхана- суреттер- тапсырманы орында, суреттер, суреттерді бояу) да, сондай-ақ Интернеттен онлайн тәртібінде алуға болады. «Играемся» тегін сайты бар- бұл баланың жалпы дамуына (назарды, қиялды дамытуға) арналған тартымды онлайн- ойындар, бұл жерден сіздер ұйымдасқан оқу қызметі үшін тапсырмалар ала аласыздар.

Күтілетін нәтиже



  • Ақпаратты мәдениетке ортақтастыру.

  • Балалар интерактивті тақтаны пайдалануды үйренеді.

  • Интерактивті тақтада тапсырмалар орындау арқылы психикалық үдерістер белсендіріледі.

  • Қоршаған дүние туралы түсінік қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет