Примерные


Балалар дамуы мен өсуін бақылау және тіркеу



бет54/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Балалар дамуы мен өсуін бақылау және тіркеу
Орындау стандарты: Жеке басының сұраныстарына сәйкес келетін қызмет түрлерін жоспарлау мақсатымен әрбір сәбидің өсуі мен дамуын тұрақты бақылауды қамтамасыз ету.

Белсенділік орталықтарында жайғастырылған материалдардың балалар үшін тартымдылығын қалай білуге болады? Қызметтің жоспарланған түрлерін олардың сұраныстарын қанағаттандыратынын және дамуын ынталандыратынына қалай көз жеткізуге болады? Ата- аналар үшін сәбиі қалай уақыт өткізгенін әдептілікпен қайтып жазу керек? Балалар дамуының әртүрлі деңгейіне сәйкес келуі үшін қызметтің түрлерін қалай жекешелендіру керек? Бұл тәрбиешінің қызмет түрлерін жоспарлай, ортаға бейімделіп әрі топтағы балалармен өзара іс- қимыл жасай отырып, өзіне қоятын сұрақтарының бір бөлігі ғана.

Іс жүзінде пайдалы екендігі дәлелденген әдістердің бірі -балаларды табиғи ортасында- үйде, сынып бөлмесінде және ашық алаңда бақылау.

Бақылау- сәби жұмыс істеп немесе ойнап отырған кезде оның қызметіне араласпай бақылау жасау үрдісі.

Тіркеу – байқалған белсенділікті құжаттау үрдісі. Көптеген тәрбиешілер мұны табиғи түрде істегенмен, балаларды бақылауға жүйелі көзқарас алынған мәліметтердің толықтығын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Іс- қимылдарды немесе олардың нәтижелерін тіркей отырып, тәрбиешілер балаларының нені және қалай жасайтындығын тіркейді және осы сәбидің алдында тұрған мақсаттарды жақсырақ бағалай алады. Сәбиді бақылау барысында уақыт өткен сайын оның мінез- құлқының түрін, танымдық артықшылықтарын, дағдылар деңгейін және дамудағы ілгерулерін анықтай алады.

Бақылаушының рөлі тәрбиешілерден бұл үшін уақыт бөлуге және жазудың тиісті құралдарын алуды талап етеді. Ешқандай тәрбиеші объективті бақылаушы бола алмайды. Бірақ тәрбиешілер ұқыпты түрде субъективтік түсіндірулер мен атақтарды жапсырудан қашақтап отырып, байқалған іс- қимылдарды мұқият тіркеуге тиіс. Объективті бақылауға тәрбиешінің болған нәрсе туралы ойлағаны немесе сезінгені кірмейді. Оған басты түрде істелінген немесе айтылған нәрсе енуі тиіс.

Объективті бақылау –бұл факт жүзіндегі ұғым: «Нұрбол кубикті қолына алып, оны Әлішерге лақтырды». «Мадина уақытты ағаш түбінде отырып ашық алаңда өткізді».

Субъективті бақылаулар контекстің шеңберінен тыс: «Нұрлан агрессивті» немесе «Мадина жалқау» деген атақтар, тұжырымдар немесе ақпараттар болып табылады.

Бақылаудың объективтілігін қамтамасыз ету үшін ол егжей- тегжейлі және ақпараттың мейілінше көбірек болғаны үшін суреттемелі болуға тиіс. Мысалы, «Арлан кубиктерді құрылыс орталығында салуды ұйғарды» ақпараты Арланның таңдауы мен ол жұмыс істейтін материал туралы ақпарат береді. Ол бұдан да толық объективті, егжей- тегжейлі бақылаудағыдай соншалықты ақпаратты бермейді.

Бұл жазулар келесі ақпаратты түсіндіреді:


  • Арлан үй тұрғызбақшы болғандықтан, оны ол бүгін бақшаға келмес бұрын ойластырып келді.

  • Ол басқа да балаларды шақырды.

  • Ол балаларға өз ойын айтып бөлісті.

  • Ол құрылыс саласын таңдаумен өз ойынының ауқымын кеңейтті.

  • Ол өзінің осы ойын көп уақыт бойы жүзеге асыруға тырысты.

Арланның іс- әрекетін бақылау мен ол туралы жазбалар жазу тәрбиешінің көп уақытын алған жоқ. Жоспарлау кезінде тәрбиеші бұл жазбаларды оқып, бұл қызығушылықты мадақтап немесе оны жалғастыруға мүмкіндік бере алады. Сонымен қатар, Арланның ата- анасына айтар әңгіме де бар. Осылайша тәрбиеші көптеген функцияларды іске асыра, мектеп жасына дейінгі баланың дамуына әртүрлі тактикалық әрі абайлы жолдармен өз үлесін қоса білді. Тәрбиеші ақылды байқампаздықпен және асықпай ойластыру арқылы қызмет етуге, көмекке келуге, жағдайлар мен қажеттілігіне қарай сөйлейтін жерде сөлеп, үндемеу керек жерде үндемей қалуы да қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет