Математика сабақтары – бұл мәселені шешудің әртүрлі стратегиялары.
«Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша біздің бүлдіршіндердің математика әлемін меңгеруі әр түрлі тәсілдермен шешілуі тиіс.
Бұл тәсілдер мыналар:
нақты және бейнелі модельдер, схемалар арқылы;
ауызша және жазбаша білдіруі;
математикалық терминдерді және белгілерді пайдалану арқылы.
Әрбір тәрбиеші өз жұмысында « Тәй-тәй » бағдарламасын қадағалай отырып, олардың негізгі мақсаттарын орындауға міндетті:
заттарды және оларлың жиынтықтарын салыстыруға қажетті математикалық түсініктемелерді анықтау;
қарапайым түсініктерді және ұғымдарды әңгіме үрдісінде анықтау;
қарапайым ғылыми негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып, олардың ой-өрісін, білім-дағды деңгейін кеңейту, сана-сезім, таным, қабылдау әрекетін дамыту;
балабақшада өтілетін тәлім-тәрбие мазмұны арқылы халықтық педагогика негізінде жаңарту;
жобалау және тақырыптық жоспарлардың арасындағы байланысты сақтау;
жоспардың тақырыптарын үйлестіру кезінде ата-аналармен және балалармен пікірлесу;
тақырыптық мақсаттарды жеткізу кезінде балалардың жас ерекшеліктерін және индивидуализациялық қабілеттерін ескеру.