Примерные


Ата- аналарды оқу- тәрбие үрдісіне тарту түрлері



бет66/76
Дата12.09.2020
өлшемі1,84 Mb.
#77916
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
Байланысты:
МЕТОДИЧКА ПО ДОШ

Ата- аналарды оқу- тәрбие үрдісіне тарту түрлері

Ата- аналар мен тәрбиешілердің бір- бірімен ақпараттармен алмаса алатындай іс- әрекет түрлерін қолданыңыз. Отбасыларымен пікірталастар жүргізу үшін мүмкіндіктер жасап, ата- аналарға арналған сұрақтар мен пікірталастарға үнемі жеткілікті уақыт қалдырыңыз. Оларды тыңдай білуді үйреніңіз.

1

Балабақшаға алғашқы келулер

Бала бақшаға келмес бұрын ата- аналар сабаққа қатысып, тәрбиешілер және басқа да ата- аналармен танысуы керек.

2

Кіріспе жиналыстар


Кіріспе жиналыстар ата- аналарға тәрбиешілер мен басқа ата- аналармен кездесіп, бағдарламамен танысуға мүмкіндік береді.

3

Үйге бару


Тәрбиеші баланың үйіне барып, оның ата- аналары және баланың өзімен үй жағдайында таныса алады.

4

Баланы бақшаға қай уақытта әкеліп, қашан алып кету қажет


Тәрбиешілер тобы баланың бақшаға келуі мен үйге қайту уақытында ата- аналармен сұхбаттасуға ыңғайлы болу үшін кесте құра алады.


5

Телефон шалулар


Телефон шалулар қажетті жағдайларда, ата- аналармен жақсы қарым- қатынастарды үзбеу үшін айына бір рет жасалады.


6

Ата- аналар мен тәрбиешілер конференциялары


Конференциялар –ол балалар жетістіктерін әңгімелейтін дәстүрлі жиналыстар. Ол ата- аналарға өз идеялары, мәселелерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Конференцияларды жеке бағдарламаларды жоспарлау үшін қолдануға болады.




Жазбаша араласу формаларын пайдаланыңыз.

Сізге уақыт жетпей немесе сабақ кестесіндегі қиындықтар ата- аналармен кездесуге мүмкіндік бермеген кезде, жазбаша араласу түрлері пайдалы болады. Кей кездері келесі жақтың хабардар болу үшін пайдалы ақпаратты жазып берген дұрыс болады. Сіздің араласу формаңыздың түсінікті болуына тырысыңыз.



7

Кітапшалар

Кітапшалар бағдарлама туралы көп түсінік береді.

8

Құрал

Құрал бағдарлама туралы нақты ақпараттан тұрады. Отбасы бұл құралды бір жыл бойы қолдана алады.

9

Бюллетень

Бюллетеньді айына бір немесе екі рет отбасын әрдайым бағдарламадағы өзгерістер, ерекше іс- шаралар мен қажеттіліктер және басқа да жаңалықтар туралы хабардар етіп тұру үшін ауыстырып тұруға болады.

10

Апта сайынғы хаттар

Ата- аналарға жолданған апта сайынғы хаттар баланың бақшадағы сүйікті сабақтары туралы хабарлап тұрады.

11

Дәстүрден тыс хаттар

Тәрбиешілер балаға үйіне бүгінгі күні баланың игерген жаңа машықтары туралы хабарлап, оларға сол үшін алғыс білдіретін қысқаша хаттарды жіберіп тұруларына болады.

12

Жеке блокноттар

Мұндай блокноттар отбасы мен тәрбиеші арасын жақындата, тәрбиешінің отбасындағы мерке, туған күндер,жаңа жұмыс, саяхаттары және қонақтары жайында біліп тұруына көмек болады.

13

Хабарландыру тақтайшасы

Хабарландыру тақтайшасы, ол ата- аналарға бүгінгі сабақ, жиналыстар мен кейбір кеңестер, сонымен қатар басқа ақпараттар туралы хабарлап тұрады.

14

Ұсыныстар жәшігі

Ата- аналардың өз идеялары, ұсыныстары салынған жәшік ата- аналардың тәрбиешілер тобымен ой бөлісуге мүмкіндік береді.

15

Есеп берулер

Жазбаша есеп берулер-ол отбасымен дәстүрлі қарым- қатынас тәсілі. Ол пайдалы араласу формасы олғанмен, оның жеке байланыстарға айналып кетпеуін қадағалаған жөн.




Ата- аналарға көптеген рөлдер жасаңыз. Ата- аналар бағдарламада түрлі дәстүрлі және дәстүрден тыс рөлдер ойнай алады.

16

Топ қонағы

Балаларды бақылау және олармен ойнау үшін келетін ата- аналарды мадақтау қажет.

17

Өз еркімен қатысушы

Ата- аналар мен балаларда бірдей қызығушылықтары мен машықтары болуы мүмкін. Үлкендер тәрбиешілерге саханалауларға қатысып, іс- шараларды ұйымдастыруға және жобаларға материалдар жинауға, топ бөлмелерін жинастыру мен безендіруге көмектесе алады.




Ата- аналарға бағытталған жұмысты дамытыңыз.

Кейбір қызмет түрлері ата- аналарға бағытталуы тиіс.



18

Ата- аналарға ақпарат және оларды оқыту

Бағдарлама ата- аналарға қызықты болатын тақырыптар ұсына алады. Бұл жұмысты ата- аналар немесе тәрбиешілер ұйымдастыра алады.

19

Ата- аналар мен тәрбиешілердің дәстүрлен тыс кездесулері

Ата- аналар мен тәрбиешілерге жақын танысулары үшін мүмкіндік беру.

20

Коммуналдық ресурстарды қолдану

Бірде бір мектепке дейінгі бағдарлама әр отбасының барлық сұраныстарына жауап бере алмайды, бірақта ол отбасыларына жұмысқа орналасу, денсаулық пен балаға білім беру мен оны күту сияқты мәселелермен байланысты экономикалық сұрақтарды шешу үшін ресустар табуға көмектеседі.

21

Әдебиетпен алмасу

Ата- аналар қолдана алатын қызықты кітаптар, мақалалар, буклеттер мен бейне және дыбыс таспаларына бай кітапхана.




Ата- аналармен жұмыс үшін ұсыныстар. Төменде келтірілген кеңестер ата- аналардың белсенділігін арттыра түседі.

22

Ата- аналарға құрмет

Тәрбиешілер мен ата- аналар арасындағы өзара құрметті нығайта түсіңіздер.

23

Ата- аналардың қатысуын мадақтаңыздар.

Ата- аналардың бағдарламаға қалай қатысу керектігін түсіндіріп отырыңыз.

24

Ата- аналардың қатысу түрлерін түрлендіріп отырыңыз, әрдайым шығармашылық танытыңыз.

Әр отбасының әртүрлі қызығушылықтары, ресурстары мен өмір салттары бар. Бір отбасына жарайтын, екіншісіне келмейді.


25

Отбасыларының бағдарламаға қалайша көмек көрсете алуын өздері шешсін.

Отбасының бағдарламаға қатысу бағаланып, олар жағынан кез- келген көмек қабылданатындығын түсіндіруге тырыс.

26

Отбасыларымен ата- аналар мен тәрбиешілер сенімі туралы айтып отырыңыз.

Бағдарламаның басынан бастап қалай қарым- қатынас жасайтыныңызды талқылаңыз.

27

Шыдамы болыңыз

Ата- аналардың қатысуы –тәрбиешілер мен отбасылары үшін жаңа сала, ал қарым- қатынастар тұрғызу үшін уақыт қажет. Ата- аналар белсене қатысатын бағдарлама шағын кезеңдік нәтижелерден тұрады.

28

Отбасы мен баланың күшті жағына көп көңіл бөліңіз.

Ата- аналар мен тәрбиешлер барлық жұмысты жақсы жасап жатқандары жайында бір- бірінен өзара келісімді күтеді. Көңіл қойып бала мен отбасының күшті жақтарын атап отырыңыз «...тіпті тәжірибелі ата- ана, тәрбиеші де бала дамуындағы ерекше жұмысы үшін бірін- бірі рухтандырып отыруды қажетсінеді».

29

Тығыз байланыста болыңыз.

Әр тәрбиеші әр баланың отбасымен ең аз дегенде аптасына бір рет әңгіелесе алатындай ете біл.

30

Өз ризашылығыңызды білдіріңіз.

Олардың бағдарламаға қатысуын бағалайтыныңызды білдіріңіз.

31

Отбасын түгел қатыстыруға тырысыңыздар.

Әкелер мектепке дейінгі бағдарламалардан тыс қалады. Әкелер, ағалар мен әпкелерді және басқа отбасы мүшелерін қалайша шығармашылыұпен тарту туралы ойланыңыз.

32

Ата- аналардың жиналыстарға қатысуын мадақтап отырыңыз.

Жиналыстарды ата- аналарға ыңғайлы уақытта өткізіңіз. Ата- аналарға тәрбиешісіз жиналысты өздері өткізе алатындай, бала тәрбиесі бойынша қосымша ресурстарды табуға көмектесіңіз.

33

Құпия сақтаңыз

Сенім –әріптестікке негізделген байланыстың ажырамас бөлігі. Әр отбасы туралы толық құпия сақтаңыз.

34

Әріптестік машықтарын үйреніңіз

Ата- аналар және тәрбиешілермен олардың әріптестігін нығайту үшін бірлескен оқыту сабақтарын жүргізіңіздер.

35

Өз ауданыңыздағы басқа партнерлармен әріптестік жүргізіңіздер

Отбасылары бірнеше қызмет түрлеріне үміттенеді. Мектепке дейінгі бағдарлама отбасыларына барлық қызмет түрлерін бере алмайды, бірақ балалар мен ата- аналарға қызмет көрсете алатын басқа бағдарламалармен әріптестік жасай алады.

36

Отбасының мәселелері бойынша кеңес беру тобын құрыңыз.

Өздеріне тиесілі шешім қабылдау үрдісіне көп адам қатысса, олар соншалықты бұл нәтижеге жету үрдісіне көптеп кіріседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет