Принциптері



Pdf көрінісі
бет38/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

4.2 Екі жақты жазу жүйесі 
 
Шаруашылық операцияларының әсерінен кәсіпорын активтері мен 
олардың құралу көздерінің (меншікті капитал, міндеттемелер) құрамында 
болатын екі жақты өзгерістер бухгалтерлік есептің екі объектісіне өзгеріс 
енгізеді. Мысалы, есеп айырысу шотынан кассаға нақты ақша алынғанда, 
кассадағы ақша сомасы көбейеді, ал есеп айырысу шотындағы ақша азаяды. 
Жабдықтаушының шоты бойынша есеп айырысу шотынан ақша төленгенде, 
кәсіпорынның жабдықтаушыға берешек қарыз сомасы да, есеп айырысу 
шотындағы ақша да азаяды. 
Сөйтіп, кәсіпорында орындалған шаруашылық операциялары бухгалтерлік 
шоттарда екі жақты көрініс табады. Ол екі жақты жазу әдісін пайдалану арқылы 
жүзеге асырылады. 
Екі жақты жазу
деп - орындалған шаруашылық операциясының бір 
мезгілде бірдей сомаға екі шотта көрініс табуын, яғни бір шоттың дебетінде 
екіншісінің кредитінде жазылуын айтады. 
Мысал келтірейік: 
1.
Өндірістен 500000 теңгенің дайын өнімі кіріске алынды 
2. Ағымдағы банк шотынан 100000 теңге банктің қысқа мерзімді несиесі 
қайтарылды 
Бұл операцияларды екі жақты жазу әдісін пайдаланып шоттарда жазбас 
бұрын төмендегі үш кезеңді орындап алу қажет.
Бірінші кезең
. Орындалған шаруашылық операциясының мазмұнына қарай 
қандай есеп объектілерінің қамтылатындығы және оны бухгалтерлік есепте 
көрсету үшін қандай шоттар қатысатындығы айқындалады. 
Жоғарыда келтірілген бірінші операцияны бухгалтерлік есепте көрсету 
үшін активті «Дайын өнімң және «Негізгі өндірісң шоттары, ал екінші 
операцияны көрсету үшін активті «Ағымдағы банк шотындағы ақша 
қаражаттарың және пассивті « Қысқа мерзімді банк несиесің шоттары 
қатысады. 

Екінші кезең.
Шаруашылық операцияларының баланс валютасына тигізетін 
әсерін (азайтатынын, көбейтетінін немесе өзгеріссіз қалдыратындығын) анықтау 
қажет. Оған дәлел болатын шаруашылық операциясының типі (түрі). 
Жоғарыда келтіріліген операциялардың біріншісі баланстың тек 
«Активтерң бөлімінің баптарына әсерін тигізеді, яғни ол шаруашылық 
операцияларының бірінші типіне жатады. Бұл операцияның нәтижесінде баланс 
валютасы өзгермейді, ал екінші операция баланстың «Активтерң және 
«Міндеттемелерң бөлімдерінің баптарына әсерін тигізеді, яғни шаруашылық 
операцияларының төртінші типіне жатады. Бұл операцияның нәтижесінде 
баланстың «Активтерң бөлімінің де «Міндеттемелерң бөлімінің де жалпы 
жиынтығы азаяды. 
72 


 
Үшінші кезең.
Активті және пассивті шоттарға жазу схемасын негізге ала 
отырып, орындалған шаруашылық операциясы қатысушы шоттардың 
қайсысының дебетіне қайсысының кредитіне жазылатындығын анықтау қажет.
Өндірістен 500000 теңгенің дайын өнімін кіріске алу нәтижесінде активті 
«Дайын өнімң шотындағы қалдық 500000 теңгеге көбейеді, ол сома шоттың 
дебетіне жазылады, ал активті «Негізгі өндірісң шотындағы қалдық сол сомаға 
азаяды, ол аталмыш шоттың кредитіне жазылады. 
Ағымдағы банк шотынан 100000 теңге банктің қысқа мерзімді несиесі 
қайтарылғанда активті «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 
шотындағы қалдық 100000 теңгеге азаяды, ол сома шоттың кредитіне 
жазылады, пассивті « Қысқа мерзімді банк несиесің шотындағы қалдық та сол 
сомаға азаяды, ол шоттың дебетіне жазылады.
Осы айтылғандарды төмендегі суретте (4.4.) көрсетуге болады: 
1-
ші операция: 
 
Дебет Негізгі өндіріс Кредит
Дебет Дайын өнім Кредит 
1) 500000 1) 500000
 
2-
ші операция:
Ағымдағы банк 
шотындағы 
ақша қаражаттары
Дебет Кредит Дебет Қысқа мерзімді Банк несиесі Кредит 
2) 100000 2) 100000
Сурет 4.4 – Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік шоттарда екі
жақты жазу әдісімен бейнелеу 
Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік шоттарда екі жақты жазу 
әдісімен көрсетілуі нәтижесінде шоттардың дебетік айналымдарының 
жиынтығы олардың кредиттік айналымдарының жиынтық сомасына сәйкес 
келеді. Бухгалтерлік есепте екі жақты жазу әдісін қолдану баланстық тепе-
теңдікті қамтамсыз етеді. 
Кәсіпорында орындалған әрбір шаруашылық операциясын екі жақты жазу 
әдісінң көмегімен шоттарға жазу кезінде сол шоттардың арасында өзара 
байланыс пайда болады. Шаруашылық операцияларының екі жақты жазу 
әдісінің көмегімен жазылуы нәтижесінде шоттардың арасында пайда болатын 
байланысты 
шоттар корреспонденциясы
деп атайды. Екі жақты жазудың 
көмегімен бір-бірімен өзара байланысқан шоттарды 
корреспонденцияланушы 
шоттар
деп атайды. 
Шоттар корреспонденциясы 
қарапайым 
және 
күрделі
болады. 
73 


Орындалған шаруашылық операциясын бейнелеуде белгілі бір сомаға бір 
шот дебеттелініп, екінші шот кредиттелінетін шоттар корреспонденциясын 
қарапайым корреспонденция
деп атайды.
Мысалы, кассадан кәсіпорын жұмыскерлеріне 60000 теңге еңбек ақы 
төленді. Бұл операцияның сомасына - 60000 теңгеге «Кассадағы ұлттық валюта 
түріндегі нақты ақшаң шоты кредиттелініп, «Персоналмен еңбек ақы бойынша 
есеп айырысуң шоты дебеттелінеді. 
Орындалған шаруашылық операциясын бейнелеуде белгілі бір сомаға бір 
шот дебеттелініп бірнеше шоттар кредиттелінетін немесе керісінше, бірнеше 
шоттар дебеттелініп бір шот кредиттелінетін шоттар корреспонденциясын 
күрделі корреспонденция
деп атайды. 
Мысалы, 
1.
Негізгі өндіріске кәсіпорын қоймасынан 40000 теңгеге шикізаттар және 
20000 теңгеге босалқы бөлшектер босатылды. Бұл операцияның 
нәтижесінде – 60000 теңгеге «Негізгі өндірісң шоты дебеттелініп, 40000 
теңгеге «Шикізаттар мен материалдарң шоты, ал 20000 теңгеге 
«
Босалқы бөлшектерң шоты кредиттелінеді.

Дебет «Негізгі өндірісң- 60000 теңге, 

Кредит «Шикізаттар мен материалдарң –40000 теңге, 

Кредит «Босалқы бөлшектерң –20000 теңге. 
2.
Кәсіпорын қоймасына жабдықтаушыдан келіп түскен материалдық 
құндылықтар қабылданды: 
а) Босалқы бөлшектер – 70000 теңге 
ә) Құрылыс материалдары – 100000 теңге 
Бұл операция бойынша – 70000 теңгеге «Босалқы бөлшектерң шоты, 
100000 теңгеге «Құрылыс материалдарың шоты дебеттелініп, 170000 теңгеге 
«Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуң шоты 
кредиттелінеді. 
 
Дебет «Қосалқы бөлшектерң-70000 теңге 
Дебет «Құрылыс материалдарың –100000 теңге 
Кредит «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге

қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң –170000 теңге 
 
Шоттардың күрделі корреспонденциясын қолдану екі жақты жазуды 
бұзбайды, өйткені бірнеше шоттың дебеті (кредиті) бойынша жазулардың 
сомасы бір шоттың кредиті (дебеті) бойынша бухгалтерлік жазудың сомасына 
тең болады. 
Шаруашылық 
операцияларын 
бухгалтерлік 
шоттарға 
жазудың: 
хронологиялық, жүйелік және құрамдастырылған 
деп аталатын үш түрі 
болады. 
Хронологиялық жазу дегеніміз
– 
шаруашылық операцияларын орындалу 
ретіне қарай экономикалық тұрғыдан топтамастан жазу. 
74 


Жүйелі жазу дегеніміз

шаруашылық операцияларының шоттарда 
экономикалық мазмұнына қарай топтастырылып жазылуы. 
Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік шоттарда 
құрамдастырылған 
жазу
арқылы көрсетуде хронологиялық және жүйелі жазу ұштастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет