Капиталдың шоттары-
кәсіпорынның меншікті капиталының есебін
жүргізу үшін пайдаланылады. Оларға: жарғылық капитал, төленбеген капитал,
айналымнан шығарылып алынған капитал, қосымша төленбеген капитал,
резервтік капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) шоттары жатады.
Несие шоттары
–
мемлекет ішіндегі және шетелдегі банктерден, банктен
тыс мекемелерден алынған қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі мерзімге) және
ұзақ мерзімді (бір жылдан артық мерзімге) несиелер мен басқадай ұлттық және
шетелдік валютамен алынған қаржылар жөніндегі ақпараттарды жинақтауға
алынған.
Есеп айырысу шоттары
–
кәсіпорынның әртүрлі есеп айырысу
операцияларының есебін жүргізу үшін қолданылады. Олар активті және
пассивті болып бөлінеді.
Активті есеп айырысу шоттары –
сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің борыштары,еншілес (тәуелді) серіктестіктердің борыштары,
басқадай дебиторлық борыштар, берілген аванстар.
Пассивті есеп айырысу шоттарына:
дивиденд бойынша есеп айырысу,
бюджетпен есеп айырысу, еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық
борыштар, алынған аванстар, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп
айырысу, басқадай кредиторлық борыштар мен есептеулер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: