Принциптері



Pdf көрінісі
бет48/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Транзиттік шоттар – 
есепті кезеңнің аяғында есептен шығарылатын 
немесе өздері бұрын апарылып жүрген шоттарға көшірілетін кәсіпорынның 
экономикалық ресурстарының есепті кезеңнің ішіндегі және аяғындағы 
қалдықтары 
жөніндегі 
ақпараттарды 
көрсету 
үшін 
қолданылады. 
Пайдаланылуына байланысты олар транзиттік бір элементті шоттар және қаржы 
бухгалтериясы мен басқару бухгалтекриясын байланыстырушы транзиттік 
шоттар болып бөлінеді.
Транзиттік бір элементті шот
ретінде өнім өндіру (қызмет көрсету, 
жұмыстарды орындау) шығындарын олардың экономикалық мазмұнына сәйкес 
шығын элементтері бойынша топтастыратын шоттарды қарастыруға болады. 
Шығын элементтерінің шоттарына негізгі және көмекші өндірістер, әлеуметтік 
сала, қосалқы шығындарды жинақтау үшін: материалдық шығындар, еңбек ақы 
шығындары, еңбек ақыдан есептелінген аударымдар (әлеуметтік салық), негізгі 
құралдардың, материалдық емес активтердің амортизациясы, жалдық төлемдер
және т.б. шығындар шоттары жатады. Бұл шоттар бойынша есепті кезең ішінде 
жинақталған шығындар есепті кезеңнің аяғында негізгі, көмекші өндірістердің 
шоттарына және үстеме шығындарды жинақтаушы тиісті шоттарға көшіріледі. 
Қаржы және басқару бухгалтерияларын байланыстырушы транзиттік 
шоттарға
негізгі аяқталмаған өндіріс, меншікті өндірістің шалафабрикаттары, 
көмекші аяқталмаған өндірістер шоттары жатады. Есепті кезеңнің аяғында 
аяқталмаған өндіріске түгелдеу жүргізу тізімдемесінде айқындалған қорытынды 
мәліметтерге сәйкес өндірістік есеп (негізгі өндіріс, көмекші өндіріс, меншікті 
өндірістің шалафабрикаттары және әлеуметтік сала) шоттарында анықталған 
аяқталмаған өндіріс сомалары сол шоттардың кредитінен қаржы 
бухгалтериясындағы негізгі, көмекші аяқталмаған өндірістер, меншікті 
өндірістің шалафабрикаттары және басқа аяқталмаған өндірістер шоттарының 
дебетіне көшіріледі. Ол шоттарда аяқталмаған өндіріс сомалары бір немесе екі 
күн ғана есепке алынады. Мысалы, есепті жылдың 31 желтоқсанында мынадай 
88 


жазу орындалады: негізгі және көмекші аяқталмаған өндірістер, меншікті 
өндірістің шалафабрикаттары шоттары дебеттелініп, негізгі өндіріс, көмекші 
өндіріс, меншікті өндірістің шалафабрикаттары шоттары кредиттеледі, ал есепті 
жылдан кейінгі жылдың бірінші немесе екінші қаңтарында керісінше жазу 
орындалады. Нәтижесінде бірінші бухгалтерлік жазу аяқталмаған өндіріс 
шоттары бойынша қалдықтарды Бас кітапта және баланста көрсетуге мүмкіндік 
береді, ал жаңа есепті жылдағы керісінше жазудың нәтижесінде, аяқталмаған 
өндіріс сомасы өндірістік есеп шоттарына қайтарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет