Принциптері



Pdf көрінісі
бет51/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері


“Міндеттемелер” бөлімі
әр түрлі заңды және жеке тұлғалармен есеп 
айырысу бойынша субъектінің міндеттемелерінің барлық түрлері, сонымен 
бірге субъектінің шаруашылық қызметін қаржыландыру үшін сырттан алынған 
қаржылардың жағдайы жөніндегі ақпараттарды жинақтауға арналған
бөлімшенің синтетикалық шоттарынан тұрады. Ол шоттардың барлығы (611 
92 


шоттан басқасы) субъектінің сырттан алған капиталын бейнелейтін пассивті 
шоттар. 
“Несиелер” бөлімшесінің шоттары мемлекет террито-риясындағы және 
шет елдерден, банктен тыс мекемелерден алынған қысқа және ұзақ мерзімді 
несиелер мен ұлттық және шетелдік валюта түріндегі басқа да қаржылар 
жөніндегі ақпараттарды жинақтауға арналған. 
“Алдағы кезеңнің есебіне жататын табыстар” бөлімшесі есепті кезеңде 
алынған (есептелінген), бірақ алдағы есепті кезеңдерге жатқызылатын табыстар 
(жалдық төлем, пәтерге жасалынған төлем, коммуналдық қызмет үшін 
жасалынған төлемдер, байланыс қызметі үшін абоненттік төлемдер және т.б. 
сол сияқты табыстар) жөніндегі ақпараттарды есепке алатын өзі аттас бір ғана 
шоттан тұрады. 
“Дивидендтер бойынша есеп айырысу” бөлімшесінің шоттарында
акцоинерлерге оларға тиесілі акциялар бойынша дивиденд төлеу бойынша 
субъектінің борыштары жөніндегі ақпараттар көрсетіледі. 
“Бюджетпен есеп айырысу” бөлімшесінің шоттары салықтар және басқа 
төлемдер бойынша субъектінің бюджетке кредиторлық борыштары жөніндегі 
ақпараттарды жинақтауға арналған. 
“Еншілес (тәуелді) серіктестіктерге кредиторлық борыш” бөлімшесі 
субъектінің еншілес (тәуелді) серіктестіктерге және бірлесіп бақыланатын 
заңды тұлғаларға борыштары жөніндегі мәліметтерді жинақтауға арналған 
шоттарды біріктіреді. 
“Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу” бөлімшесінің 
шоттарында субъектінің мүлікті және жеке өмірді сақтандаруы бойынша есеп 
айырысу операцияларының, сонымен бірге зейнет ақы қорымен есеп айырысу 
операцияларының есебі жүргізіледі. 
“Алынған аванстар” бөлімшесінің шоттары субъектінің жөнелтілетін 
тауарлы-материалдық босалқылар үшін, сонымен бірге орындалатын жұмыстар, 
көрсетілетін қызмет үшін алдын ала алынған авансы жөніндегі ақпараттарды 
жинақтауға арналған. 
“Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу” бөлімшесі 
субъектінің жабдықтаушылармен және мердігерлермен олардан алынған 
тауарлы- материалдық босалқылар, айналымнан тыс активтер, орындалған 
жұмыстар және пайдаланылған қызметтер бойынша есеп айырысуы жөніндегі 
ақпараттарды жинақтаушы өзі аттас бір ғана шоттан тұрады. 
“Басқа да кредиторлық борыштар және есептеулер” бөлімшесінің 
шоттарында субъектінің еңбек ақы бойынша, жалдық төлемдер, алынған 
несиелер, жалдау келісім- шарттары және шығарылған құнды қағаздар бойынша 
есептелінген проценттер және жоғарыдағы бөлімшелерде аталмаған субъектінің 
басқа да борыштары жөніндегі ақпараттар жинақталады. 
93 


“Табыстар” бөлімі өнімдерді сатып-өткізуден (жұмыстарды орындаудан, 
қызмет көрсетуден) алынған табыстар және басқадай табыстар, сонымен бірге 
сатылған тауарлардың қайтарылуы және сатуға, бағаға жеңілдіктер жөніндегі 
ақпараттарды жинақтау үшін пайдаланылатын 3 бөлімшенің пассивті күрделі 
шоттарынан тұрады.
“Негізгі қызметтен түскен табыс” бөлімшесінің шоттарында субъектінің 
негізгі қызметтен (өнімді сатып-өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызмет 
көрсетуден) алынған табыстар жөніндегі ақпараттар жинақталады. 
“Сатылған тауарларды қайтару және сату кезінде берілетін жеңілдік, 
сондай-ақ бағаны кеміту” бөлімшесінің шоттары сатылған тауарлардың, 
айналымнан тыс активтердің, т.б. қайтарылуы, келісім-шарттарға сәйкес сатуға 
берілген жеңілдіктер, сондай-ақ, сатып-өткізілген өнімдерден табылған 
ақауларға байланысты бағаны кеміту және тағы басқа ақпараттарды жинақтау 
үшін пайдаланылады. 

Қосалқы қызметтен алынған табыс” бөлімшесінің шоттарында
субъектінің негізгі емес қызметінен алынған табыстардың сомасы жөніндегі 
ақпараттар жинақталады. 
І “Шығыстар”
бөлімі сатып-өткізілген өнімдердің (жұмыстардың, 
қызметтердің өзіндік құнын, сонымен бірге осы өнімдерді (жұмыстарды, 
қызметтерді), айналымнан тыс актвитерді, құнды қағаздарды және т.б. сатып-
өткізуге байланысты басқа да шығыстар жөніндегі ақпараттарды жинақтауға 
арналған 8 бөлімшенің активті шоттарынан тұрады. 
“Сатып-өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік 
құны 
бөлімшесінде 
сатып-өткізілген 
тауарлардың 
(жұмыстардың, 
қызметтердің) өзіндік құны туралы ақпараттарды жинақтауға арналған шоттар 
(801-
808) қарастырылған. 
“Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып-өткізу бойынша 
шығыстар” бөлімшесі тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатып-өткізуге 
байланысты шығыстар туралы ақпараттарды жинақтауға арналған өзі аттас бір 
ғана шоттан тұрады. 
“Жалпы және әкімшілік шығыстары” бөлімшесі де өзі аттас өндіріс 
процессімен байланысты емес басқару және шаруашылық шығындары туралы 
ақпараттарды жинақтаушы бір шоттан тұрады. 
“Проценттер бойынша шығыстар” бөлімшесі алынған несиелер, 
шығарылған құнды қағаздар және жалдау келісім-шарттары бойынша 
проценттер төлеу шығыстары жөніндегі ақпараттарды жинақтаушы өзі аттас 
шоттан тұрады. 
“Қосалқы қызмет бойынша шығыстар” бөлімшесінде сатып-өткізілген 
айналымнан тыс активтердің және құнды қағаздардың құнын есептен шығару, 
сондай-ақ бағамдық айырмашылықтан туындаған шығыстар жөніндегі 
ақпараттарды жинақтаушы шоттар қарастырылған. 
94 


“Табыс салығы бойынша шығыстар” бөлімшесі заңды тұлғаның есепті 
кезеңде алған табысына салынған салыққа байланысты шығыстар жөніндегі 
ақпараттарды жинақтаушы өзі аттас бір шоттан тұрады. 
“Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан алынған табыс 
(зиян)” бөлімшесінің шоттарында табиғат апатының нәтижесінде алынған 
табыстар және зиян немесе субъектінің кәдімгі қызметінен бөлек іс әрекетінен 
(қызметінің жеке бағыты бар филиалды жою немесе сатып-өткізу) алынған 
табыстар және шығыстар (зиян) жөніндегі ақпараттар жинақталады. 
“Басқа ұйымдарға үлестік қатысудан алынған пайда (зиян) бөлімшесі 
еншілес, тәуелді серіктестіктерге және бірлесіп бақыланытын заңды тұлғаларға 
салынған инвестициялардан алынған табыстар және шығыстар жөніндегі 
ақпарттарды жинақтаушы өзі аттас бір ғана синтетикалық шоттан тұрады. 
 
“Негізгі өндіріс” бөлімінде
субъектінің өнім өндірумен (жұмыстарды 
орындаумен, қызмет көрсетумен) байланысты, сонымен бірге қызмет көрсетуші 
өндірістер мен шаруашылықтарда өнім шығару, жұмыстарды орындау, қызмет 
көрсетумен байланысты шығындары жөніндегі ақпараттарды жинақтаушы 6 
бөлімшенің активті синтетикалық шоттары топтастырылған. 
Төменде 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген, Қазақстан 
Республикасы аумағында барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер (банк 
және бюджеттік мекемелерден басқа) пайдаланатын шаруашылық жүргізуші 
субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің Типтік 
шоттар жоспары келтірілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет