Принциптері



Pdf көрінісі
бет50/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

“Тауарлы-материалдық 
босалқылар” 
бөлімі
“Материалдар”,
“Аяқталмаған өнідіріс”, “Тауарлар” бөлімшелерінің активті синтетикалық 
шоттарынан тұрады. 
“Материалдар” бөлімшесінің шоттарында кәсіпорынға тиесілі 
материалдық құндылықтардың бары мен олардың қозғалысы жөніндегі 
ақпараттар жинақталады. 
“Аяқталмаған өндіріс” бөлімшесінің шоттары субъектінің өнідіріс 
салаларындағы аяқталмаған өндірістің құны жөніндегі ақпараттарды жинақтау 
үшін пайдаланылады. 
“Тауарлар” бөлімшесінің шоттарында дайын өнімдердің және сатылып-
алынған тауарлардың бары мен олардың қозғалысының есебі жүргізіледі. 
“Дебиторлық борыштар және басқа да активтер” бөлімі
дебиторлық 
борыштардың барлық түрлері (сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің, 
еншілес, тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың 
қарыздары және басқа да дебиторлық қарыздар), сонымен бірге алдағы 
уақыттың есебіне жататын шығындар мен берілген аванстар жөніндегі 
ақпараттарды жинақтауға арналған 6 бөлімшенің шоттарынан тұрады. 
“Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары” бөлімшесінің 
активті шоттары әр түрлі субъектілреге сатып алушылар мен тапсырыс 
берушілердің борыштары жөніндегі ақпараттарды жинақтау үшін 
пайдаланылады. 
“Күмәнді борыштар бойынша резервтер” бөлімшесі өзі аттас бір ғана 
пассивті шоттан тұрады. Ол шот күмәнді борыштар бойынша резервтердің 
бары мен олардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жинақтау үшін 
пайдаланылады. 
Еншілес (тәуелді) серіктестіктер және бірлесіп бақыланатын заңды 
тұлғалардың ағымдағы дебиторлық борыштарының барлық түрлері жөніндегі 
ақпараттар “Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштары” 
бөлімшесінің тиісті синтетикалық шотттарында жинақталады. 
“Басқа да дебиторлық борыштар” бөлімшесінің шоттарында алдыңғы 
бөлімшелердің шоттарында қарастырылмаған басқа да дебиторлық борыштар 
жөніндегі ақпараттар (орны толтырылуға тиісті қосылған құн салығы, 
есептелінген проценттер, кәсіпорын қызметкерлерінің және басқа тұлғалардың 
борыштары т.б.) жинақталады. 
“Алдағы кезеңнің есебіне жататын шығыстар” бөлімшесінің шоттары ( осы 
есепті кезеңде пайда болған, бірақ алдағы (болашақ) есепті кезеңдерге 
жатқызылатын шығыстар жөніндегі ақпараттарды жинақтау үшін 
пайдаланылады. 
“Берілген аванстар” бөлімшесінің шоттарында тауарлы-материалдық 
құндылықтармен жабдықтау үшін немесе орындалатын жұмыстар мен 
91 


көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар жөніндегі мәліметтер 
жинақталады. 
 
“Ақша қаражаттары” бөлімінің
шоттары) субъектінің кассасындағы 
және банкте ашылған шоттарындағы ұлттық валюта және шетелдік валюта 
түріндегі ақша қаражаттарының, қаржылық инвестициялардың бары мен
олардың қозғалысы жөініндегі ақпараттарды жинақтау үшін пайдаланылады. 
 
“Меншікті капитал” бөлімі
субъектінің меншікті кпиталының жағдайы 
(бары) мен оның қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жинақтауға арналған
бөлімшенің шоттарынан тұрады. 
“Жарғылық капитал” бөлімшесінің пассивті шоттары субъектінің 
жарғылық капиталының жағдайы (бары) мен оның қозғалысы жөніндегі 
ақпараттарды жинақтауға арналған. 
“Төленбеген капитал” бөлімшесі өзі аттас бір ғана шоттан тұрады. Бұл 
шотта акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлесі бойынша 
акционерлердің қарыздарының сомасы жөніндегі ақпараттар жинақталады. 
“Қайтарып алынған капитал” бөлімшесінде айналымнан алып тастау 
мақсатында акционерлерден қайтарып алынған меншікті акциялар жөніндегі 
ақпараттарды жинақтаушы өзі аттас бір шот қаралған. 
“Қосымша төленген капитал” бөлімшесінің осы аттас пассивті шотында
меншікті акциялардың сатып-өткізу құнының олардың номиналдық құнынан 
артық сомасы (эмиссиялық табыс) жөніндегі ақпараттар жинақталады. 
“Қосымша төленбеген капитал” бөлімшесі негізгі құралдарды және 
инвестицияларды қайта бағалау сомаларының бары мен олардың қозғалысы 
жөніндегі ақпараттарды жинақтаушы пассивті шоттардан тұрады. 
“Резервтік капитал” бөлімшесінің шоттары заңдарға және құрылтай 
құжаттарына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің таза табысының 
есебінен құрылып, есепті жылдың табысы болмаған жағдайда дивидендтер және 
серіктестік қатысушыларына табыс төлеуге пайдаланылатын субъектінің 
резервтік капиталының жағдайы (бары) және оның қозғалысы жөніндегі 
ақпараттарды жинақтауға арналған. 
“Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) бөлімшесінің шоттарында
бөлінбеген табыс немес жабылмаған зиянның сомаларының бары мен олардың 
қозғалысы жөніндегі ақпараттар жинақталады. 
“Жиынтық табыс (зиян)” бөлімшесі субъектінің есепті кезеңдегі жиынтық 
табысын (зиянын) анықтауға арналған өзі аттас шоттан тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет