Принциптері



Pdf көрінісі
бет47/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Реттеуші шоттар 
тұрақты (баланстық) шоттардың екінші тобын 
құрайды. Олар контрарлық және қосымша шоттар болып бөлінеді.
Контрарлық шоттар
реттелуші объектінің бағасын (құнын) анықтау үшін 
қажет және олардың дербес мәні жоқ. Олар контрактивті және контрпассивті 
болып екі топқа бөлінеді. 
Контрактивті шоттардың
көмегімен кәсіпорынның ұзақ мерзімді 
активтерінің /негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің/ құны 
реттеледі. Ондай шоттарға материалдық емес активтердің амортизациясы және 
негізгі құралдардың тозуы бөлімшелерінің шоттары жатады.
 
Контрпассивті шоттар
арқылы тауарларды сатып-өткізу кезінде берілген 
жеңілдіктерге байланысты, сонымен бірге бағаны кеміту кезінде тауарлардың 
бағасы реттеледі (анықталады). Ондай шоттарға сату кезінде берілген 
жеңілдіктер, бағаны кеміту шоттары жатады. 

 
Қосымша шоттар – 
реттелуші объектілердің сомасын өсіру үшін 
пайдаланылады. Қосымша шоттарда есепке алынған сомалар реттелуші 
объектінің бастапқы құнына қосылады немесе одан алынып тасталынады. 
Қосымша шоттарға негізгі құралдарды, инвестицияларды қайта бағалаудан 
алынған қосымша төленбеген капитал шоттары жатады.
Уақытша шоттар – 
белгілі бір есепті кезеңде (жыл, ай) нольдік 
сальдомен ашылады, сол кезеңнің ішінде дебеттік және кредиттік айналым 
сомалары жинақталып, кезеңнің аяғында ақырғы сальдо сомалары тиісті 
86 


шоттарға көшіріледі. Сондықтан есепті кезеңнің аяғында сальдо болмайды. 
Олар операциялық және транзиттік шоттарға бөлінеді.
 
Операциялық шоттар – 
негізінен шаруашылық процестерінің есебін 
жүргізу үшін пайдаланылады. Олар төмендегі топтарға бөлінеді:
Бөліп-таратушы шоттар 
бөліп таратуға жататын шығындардың есебін 
жүргізуге және оларды бөліп-таратуға арналған. 
Бөліп-таратушы шоттар 
жинақтап бөліп-таратушы 
және 
бюджеттік 
бөліп-таратушы шоттар
болып екі топқа бөлінеді. 
Жинақтап бөліп-таратушы шоттар 
өндірістік кәсіпорындарда белгілі бір 
есеп объектісі бойынша шығындардың шоттарына алдағы уақытта бөліп тарату 
және есептен шығару мақсатында қызмет көрсету және басқару бойынша 
өндірістік шығындардың есебін жүргізу үшін пайдаланылады. Ондай шоттарға, 
мысалы Типтік шоттар жоспарының «Үстеме шығыстарң бөлімшесінің 
шоттары жатады. 
Бюджеттік бөліп-таратушы шоттар
жұмсалған қаржыларды өндіріс 
шығынына тең мөлшерде енгізу немесе алынған табысты бухгалтерлік есепте 
дұрыс көрсету мақсатымен шектес есепті кезеңдер арасындағы шығындар мен 
табысты есептеуге және бөліп-таратуға арналған. Ондай кезеңдер болып келе 
жатқан айлар, жылдар және т.б. табылады. Бюджеттік бөліп-таратушы 
шоттардың көмегімен бұрынырақ шығарылған шығыстар немесе алынған 
табыстар тиісті кезеңнің шығыстарының немесе табыстарының құрамына 
енгізіледі. Бюджеттік бөліп-таратушы шоттарға алдағы кезеңнің есебіне 
жататын шығындар, алдағы кезеңнің есебіне жататын табыстар бөлімшелерінің 
шоттары жатады. 
Калькуляциялық шоттар 
өндірістік шығындарды жинақтауға және 
өндіріліген өнімнің, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір 
өлшемінің өзіндік құнын анықтауға арналған. Бұл шоттар активті күрделі.
Калькуляциялық шоттарға негізгі өндіріс, көмекші өндіріс және т.б. 
салалардың шоттары жатады. 
Салыстырушы шоттар
олардың дебеті мен кредитінде есептелген 
мәліметтерді салыстыру жолымен кәсіпорынның шаруашылық қызметінің 
қаржылық нәтижесін анықтау үшін пайдаланылады. Салыстырушы шоттардың 
ерекшелігі - олардың әрқайсысында негізінен өзінің мазмұны бойынша екі 
түрлі есеп объектісі есепке алынады. Оған 5610 «Жиынтық пайда ( жиынтық 
зиян)ң шоты жатады. 
Бюджеттік шоттар 
негізінен кәсіпорынның бюджет үшін айқындалатын 
табыстары (кірістері) мен шығыстарын есепке алу үшін пайдаланылады. Олар 
табыстар (кірістер) және шығыстар шоттары болып бөлінеді.
Табыстар (кірістер) шоттары
өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) 
сатып өткізуден алынған табыстар мен басқадай табыстар жөніндегі 
ақпараттарды жинақтау үшін пайдаланылады. Оларға негізгі қызметтен түскен 
87 


табыстар (дайын өнімді, жұмысты, қызметті, тауарларды сатып өткізуден 
түскен табыс), негізгі емес (қосалқы) қызметтен түскен табыстар (материалдық 
емес активтерді, негізгі құралдарды, құнды қағаздарды сатып өткізуден түскен 
табыс, бағамдық айырмашылықтар және басқалар) жатады. 
Шығыстардың шоттары 
сатып өткізілген өнімдердің (жұмыстардың, 
қызметтердің) өзіндік құнын, сонымен бірге осы өнімдерді (жұмыстарды, 
қызметтерді), айналымнан тыс активтерді, құнды қағаздарды және т.б. сатып 
өткізуге байланысты басқадай шығыстарды көрсетуге арналған. Ондай 
шоттарға сатып-өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік 
құны, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып өткізу шығыстары, 
процент бойынша шығыстар, жалпы және әкімшілік шығыстары, негізгі емес 
(қызмет) бойынша шығыстар, табыс салығы бойынша шығыстар көрсетілетін 
шоттар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет