Принциптері



Pdf көрінісі
бет101/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Төлем тапсырмасы 
Кәсіпорынның қызмет көрсетуші банкке өзінің есеп айырысу шотынан басқа 
кәсіпорынның шотына белгілі бір соманы аударуға берген тапсырмасы. 
Төлем тапсырмасы арқылы сатып алынған тауарларға, атқарылған 
жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге тиісті төлем жүзеге асырылады, 
салықтар және басқадай төлемдер жасалынады, жинақ банкісінің 
бөлімшелері арқылы кәсіпорын қызметшілерінің еңбек ақысы төленеді. 
Ал мұндай тапсырманы алған банк осындай нұсқауды алғаннан кейін оны 
акцептеуге немесе акцептеуден себепті түрдетартуы тиісті. Төлеуші банк 
төлем тапсырмасын акцептеген жағдайда, кәсіпорын акцептелген төлем 
тапсырмасының орындалуын талап етуге құқылы.
Чек 
Чек беру- төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі, бұл жағдайда төлем, чек 
кітапшасының иесі өзінің партнерының (кредиторының) атына, жазып 
берілген чек арқылы жасалады. Яғни, чек иесі (чек беруші) партнерына 
(кредиторына) ақшаны есеп айырысу шотынан алуға тапсырма береді, бұл 
тапсырма партнердың атына жазылған чекпен рәсімделеді, чекті алған 
партнер (чек ұстаушы) төлем жасаушы банкке чек құжатын ұсынады. Ал 
төлем жасаушы банк чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға тиісті тәртіп 
бойынша төлеп беруі қажет. Чек беру сәті, чек берушінің төлем 
міндеттемесін орындалғандығын білдірмейді, төлем міндеттемесі чек 
бойынша ақша алынған кезде ғана орындалады. Чектер жабылған және 
жабылмаған чектер болып бөлінеді. Чек төлемі бойынша есеп айырысу үшін, 
чек кітапшасын аштырған тұлға, банкке алдын ала салынған депозитпен 
қамтамасыз етілген чектер
жабылған чектер
болып табылады. Депозитпен 
алдын ала қамтамасыз етілмеген чектер 
жабылмаған чектер
болып 
табылады. Чектерде олардың төлемі жөнінде, оның ішінде жабылмаған 
чектер бойынша да, банктің кепілдемесі болуы мүмкін. Чекті пайдалануға 
байланысты құқықтары мен міндеттер, чек кітапшасын аштырған тұлға мен 
қызмет көрсетуші банктің арасындағы, чектерді пайдалану туралы келісім 
шарт негізінде айқындалады. Ал, атына чек жазылған тұлғаның құқықтары 
чек иесінен чекті алған сәттен бастап туындайды.
Аталған құқықтар мен міндеттер чек беруші чекті берген сәттен бастап іске 
асырылады.
Чек ұстаушы онда көрсетілген ақша сомасын чек берушінің банкінен талап 
етуге құқылы. Чек ұстаушы ұсынған чекті чек берушінің банкі төлейді 
171 


немесе оны Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық 
актілерінде көзделген мерзімде және «Ақша төлемі және аударымы туралың 
Заңның 18 – бабында белгіленген негіздер бойынша төлеуден себепті 
түрдетартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет