Принциптері



Pdf көрінісі
бет103/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Талап - төлем тапсырмасы
Төлем жасаушының банкі талап-төлем тапсырмасын төлем жасаушының 
акцепті болғанда ғана орындауға тиісті.
Талап-төлем тапсырмасын пайдалану бойынша құқықтар мен міндеттер, 
төлем жасаушының талап-төлем тапсырма құжатын қызмет көрсететін 
банкке ұсынған сәттен бастап, туындайды.
Ақша төлеушінің банкі талап-төлем тапсырмасын алған күннен кейінгі бір 
жұмыс күнінен кешіктірмей, құжатты ақша төлеуші кәсіпорынға акцептеу 
үшін беруге тиісті. Ақшаны төлеуші кәсіпорын төлем-талап тапсырмасын 
172 


алғаннан кейін оны акцептеуге немесе оны акцептеуден дәлелді түрдетартуға 
тиісті. Ақша төлеуші талап-төлем тапсырмасын акцептеген жағдайда, 
төлемді талап етуші үшінші жақ ақша аударымын жүзеге асыру жөнінде 
банкке талап етуге құқығы бар.
Инкассалық өкім 
Инкассалық өкім
– 
төлем жасаушы тұлғаның банктегі шотынан оның 
келісімінсіз ақшаны төлетудің әдісі. 
Инкассалық өкімдер - клиенттің банк шотындағы ақшасын оның келісімінсіз 
алып қою, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер 
бойынша және заң актілерінде айқындалған реттілікті сақтай отырып, 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Инкассалық өкімнің бастамашысы (инициаторы) төлеушінің банкіне 
инкассалық өкіммен бірге, мұндай шешімді қабылдауға негіз болған дәлелді 
құжаттардың түп нұсқасын немесе көшірмесін міндетті түрде ұсынуы керек. 
Инкассалық өкімде төлемнің мақсаты және төлеушінің келісімінсіз ақшаны 
төлетуде қандай заңдық актіге сүйенгендігі анықтап жазылуы қажет.
Төлемді талап етуші тұлға банкке инкасалық өкімді ұсынған сәттен бастап 
төлемге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері іс жүзіне енеді. 
Төлем жасаушының банкі инкассалық өкімді алғаннан кейін, оны акцептеуі 
тиіс немесе жазбаша түрде себептерін айқындап, акцептеудентартады. Егер 
банк, төлемді талап етушінің инкассалық өкімін акцептеген болса, онда 
төлемді талап етуші тұлға ақшаны аударуын банктен талап ете алады. 
Төлем жасаушының келісімінсіз, ақша төлемін жүзеге асыру процессіне 
төлемді талап етуші тұлға жауапкершілік алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет