Принциптері



Pdf көрінісі
бет102/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Вексель 
Вексельдерді төлем тәсілі ретінде қолдану Қазақстан Республикасының 
вексель айналысы туралы Заңдарымен реттеледі. 
Төлем карточкасы 
Төлем карточкасының эмитенті белгілеген шарттар бойынша төлем 
карточкасының иесі төлемді жүзеге асырады, нақты ақшаны алуына 
мүмкіндік туады, валюта айырбастау және басқадай операцияларды жүзеге 
асыра алады.
Төлем карточкасы бойынша төлем жасау, төлем карточкасының эмитенті 
болып табылатын банк пен төлем карточкасының қызметін пайдаланушы 
ұйымның арасында құрылған, келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.
Төлемнің бұл түрін жүзеге асыруда қатысушылардың (банк пен кәсіпорын) 
төлем карточкаларын пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері 
кәсіпорынның төлем карточкасын пайдалану туралы банкке келісім берген 
кезден бастап туындайды. Мұндай келісім екі жақтың мақұлдаған келісім 
шартымен рәсімделеді.
Кәсіпорын белгіленген төлемді келісім жасасқан банктен талап етуге 
құқылы. Ал қызмет көрсетуші банк өз тарапынан кәсіпорынның талап еткен 
ақша сомасын (ол сома мөлшері алдын-ала кәсіпорын мен банк арасында 
өзара келісіледі) төлеуге міндетті.
Банк шотын тікелей дебеттеу 
Банк шотын тікелей дебеттеу арқылы төлем жасау, тауарлардың жеткізіліп 
берілгенін, жұмыстың орындалғанын, қызметтің көрсетілгенін растайтын, 
бенефициар ұсынған құжаттар негізінде жүзеге асырылады. Банкке 
ұсынылатын құжаттардың тізімі ақша төлеуші мен бенфициар арасында 
жасалған келісім-шартта анықталады.
Ақша төлеушінің және оған қызмет көрсетуші банктің банк шоттарын 
тікелей дебеттеу арқылы төлемді жүзеге асыру бойынша құқықтары мен 
міндеттері, екі жақтың өзара құрған келісім-шарты жасалған сәттен бастап 
туындайды. Банк осы келісім-шартта көзделген ақша сомасының мөлшерін 
және белгіленген уақыт кезеңі шегінде төлем тапсырмасын ұсынған үшінші 
жақтың тапсырмасын орындауға міндет алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет