Принциптері



Pdf көрінісі
бет110/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
7.3 
Дебиторлық борыштардың есебі 
 
Дебиторлық борыштардың танылуы және бағалануы 
 
Кәсіпорынның шаруашылық, өндірістік қызметі барысында сатып 
өткізілген өнімдері (тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін, алынған 
вексельдер бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің 
борыштары және есеп беруге тиісті тұлғалардың өтелмеген борыштары 
дебиторлық борыштар 
болып табылады. 
Дебиторлық борыштардың құрамында кәсіпорынның төмендегі 
қарыздары есепке алынады: 
-
алынуға тиісті борыштар; 
-
алынған вексельдер; 
186 


-
кәсіпорынның есеп беруге тиісті тұлғаларының борыштары; 
-
ағымдағы активтерді сатып алу үшін төленген аванстық
төлемдер; 
-
негізгі шаруашылық серіктестік және оның еншілес серіктестіктері 
арасындағы операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық 
борыштар; 
-
басқадай дебиторлық борыштар.
 
Алынуға тиісті шоттар 
– 
кәсіпорынның сатып өткізілген өнімдері 
(тауарлары, жұмыстары, қызметтері) үшін сатып алушылар мен тапсырыс 
берушілерден қайтарылып алынуға тиісті борыштары.
Бухгалтерлік баланста көрсетілген «Алынуға тиісті борыштарң бабы
шот-фактуралармен, ал «Алынған вексельдерң бабы ресми қарыздық 
міндеттемелермен расталады.
Сауда дебиторлық борышы – бұл негізгі қызмет нәтижесінде сатып 
алған тауарлар, қабылдаған қызметтер және жұмыстар үшін сатып 
алушылардың сатып өткізуші кәсіпорын алдындағы міндеттемесі. Ал 
басқадай барлық дебиторлық борыштар саудалық емес дебиторлық борыш 
болып танылады. 
Әдетте, төлеу мерзімі ретінде 30 күннен 60 күнге дейінгі уақыт 
аралығын есептеу қабылданған. Егер борыштың қайтарылуы осы мерзімнен 
асып кетсе, онда мұндай дебиторлық борыш төлеу мерзімінен кешіктірілген 
болып есептелінеді. 
Шаруашылық қызметі барысында кейбір қайтарылынып алынуға тиісті 
шоттардың кредиттік сальдосы (алдын ала төлем немесе артық төлем 
жасалған жағдайда) болуы мүмкін, ондай шоттар қайта жіктелінеді және есеп 
беру кезінде олар міндеттеме ретінде қарастырылуға тиісті. Бұл кредиттік 
сальдолар дебиторлық борыштар баптарына енгізілмейді.
Қаржы қызметкерлері дебиторлық борыштарды инкассациялауға 
(дебиторлық борыштың айналымы) шешім қабылдау үшін қарыздың өтелуге 
тиісті орташа күнін анықтап алуды көздейді. Есептеу принципіне сәйкес 
кәсіпорынның табысы пайда болған сәттен бастап, дебиторлық борыш та 
танылады. Дебиторлық борыш, бастапқы пайда болған борыштан күмәнді 
борыштарға жүргізілген түзету сомасын, бағаны кемітулерді және 
қайтарылған тауарларды шегеріп тастағаннан кейін бағаланады. Нәтижесінде 
қайтарылып алынуға тиісті борыштардың нақты құны анықталады. Сатып 
өткізу мен төлем жасау мерзімінің арасындағы әдеттегі мерзім қысқа 
болғандықтан проценттер есепке алынбайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет