Принциптері



Pdf көрінісі
бет106/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
Бағамдық айырмашылық
дегеніміз – бұл, шетелдік валюта сомасының 
ұлттық валюта теңгеге қатысты бағамы өзгерген жағдайда оның ұлттық 
валютамен (теңгемен) бухгалтерлік есепте көрсетілуі нәтижесінде пайда 
болатын айырмашылық.
Шетелдік валютаның ұлттық валюта (теңгеге қатысты) оң және теріс 
айырмашылығы болады. 
Оң бағамдық айырмашылық 

кәсіпорын бағамдық 
айырмашылықтан табыс алған жағдайда пайда болады. 
Теріс бағамдық 
айырмашылық

кәсіпорын бағамдық айырмашылықтардан зиян шеккен 
жағдайда пайда болады. 
Бухгалтерлік есептіңшоттар тізбегінде шетелдік валютаның ұлттық валюта 
теңгеге қатысты бағамдық айырмашылығын көрсету үшін VІ «Табыстарң 
бөлімінің 62 «Басқа да табыстарң бөлімшесінде арнайы 6250 «Бағамдық 
айырмашылықтан алынған табыстарң шоты және VІІ «Шығыстарң бөлімінің 
74 «Басқа да шығыстарң бөлімшесінде 7430 «Бағамдық айырмашылықтар 
бойынша шығыстарң шоты қаралған.
6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынған табыстарң шотының кредиті 
бойынша шетелдік валютаға қатысты ұлттық валюта-теңгенің бағамы 
төмендеген жағдайда болатын оң бағамдық айырма сомасы көрсетіледі. Ал 
7430 «Бағамдық айырмашылықтар бойынша шығыстарң шотының дебетінде 
шетелдік валютаға қатысты ұлттық валюта - теңгенің бағамы жоғарылаған 
жағдайда болатын теріс бағамдық айырма сомасы көрсетіледі. 
Валюталық шоттағы ақша қаражаттары бойынша бағамдық 
айырмашылықтарды есептеу қиындық тудырмайды. Себебі ондай 
айырмашылықтарды қызмет көрсетуші банктің өзі есептейді және шоттың 
иесіне банк үзінділері арқылы хабарлайды.
Шетелдік валютамен орындалған операцияларды бухгалтерлік есепте 
операция орындалған мерзімдегі бағам бойынша жүзеге асырады.
Шетелдік валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы 
мәліметтерді қамтып отыру үшін «Кәсіпорынның валюталық қаражаттары 
аналитикалық есебінің карточкасың жасалынады. Бұл карточкаларға 
операция туралы мәліметтер мен олардың жүргізілген күндерінен бастап 
есептелінген бағамдық айырмашылық сомасы да апарылады. 
Бағамдық айырмашылықтарды есептеу бойынша қиындықтар 
импорттық-экспорттық операцияларды жүзеге асыруда, сондай-ақ басқа да 
178 


дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу операцияларын жүзеге 
асыруда, ол қарыздардың пайда болуы және жойылу сәтінде теңгемен 
алынған эквивалентінің өзгеруінен туындайды.
Мысалы, «Келесң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылдың 8 
сәуірінде сатып-өткізу үшін 3000 АҚШ долларына Белоруссияның 
«Белорусьмашң жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен «Минск-1610ң 
тоңазтқыштарын сатып алды. Әкелінген тауар кедендік рәсімдеуден өткен 
күнгі доллардың теңгеге қатысты бағамы 1 долларға 147 теңге болды. Осы 
тауар кіріске алынғанда мынадай бухгалтерлік жазу орындалуға тиісті:

ДТ КТ 

1330 «Тауарларң 441 000

3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге

қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң
441 000

 
Сәуір айының 23-і күні жабдықтаушы кәсіпорынның шоты бойынша 
валюталық шоттан төлем жасалынды. Сол күнгі АҚШ долларының теңгеге 
қатысты бағамы 1 долларға 146 теңге болды.
Жабдықтаушы кәсіпорынға аударылған сомаға бухгалтерлік есепте 
мынадай шот корреспонденциясы анықталады:

ДТ КТ 
3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң 438 000 теңге 

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы

ақша қаражаттарың 438 000 теңге 
 
Оң бағамдық айырмашылық пайда болды. (жабдықтаушылардың 
алдындағы кредиторлық қарыз 441 000 теңге, бағамның өзгеруінің 
нәтижесінде нақты төленгені 438 000 теңге.
Оң бағамдық айырмашылықтың сомасына төмендегі бухгалтерлік жазу 
орындалуға тиісті:

ДТ КТ 
3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық борыштарң 3 000 теңге 

6250 «Бағамдық айырмашылықтан алынған табыстарң 3 000 теңге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет