Принциптері


Ақша қаражаттарының қозғалысына ішкі бақылау жасау жүйесі



Pdf көрінісі
бет107/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
Ақша қаражаттарының қозғалысына ішкі бақылау жасау жүйесі 
 
Ішкі бақылау жүйесі-бұл активтерді қорғау, кәсіпорынның қаржылық 
саясатымен сәйкестігін қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттардағы 
бейнеленген мәліметтердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында 
жасалатын саясат және процедуралар. 
Ақша қаражаттарына және өтімді (ликвидті) активтерге жасалынатын 
қатаң бақылау жүйесі - ақпарат түтынушылар экономикалық шешім 
қабылдау үшін пайдаланатын қаржылық қорытынды есепте бейнеленген 
мәліметтердің шынайлылығын қамтамасыз етеді.
179 


Ақша қаражаттарын қорғау көптеген кәсіпорындар үшін маңызды 
мәселелердің бірі болып табылады. Ақшаны жасырып алып кету оңай, 
сондай-ақ 
олардың 
меншіктік 
таңбалары 
болмайды 
және 
конвертацияланушылық қасиеті бар.
Ақша қаражаттарына ішкі бақылауды жүзеге асыру төмендегі міндетті 
қызметтерді атқарудан тұрады: 

ақша қаражаттарын жеке сақтау және оның жеке есебін ұйымдастыру; 

нақты ақшамен орындалған операциялардың барлығының дерлік есебін 
жүргізу; 

кассада ақша қаражаттарының тек қажетті ғана бөлігін сақтау; 

кассадағы ақша қаражаттарының қалдығын мерзім сайын тексеруден 
өткізу; 
Келіп түскен ақша қаражаттарын бақылау 
Ақша қаражаттары түрлі көздерден келіп түседі және кәсіпорында ондай 
операцияларды бақылаудың түрлі жолдары бар. Солардың ішінде төмендегі 
процедуралар жиі қолданылады:
1.
Ақша қаражаттарын төлеу операцияларын, нақты ақшамен жүргізілген 
операцияларды тіркеу жұмыстарын, кассадағы қалдық ақша 
қаражаттарын салыстырып тексеру бойынша жұмыстарды қызметкерлер 
арасында бөліп тарату. Мұндай бөліп тарату ұрлануға және жалған 
жазулар арқылы ақша қаражаттарының жасырылуына жол бермейді;
2.
Ақша қаражаттарының банк шоттарына келіп түсу сәтінен бастап 
оларды тұрақты және үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ету үшін ақша 
қаражаттарының есебін жүргізу және оларды тіркеу операциялары 
бойынша жаупкершілікті қызметкерлер арасында бөліп таратуды бекіту.
Мұндай бақылау жүйесі ақша қаражаттары келіп түскенде кідіріссіз тез 
санауды, сол сәтте кідіріссіз тіркеуді, алынған барлық ақша 
қаражаттарын уақытылы депоненттеуді талап етеді. 
3.
Ақша қаражаттарының мақсатты пайдаланылуын басқару және 
бухгалтерлік жазуларды жүргізу қызметтерінің жүзеге асырылуына 
үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету. Бұл бақылауға келесі шаралар 
кіреді: кассадағы ақша қаражаттарын күнделікті және кездейсоқ уақытта 
тексеру, жүргізілген ішкі ревизиялардың нәтижесі бойынша және келіп 
түскен ақша қаражаттары, төлемдер мен қалдықтар жөнінде күнделікті 
қорытынды есептер жасау. 
Ақшалай шығыстарды бақылау 
Көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер кең ауқымдағы түрлі 
ремитенттерге (өзінің кредиторларына) ақша төлейді. Әдетте, ақша 
қаражаттарын бақылау жүйесі әрбір кәсіпорынға жеке дайындап жасалынса 
да, төмендегі ережелер барлық кәсіпорындарда дерлік кеңінен 
қолданылады: 
1.
чектерді толтыру және оларға қол қою, оларды жөнелту және тиісті 
бухгалтерлік жазуларды орындау бойынша ақшалай шығыстарды 
құжаттау міндеттерін бөліп тарату; 
180 


2.
алдын-ала нөмірленген чектерге ақшалай шығындарды бейнелеу; 
3.
касса шоты пайдаланылған жағдайда, оны жүргізу өкілеттігін бақылау; 
4.
ақшалай шығыстарды және олардың бейнеленуін қадағалау. 
 
Есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттарын бақылау
Банк шоттарын және басқадай қаржылық мекемелерді пайдалану ақша 
қаражаттарына бақылау жасаудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады. 
Банк шоттарының бірқатар артықшылығы бар: 

Ақша қаражаттары банк ғимаратында нақты қорғауда болады;

Банкте ақша қаражатттарының есебі жеке өз алдына жүргізіледі; 

Ақшаның ұрлану мүмкіндігі өте төмен, сондықтан оны басқару тиімдірек 
болады; 

Клиенттер ақшаны алушының шотына нақты ақшасыз есеп айырысу 
жолымен аударуына болады. 
Қаржылық мекемелер ақша қаражаттарын басқару бойынша мынадай 
қызметтер көрсете алады:

ақша қаражаттарын басқа валютаға айырбастау,

шетелдерге ақша аударымдарын жасау,

жинақтаушы шоттар бойынша проценттер төлеу. 
Соңғы уақытта электронды түрде ақша аударымдарын жүзеге асыру 
тиімділгі артып бұл әдіс кеңінен пайдаланылуда. Төлемдерді элетрондық 
жүйе арқылы аудару - бұл банктер арасындағы аударымдарды телефон, 
телеграф немесе компьютер арқылы жүзеге асыру жүйесі. Электрондық 
аударым біртұтас компьютерлік жүйе арқылы операцияның шоттар 
бойынша апарылуының аз уақыт аралығында жүзеге асырылуын қамтамасыз 
етеді. Қағаз шығынының төмендігі, қателердің аз болуы және операциялық 
шығындардың төмендігі бұл әдістің басты артықшылығы болып табылады. 
Кассадағы қалдықтарды тексеру
Әрбір есепті күнде немесе айдың аяғында ақша қалдықтарын тексеру 
міндетті болып табылады. Ақша қаражаттарының әрбір сақталу орынына 
қарай шоттардың жеке ашылуы тексеру жүргізуді жеңілдетеді және 
қателерді тез арада анықтауға мүмкіндік туғызады. 
Тексеру процесі төмендегі кезеңдерден тұрады: 
1.
Кассадағы нақты ақшаның қалдығының барын ақша операцияларына 
қатысы жоқ қызметкер кассирдің қатысуымен санауы тиіс және тексеру 
нәтижесі құжатта бейнеленіп, оған тексеру жүргізілген күн жазылады 
және екі жақтың да қолдары қойылады. 
2.
Іс жүзіндегі ақша қаражаттарының қалдығын бухгалтерлік шоттардағы 
бейнеленген қалдықтарымен сәйкестігін салыстыру. Анықталған кез 
келген ауытқушылық міндетті түрде салыстыру ведомосында көрсетіліп, 
себептері анықталуы қажет. 

 
181 


Есеп айырысу (валюталық) шоттарының тексерілуі 
Кәсіпорынның пайдалануындағы әрбір есеп айырысу (валюталық) шотына, 
кассалық шоттар сияқты, міндетті түрде жеке шот ашылуы тиіс, бұл жағдай 
тексеру процесін жеңілдетеді және қателерді тез анықтауға мүмкіндік 
туғызады.
Есеп айырысу (валюталық) шоттарын тексеру процессі мынадай 
кезеңдерден тұрады: 
1.
Есеп айырысу (валюталық) шоттарынан алынған, бірақ шоттарда көрініс 
таппаған ақша сомаларын қайта тексеру (бұған банк қызметін 
пайдаланғаны үшін алымдар және аударым жасаған үшін алынатын 
комиссиондық алымдар жатады); 
2.
Жоғарыда аталған сомалардың есепте бейнеленуін қадағалау; 
3.
Есеп айырысу (валюталық) шоттарындағы қалдықтарды (банк 
үзінділерін) бухгалтерлік есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексеру 
4.
Есеп айырысу (валюталық) шотына жеткізілмеген аударымдар және 
чектер бойынша тексеру жүргізгенде уақыт айырмашылығын ескеру 
қажет. 
5.
Ақша қаражаттарының қозғалысы және қалдығы бойынша тексеру 
актісінде тексеру жүргізілген уақыт және тексеру жүргізген кәсіпорын 
мен банк қызметкерлерінің қолдары міндетті түрде болуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет