Принциптері


Негізгі құралдың кәсіпорыннан есептен шығарылуының (жойылуының)



Pdf көрінісі
бет143/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Негізгі құралдың кәсіпорыннан есептен шығарылуының (жойылуының) 
есебі 
Негізгі құралдар объектісі оның кәсіпорыннан шығуы кезінде немесе 
активті пайдалануды тоқтату жөнінде шешім қабылданған жағдайда және 
оның шығуынан ешқандай экономикалық табыс күтілмеген жағдайда 
баланстан есептен шығарылуға тиісті. 
Барлық болжамды пайдалану мерзімі ішінде қызмет көрсететін негізгі 
құралдар өте сирек. Егер негізгі құралдар тиімді қызмет ету мерзімі өтіп 
кеткеннен кейін де, яғни қалдық құны жойылу құнына тең болған кезде де 
пайдаланылатын болса, онда ол амортизацияланбайды. Ал егер тозығы 
жеткен негізгі құралдың жойылу құны нольге тең болса, онда қалдық құн 
мүлікті есептен шығарған (жойған) сәтіне дейін нольге тең болады. Бірақ 
жоғарыда келтірілген мысалымызда есептен шығарылған жабдықтың 
(станоктың) қалдық құны 417 500 (500 000 – 82 500) теңгені құрап отыр.
Негізгі құралдар объектісінің кәсіпорыннан шығуынан немесе 
пайдаланудан алынуынан туындайтын таза табыс немесе зиян активтің 
баланстық (қалдық) құны мен оның кәсіпорыннан шығуынан алынатын таза 
түсімдердің айырмасы ретінде анықталады.
Біздің мысалымыздағы негізгі құрал (станок) кәсіпорыннан шыққан 
сәтте, оның қалдық құнына тең болатын станокты есептен шығарудан 
кәсіпорынның шеккен зияны бухгалтерлік есепте төмендегі жазулар арқылы 
көрсетіледі: 
30 тамыз 2012 ж. 

ДТ КТ 
2420 «Негізгі құралдардың амортизациясың
82 500
7410 «
Активтердің есептен шығуы бойынша шығыстарң
417 500

2410 «Негізгі құралдарң
500 000
Негізгі құралдарды есептен шығару нәтижесінде пайда болған табыс 
немесе зиян кәсіпорынның Қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижесі 
жөніндегі қорытынды есебінде көрсетіледі.
 
241 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет