Принциптері


Материлдық емес активтердің кәсіпорыннан шығуының есебі



Pdf көрінісі
бет156/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
Материлдық емес активтердің кәсіпорыннан шығуының есебі 
 
Материалдық емес активтер кәсіпорыннан төмендегі себептер бойынша 
есептен шығарылады: сатып-өткізілгенде; жарамсыздығы салдарынан 
есептен шығарылғанда; сыйлық ретінде басқа тұлғаларға тегін берілгенде; 
басқа субъектінің жарғылық капиталына қосқан үлес ретінде салынғанда.
Жоғарыда 
аталған 
жағдайлармен 
кәсіпорыннан 
шығарылған 
материалдық емес активтер шоттар жоспарының 2730 «Басқа да материалдық 
емес активтерң шотының кредитінде көрсетіледі. Материалдық емес 
активтер кәсіпорыннан шығарылған кезде олардың баланстық және 
амортизацияланған құндарының есептен шығарылуын төмендегі мысал 
арқылы көрсетуге болады. 
Жоғарыдағы мысалымызда қарастырылған бағдарламалық жабдықтау 
сапалық тозуына байланысты есептен шығарылды делік, сатып алынған «1С 
Предприятиең бағдарламасын 7 версиядан 8 версияға ауыстыру жөнінде 
шешім қабылданды. Объектінің бастапқы құны 70 428 теңге, есептен 
266 


шығарылу сәтіндегі тозу сомасы – 36 000 теңге болды, яғни қалдық 
(баланстық) құны – 34 428 теңге. Мұны төмендегі шот корреспонденциясы 
арқылы көрсетуге болады.
а) Есептен шығарылған бағдарламалық жабдықтаудың баланстық 
(қалдық) құнына: 

ДТ КТ 
7410 «Активтердің есептен шығуы бойынша шығыстарң 34 428

2730 «Басқа да материалдық емес активтерң 34 428
ә) Есептен шығарылған бағдарламалық жабдықтау бойынша 
жинақталған амортизация сомасы есептен шығарылғанда: 

ДТ КТ 
2740 «Басқа да материалдық емес активтердің амортизациясың 36 000 

2730 «Басқа да материалдық емес активтерң 36 000
Жылдың аяғында 7410 «Активтердің есептен шығуы бойынша шығыстарң 
шоты жабылады, яғни шотта жинақталған шығынның сомасын жиынтық 
табысты (зиян) азайту арқылы есептен шығарамыз: 

ДТ КТ 
5610 «Жиынтық табыс (зиян) 34 428

7410 «Активтердің есептен шығуы бойынша шығыстарң 34 428 
 
Акционерлік қоғам сапалық жағынан ескірген бағдарламалық 
жабдықтауды есептен шығарудан 34 428 теңгеге зиян шегеді. 
Кәсіпорынның материалдық емес активті (бағдарламалық жабдықтауды) 
сапалық тозуына байланысты есептен шығарудан шеккен зияны оның қаржы-
шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебінде 
көрсетіледі. 
267 


«Тұлпарңакционерлік қоғамы Типтік мекемеаралық №МЕА –2 нысан 
Кәсіпорын, мекеме 
Материалдық емес активтерді есепке алудың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет