Принциптері


  Міндеттемелердің есебі



Pdf көрінісі
бет159/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

10.1 
Міндеттемелердің есебі 
Міндеттемелер туралы түсінік, олардың бағалануы және жіктелуі 
 
 
Міндеттемелер 
дегеніміз - белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір 
тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет 
жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және 
басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттентарта тұруы, ал борышкерден оның 
міндеттемелерін атқаруды талап етуге қарызгердің (кредитордың) құқығы бар.
Міндеттемелер кәсіпорында жасалынған әртүрлі келісімдердің 
нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар 
немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің 
заңды негізі болып табылады. 
Қазіргі міндеттемелер мен келешекте болатын міндеттемелердің арасында 
шектеу қойылу керек. Келешекте активті сатып алу жөнінде кәсіпорын 
басшысының қабылдаған шешімі міндеттеменің туындауына себеп болмайды. 
Әдетте, міндеттеме актив тек кәсіпорынға қабылданған немесе кәсіпорын 
активті сатып алу жөнінде келісім жасаған кезде ғана туындайды, яғни 
міндеттеме өткен келісімдердің немесе өткен оқиғалардың нәтижесі болып 
табылады. Мысалы, тауарлы-материалдық босалқыларды сатып алу және 
қызметтерді пайдалану төленуге тиісті шоттардың пайда болуын туындатады 
(егер олар үшін алдын-ала немесе жабдықтау кезінде төлем жасалынбаған 
болса), ал несиелердің алынуы оларды төлеу (қайтару) міндеттемесін 
туындатады. 
Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады: 
-
кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті; 
-
міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару 
жолымен реттеледі; 
-
міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті. 
Осы анықтамаға сәйкес, егер міндеттеме қабылданса, онда ол тез арада 
есепке алынуға тиісті. 
 
Міндеттемелердің бағалануы.
Міндеттемелер, әдетте, қарызды төлеу 
үшін қажетті ақша сомасымен немесе нарық жағдайында берілуге тиісті 
тауарлардың, көрсетілуге тиісті қызметтердің құнымен бағаланады. 
Міндеттемелердің өтелуі (қайтарылуы) әртүрлі тәсілдермен жүзеге 
асырылуы мүмкін: 
-
ақша қаражаттарын төлеу арқылы; 
-
басқадай активтерді беру арқылы; 
-
қызмет көрсету арқылы; 
-
бір міндеттемені екіншісімен ауыстыру арқылы; 
-
міндеттемені капиталға ауыстыру арқылы. 
272 


Сондай-ақ, кредитор өзінің құқықтарынантартқан немесе ол құқықтардан 
айырылған жағдайда міндеттемені жойылды (жабылды) деп есептеуге болады. 
 
Міндеттемелердің жіктелуі.
Міндеттемелердің пайда болуы келешекте 
ресурстардың кәсіпорыннан шығып кетуін білдіретіндіктен, белгілі-бір 
міндеттеменің орындалу мерзімі субъектінің қаржылық жағдайын дұрыс 
бағалау үшін маңызды болып табылады. 
Міндеттемелер орындалу (жойылу) мерзіміне байланысты екі категорияға 
жіктеледі: 
1.
 
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 
2.
 
Ағымдағы міндеттемелер 
 
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 

есеп беру мерзімінен кейінгі жыл ішінде 
немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылуы (өтелуі) 
жоспарланбайтын кәсіпорынның міндеттемелері. 
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге: ұзақ мерзімді банк несиесі, банктен тыс 
мекемелердің несиелері (кепілдік беру), басқадай несиелер (облигацияларды 
сатып өткізу жолымен қаржыларды тарту және т.б.), еншілес серіктестіктердің 
ұзақ мерзімді қарыздары, ұзақ мерзімді жалдық міндеттемелер, кейінге 
қалдырылған табыс салығы жатады. 
Ұзақ мерзімді міндеттемелердің пайда болуының себептері көп. Мысалы:
-
кейбір кәсіпорындар (әсіресе жаңа кәсіпорын) үшін акционерлік
капиталдан гөрі сырттан капитал тарту жеңілірек; 
-
қарызға алынған қаржылардың толық құны жаңа акция шығару жолымен 
қаржыландыруға қарағанда төмен болуы мүмкін; 
-
қарызға алынған қаржыларының үлесі жоғары кейбір кәсіпорындар қарызға 
алынған қаржыларынан проценттік төлемдердің нормасынан жоғары 
мөлшерде пайда (таза табыс) алады. 
Бірақ, міндеттемелер бойынша процент төлеуге жұмсалатын 
қаржылардың үлесі өсетіндіктен, міндеттемелердің көбеюі кәсіпорын үшін 
қауіпті. 
Есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде 
қайтарылады (өтеледі) деп күтілетін борыштар 
ағымдағы міндеттемелер
болып 
табылады. 
Ағымдағы міндеттемелер кәсіпорынның шаруашылық қызметіне өзінің 
әсерін тигізеді, себебі олар ағымдағы ресурстарға талап қояды. 
Кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері төмендегілерден тұрады: 
1.
Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт; 
2.
Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі; 
3.
Кредиторлық борыштар:
-
төленуге тиісті шоттар мен вексельдер; 
-
сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар; 
-
салықтарды төлеу бойынша борыштар; 
-
төленуге тиісті дивидендтер; 
273 


-
негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері 
арасындағы борыштар; 
-
акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына борыштары; 
-
басқадай кредиторлық борыштар; 
4.
Төленуге тиісті есептелінген шығыстар; 
5.
Алдағы кезеңнің есебіне жататын табыстар; 
6.
Күтпеген жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер. 
Ағымдағы міндеттемелерді үш топқа бөліп қарастыруға болады: 
1. Нақты міндеттемелер 
2. Бағаланушы міндеттемелер 
3. Шартты міндеттемелер
Нақты міндеттемелер
– 
келісім шарттардан немесе заңдық негізде 
туындайды. Олар дәл есептелінуі мүмкін. Нақты міндеттемелерге: төленуге 
тиісті жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоттары, вексельдер, дивидендтер; 
қосылған құнға салынатын және акциздік салықтар; ұзақ мерзімді 
міндеттемелердің ағымдағы бөлігі, есептелінген еңбек ақы бойынша борыштар, 
сонымен бірге жөнелтілетін тауарлар, көрсетілетін қызметтер үшін сатып 
алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванс бойынша борыштар 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет