Шартты міндеттемелер
-
болмаған (әлі жоқ) міндеттемелер. Солай бола
тұса да олар кәсіпорынның болашақ міндеттемелері болып табылады, себебі
өткен келісімдерден туындайтын болашақ оқиғаларға байланысты болады.
Шартты міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептің 37 «Резервтер, шартты
міндеттемелер және шартты активтерң халықаралық стандартымен реттеледі.
Мысалы, көпірдің құрылысын жүргізген құрылыс компаниясына сапасыз
материалдарды пайдаланғандығына байланысты қылмысты іс қозғалуы мүмкін.
Көпірдің құрылысы жасалынған келісім болып табылады. Келешек оқиға-
нәтижесі белгісіз шағым болуы мүмкін. Міндеттеме бухгалтерлік есепте
көрсетілген кезде екі шарт анықталады: оқиға ықтимал болуға және негізді
түрде есептелінуге тиісті. Табыс салығын төлеу, еңбек демалысы кезінде
жұмыскерлерге төлем жасау бойынша борыштар, кепілдік сомалары бойынша
міндеттемелер осы шарттарға сәйкес келеді. Сондай-ақ, шартты міндеттемелер
кәсіпорын несие алушы басқа кәсіпорынға қатысты кепілдік беруші ретінде
таныла отырып, мемлекеттік органдар шығарған қандайда бір нормативтік
актілерді бұзған кезде туындайды.
Жоғарыда аталған ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің түрлері
бойынша кәсіпорынның әртүрлі заңды және жеке тұлғалармен есеп айырысу
операциялары жүзеге асырылады. Мысалы, жабдықтаушы және мердігер
кәсіпорындармен төленуге тиісті шоттар және вексельдер бойынша есеп
айырысу; акция иелерімен төленуге тиісті дивидендтер бойынша есеп айырысу;
салықтардың түрлері бойынша бюджетпен есеп айырысу; несиелердің түрлері
бойынша банктермен, банктен тыс мекемелермен, жеке тұлғалармен есеп
айырысу және т.б.
Төменде кәсіпорынның кейбір міндеттемелері бойынша есеп айырысу
операцияларының есебі қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: