Принциптері


Номиналдық (нақты) құны бойынша шығарылған облигациялардың есебі



Pdf көрінісі
бет170/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Номиналдық (нақты) құны бойынша шығарылған облигациялардың есебі 
«Арманң акционерлік қоғамы 2012 жылдың 1 қарашасында номиналдық құны 1 
000 теңге болатын 3 000 облигацияны жылына 15 проценттік міндеттемемен 3 
жыл мерзімге айналымға шығарды делік. Облигациялар бойынша процент
жылына екі рет – 1 мамырда және 1 қарашада төленеді. Акционерлік қоғамда 
бұл операция төмендегі бухгалтерлік жазулар арқылы көрсетіледі:
2012 жыл 1 қараша
1. Номиналдық құны бойынша шығарып сатылған облигациялар сомасына –
296 


3 000 000 
теңге (3 000 х 1 000)

ДТ КТ
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 3 000 000 

4030 «Басқа да ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерң 3 000 000 
2.
Номиналдық проценттік ставка бойынша проценттердің әрбір төлемі 
бухгалтерлік есепте былайша көрсетілуге тиісті:
номиналдық проценттік ставка бойынша проценттің мөлшерін анықтаймыз:
а) процент бойынша жылдық төлем сомасы – 3 000 000х15%/100%=450 000 
теңге
ә) процент бойынша 6 айға төлем сомасы – 450 000 х 6:12=225 000 теңге 
Сонымен, «Арманң акционерлік қоғамында 3 жыл ішінде 1 мамырда және 
1 қарашада төмендегі бухгалтерлік жазулар орындалады: 
а) есептелінген процент сомасына – 225 000 теңге 

ДТ КТ 
7310 «Сый-ақылар бойынша шығыстарң 225 000
3380 
«Төленуге тиісті қысқа мерзімді сый-ақыларң 225 000 
ә) төленген процент сомасына – 225 000 теңге:

ДТ КТ 
3380 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сый-ақыларң 225 000 
 
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 225 000 
Облигацияның айналымдағы мерзімі біткеннен кейін, олар жабылады және 
«Арманң акционерлік қоғамы инвесторларға олардың салған ақша 
қаражаттарын облигациялардың номиналдық құны бойынша қайтарады. Оны 
төмендегі бухгалтерлік жазу арқылы көрсетуге болады: 

ДТ КТ
4030 «Басқа да ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерң 3 000 000

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 3 000 000 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет