Облигацияларды жеңілдікпен шығарып сата отырып, акционерлік қоғам
саналы түрде проценттерді төлеу бойынша қосымша шығындарға барып
отырғандығы белгілі. Проценттердің сомасы облигациялар айналымының
барлық кезеңі бойына проценттерді төлеу бойынша шығыстардың көбеюіне
біркелкі апарылып отыруға тиісті.
Жеңілдіктің мөлшері аз қалған сайын облигацияның ағымдағы құны оның
номиналдық құнына жақындай түседі және облигацияның жабылу (жойылу)
мерзімінің аяғына қарай оның ағымдағы құны номиналдық құнына тең болады,
ал жеңілдік сомасы түгелдей амортизацияланады және есептен шығарылады.
Сөйтіп, акционерлік қоғам облигациялардың жабылуы (жойылуы) кезінде
инвесторларға облигацияның номиналдық құнын төлейді.
Біздің мысалымызда жеңілдік мөлшері 192 000 теңгені құрайды, яғни осы
сомаға акционерлік қоғам процент төлеу бойынша шығыстарын көбейтеді.
Процент төлеу бойынша шығыстар сомасы – 1 440 000 теңгенің орнына
1
632 000 теңге болып отыр.
Кәсіпорында облигациялар айналымының барлық кезеңіне 1 440 000 теңге
мөлшерінде процент төленеді деп пайымдалған болатын, яғни:
6
000 000 х 12% : 100% х 2жыл = 1 440 000 теңге.
Облигациялар орналастыру процессінде 192 000 теңге жеңілдікпен сатып
өткізілді, соған сәйкес акционерлік қоғамда процент төлеу бойынша шығыстар
берілген жеңілдіктің сомасына өседі – 1 440 000 + 192 000= 1 632 000 теңге.
Әрі қарай «Арманң акционерлік қоғамына облигациялық жеңілдіктерді
есептен шығару қажет.
Облигация бойынша жеңілдіктерді есептен шығарудың екі әдісі бар:
Достарыңызбен бөлісу: