алғашқы 200 000 теңгені жапқаннан кейін, келесі 5 жылдың ішінде тек 800 000
теңгенің облигациясы ғана шығарылды деп есептелінетіндігін көрсетеді.
Басқаша айтқанда, бірінші 5 жылда шығарылған облигациялар 1 000 000 теңге
болады, екінші 5 жылда – 800 000 теңге; келесі 5 жылда 600 000 теңгеге және
ары қарай қарыз толық жабылғанға дейін жалғаса береді.
Тіркелетін облигациялар және купондық облигациялар.
Қазіргі кезде
шығарылатын облигациялардың көпшілігі –
тіркелетін облигациялар.
Бұл
облигацияларда оларды шығарушы кәсіпорындар облигацияның иесінің аты-
жөнін, мекен-жайын жазып көрсетуге тиісті. Сөйтіп, кәсіпорын облигация
иелерінің есебін жүргізеді, оларға проценттер төлейді.
Купондық облигациялардың иелерін кәсіпорын тіркемейді, бірақ ондай
облигациялардың арнайы жыртылмалы купоны болады. Әрбір купон төленуге
тиісті проценттер сомасы және олардың төленетін күні туралы ақпараттардан
тұрады. Процент төленетін күні облигация ұстаушы облигациялық
сертификаттан купондарды жыртып алады және проценттерді алу үшін оларды
банкке өткізеді. Сөйтіп проценттер оларды төлеу мерзіміне кімнің купоны бар
соған төленеді.
Егер кәсіпорын облигациялар шығаруды ұйғарса, ол әдетте ондай
шешімнің жобасын акция иелеріне талқылауға береді. Олардың облигация
шығаруға келісімін алғаннан кейін кәсіпорын сертификаттарды басып
шығарады және облигация шығару процедурасын рәсімдейді. Мұндай кезде
бухгалтерлік есепте рұқсат алынғандығы жөніндегі жазу орындаудың қажеті
жоқ.
Кәсіпорындар облигациялардың шығарылып сатылуын 4030 «Басқадай
несиелерң шотына ашылған «Төленуге тиісті облигацияларң аралық шотында
көрсетеді.
Кәсіпорынның облигациялар бойынша борыштары, сонымен бірге олармен
байланысты жабылмаған жеңілдіктер мен үстемелер, әдетте, баланста ұзақ
мерзімді міндеттемелер ретінде көрсетіледі.
Бірақ, егер облигациялардың жабылу (жойылу) мерзімі бір жыл немесе одан аз
болса және де олар айналым құралдары есебінен жабылуға тиісті болса, онда
оларды ағымдағы міндеттемелер ретінде көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: