Принциптері



Pdf көрінісі
бет165/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Мерзімдік еңбек ақы
қарапайым мерзімді
және 
мерзімдік-сыйлықтық
еңбек ақы жүйесіне бөлінеді. 
Кесімді еңбек ақы
тікелей кесімді, кесімді-сыйлықтық, аккордты, кесімді-
прогрессивтік жанама кесімді еңбек ақы жүйелеріне 
бөлінеді. 
284 


Мерзімдік еңбек ақы жүйесінде
қызметкерге лауазымына байланысты 
еңбек ақы мөлшері белгіленеді. Ол, егер қызметкер ай ішіндегі барлық жұмыс 
күндерін істесе толық төленеді, ал егер істемесе нақты жұмыс істеген күндеріне 
ғана төленеді. 
Мерзімдік-сыйлықтық еңбек ақы жүйесінде
тек нақты жұмыс істеген 
уақытқа ғана емес, сонымен бірге қосымша сый ақы төленеді. Ол нақты жұмыс 
істеген уақытқа есептелген еңбек ақыға процент түрінде белгіленеді. 
Кесімді еңбек ақы
өнімді өндіріп шығару жұмысшылардың жұмыс 
ынтасына байланысты, өндіру нормасы жасалған өндірістерде қолданылады 
және жұмысшылардың нақты өндірімі, жасалған өнім бірлігінің санына және 
сапасына байланысты анықталады. 
Тікелей кесімді еңбек ақы жүйесінде
жалақы тек қана орындалған жұмыс 
(дайындалған өнім) үшін төленеді. 
Кесімді сыйлықтық жүйеде
кесімді жалақы сомасына қоса, 
жұмысшыларға сыйақының көрсеткіштерін орындағаны үшін қосымша ақы 
есептеледі: жұмыс сапасы, жылдамдығы, клиенттер тарапынан негізді 
шағымдардың жоқтығы және т.б. 
Аккордты жүйеде
орындаудың ең ақырғы мерзімі көрсетілген әртүрлі 
жұмыстардың кешені бағаланады. 
Жанама кесімді жүйеде
жұмысшының жалақысы, оның өз өндірімдеріне 
емес, ол қызмет көрсететін жұмысшылар еңбегінің нәтижесіне байланысты 
болады. Бұл жүйе бойынша көмекші өндіріс жұмысшыларының (негізгі 
өндіріске қызмет көрсететін жөндеуші жұмысшылар, жабдықтарды 
жөндеушілер) еңбек ақысы төленеді. 
Жанама кесімді жүйеде
жұмысшының 
жалақысы жанама бағалаудың және қызмет көрсетуші жұмысшылар 
дайындаған бұйымдардың санының негізінде есептеледі. 
Уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жәрдем ақы жұмыс 
істейтін азаматтарға орташа жалақыдан есептелініп төленеді. Бірақ уақытша 
жарамсыздығы бойынша жәрдем ақының айлық мөлшері жылына сәйкес 
Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралың Заңында 
бекітілетін айлық есепті көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асып кетпеуге 
тиісті. 
Жәрдем ақының жалпы сомасы орташа күндік жалақы мөлшерін белгілі 
бір айда жұмыстан қалған күндерінің санына көбейту арқылы анықталады. 
Мысалы, жұмысшы 2012 жылдың 6 қарашасынан бастап ауырды делік. 
Жұмысшының орташа күндік жалақы мөлшерін есептеу үшін есепті кезең 
болып ауырған күнінің алдында өткен 12 күнтізбелік ай (1-нен 1-не дейін) 
саналады. 
Біздің мысалымызда, жұмысшының есепті кезеңі толық істелген (12 
күнтізбелік ай). Нақты еңбек ақы мен нақты жұмыс күндерінің санын 
таңдаймыз, яғни 2011 жылдың 1 қарашасынан 2012 жылдың 1 қарашасына 
дейін. 
285 


Есепті кезеңдегі нақты еңбек ақы сомасын 1 643 833 нақты жұмыс істеген 
күндердің санына 255 бөлу арқылы біз орташа күндік жалақыны 6 446 
анықтаймыз. Жұмысшы сырқатына байланысты 12 жұмыс күнін қалдырған. 
Жәрдем ақының жалпы сомасы: 6 446 теңге х 12 күн = 77 352 теңге.
№ 
Кезең 
Есептелген еңбек ақы, 
(теңге) 
Іс-жүзінде 
жұмыс істеген 
жұмыс 
күндерінің саны 
1.
Қараша, 2011 
136 986 
22 
2.
Желтоқсан, 2011 
136 986 
21 
3.
Қаңтар, 2012 
136 986 
21 
4.
Ақпан, 2012 
136 986 
21 
5.
Наурыз, 2012 
136 986 
21 
6.
Сәуір, 2012 
136 986 
20 
7.
Мамыр, 2012 
136 986 
21 
8.
Маусым, 2012 
136 986 
22 
9.
Шілде, 2012 
137 082 
21 
10.
Тамыз, 2012 
136 891 
22 
11.
Қыркүйек, 2012 
137 109 
21 
12.
Қазан, 2012 
136 863 
22 
Барлығы 
1 643 833 
255 
Бұл жерде еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдем ақының мөлшері 15 
еселенген есепті көрсеткіштен (15*1618=24 270 теңге) асатын болғандықтан, 
жұмысшыға 77 352 теңге емес, тек 24 270 теңге ғана төленеді.
Демалыс уақыты үшін төленетін төлем. Жыл сайынғы кезекті еңбек 
демалысы «Демалыс беру туралың бұйрық арқылы рәсімделеді. Ол екі дана етіп 
толтырылып, біреуі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға беріледі. 
Бұйрыққа құрылымдық бөлімше бастығы қол қояды. Осы бұйрықтың негізінде 
бухгалтерия демалыс уақытына тиесілі жалақыны есептейді. Жұмысшының 
орташа күндік жалақысын есептеу үшін есепті кезең болып демалыс алдында 
өткен күнтізбелік 12 ай (1-нен 1-не дейінгі күндер) саналады.
Біздің мысалымызда, жұмысшы барлық жұмыс күндерін толық істеген. 
Орташа жалақыны есептеу үшін есепті кезеңде есептелінген жалақы сомасы 12-
ге және өндірістік күнтізбе бойынша жұмыс уақытының жылдық балансына 
286 


сәйкес айлық орташа жұмыс күндерінің санына бөлінеді. Есептелінген орташа 
күндік жалақыны демалыс күндерінің санына көбейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет