Принциптері


Еңбек ақының түрлері, нысандары және еңбек ақы жүйесі



Pdf көрінісі
бет164/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Еңбек ақының түрлері, нысандары және еңбек ақы жүйесі 
Жұмыстың күрделілігіне, мөлшеріне және сапасына сәйкес жұмысшылар 
арасында бөлінетін 
ақшалай
және 
натуралды 
түрдегі қаражаттың жалпы 
сомасы 
еңбек ақы қоры
деп аталады. 
Еңбек ақы қорына қабылданған еңбек ақы жүйесі мен нысанына, 
қаржыландыру көзіне тәуелсіз, кәсіпорында есептелген барлық еңбек ақы, 
ынталандыру және жәрдем ақы сомалары, сонымен қатар натуралды еңбек ақы 
түрінде берілетін өнімнің құны кіреді. 
Еңбек ақының жалпы сомасына төмендегілер кіреді: 
-
еңбек ақы сомасы; 
-
ынталандыру сипатындағы төлемдер; 
-
еңбек тәртібіне және еңбек жағдайларына байланысты төленетін орнын 
толтыру сипатындағы төлемдер; 
-
еңбек туралы заңға және ұжымдық келісім-шарттарға сәйкес кідіріс 
уақытына есептелген еңбек ақы сомасы; 
Еңбек ақы еңбек еткен уақытқа (орындалған жұмысқа) пропорционалды 
түрде тарифтік төлем, еңбек ақы мөлшері, кесімді баға және аккордты нарядтар 
бойынша есептеледі. 
Ынталандыру төлемдеріне
сый ақылар (кәсіпорында қабылданған 
ережелер бойынша өндірістік нәтижелер үшін), тарифтік төлемдерге және 
кәсіби шеберлігі, еңбекте жоғары жетістіктері үшін еңбек ақы мөлшеріне 
қосылған үстемелер т.с.с., сонымен қатар көп жылғы сіңірген еңбегі, еңбек 
стажы, жыл бойғы істелінген жұмыстың нәтижесі үшін сый ақылар және сол 
сияқты басқа да төлемдер мен сыйлықтар жатады. 
Орнын толтыру /компенсациялау/ сипатындағы төлемдерге
аудандық 
еңбек ақыны реттеуге сүйене отырып жасалған қосымшалар (аудандық 
коэффициенттер), еңбек жағдайларына байланысты қосымша еңбек ақылар 
(ауыр немесе зиянды еңбек жағдайларында, түнгі уақытта жұмыс істегені үшін, 
үнемі қозғалысты сипаттағы жұмысы үшін, демалыс және мейрам күндері, 
мерзімнен тыс істеген жұмыстары үшін) белгілі бір жағдайда (мысалы, 
вахталық әдіс) орындалған жұмыстарға қосымшалар және т.б. жатады. 
Жұмыс істелмеген уақыт төлеміне
жыл сайынғы және қосымша демалыс 
төлемі, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауға қатыстырылған 
жұмысшылардың жұмыс уақытының төлемі, жұмысшылардың кінәсінсіз болған 
кідірістердің, 
емізуші 
аналардың 
жұмыстарындағы 
үзілістердің, 
жасөспірімдердің жеңілдік уақыттарының төлемдері, қызметкерлер штатын 
және санын қысқартумен, кәсіпорынды қайта құрумен немесе жабылуымен 
байланысты жұмыстан шыққан жұмысшылардың үзілістеріне төленетін 
төлемдер және т.б. жатады. 
Жұмыстың тоқтап тұрып қалған уақытының есебі «Тоқтап тұрған уақыт 
есебінің қағазың (№Е-16 нысан) негізінде жүзеге асырылады, онда тоқтап 
282 


тұрған уақытты, себептерін және кінәлі адамдарды, төлем проценті мен 
жұмысшы туралы мәліметтерді (аты-жөнін, тегін, разрядын, табельдік нөмірін) 
көрсетеді. Қағазға мастер мен цех бастығы қол қояды. 
Жұмыстың тоқтап тұрып қалған уақытына ақы төлеудің тәртібі мен 
талаптары жеке еңбек немесе ұжымдық шарттармен белгіленеді. Қызметкердің 
кінәсінен тоқтап тұрып қалған уақытқа ақы төленбеуге тиіс. 
Қазіргі кезде бухгалтерлік есепті реформалауға байланысты, кәсіпорынның 
еңбек ақы қорына қосылатын шығындарды (ақшалай және заттай түрде) және 
өндіріс шығындарына апарылатын еңбек ақы шығындарын ажыратудың 
маңызы зор. Олардың біріншісіне негізгі және көмекші өндіріс шығындарына, 
қызмет көрсетіуші өндірістер мен шаруашылықтарға жататындығына немесе 
жалпы табыс көзінен төленетіндігіне қарамастан еңбек ақының барлық сомасы 
кіреді. Ал екіншісіне тек өнімнің, жұмыс пен қызметтің өзіндік құнына 
қосылатын еңбек ақы шығындары жатады. 
Бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін (негізінен жанама шығындарды 
бөлгенде негіз ретінде пайдалану үшін) өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік 
құнына қосылатын еңбек ақыны 
негізгі
және 
қосымша
еңбек ақы деп бөледі. 
Негізгі еңбек ақы
деп нақты жұмыс істеген уақыты, мерзімі және кесімді 
төлем кезінде орындалған жұмыстың саны мен сапасы үшін төлемдерді
қосымшаларды, сый ақылар және сый ақылы үстемелерді және т. б. атайды. 
Қосымша еңбек ақыға
жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек туралы 
заңда және ұжымдық келісім шартта ескерілген жұмыс істелмеген уақыт үшін 
алатын төлемақылары, еңбек демалысы уақытының, мемлекеттік және 
қоғамдық міндеттерді орындауға кеткен уақытының, емізуші аналардың 
жұмыстағы үзілістерінің, жасөспірімдердің уақыт жеңілдіктерінің төлемдері 
жатады. Еңбек ақы қорына, сонымен бірге, кәсіпорынның тізімдік құрамына 
кірмеген, бірақ кәсіпорынның негізгі қызмет бойынша жұмыстарын орындауға 
келісілген мерзімге шақырылған жұмысшыларға төленетін төлемдер кіреді. 
Сонымен қатар, еңбек ақы қорына кірмейтін, бірақ кәсіпорын 
жұмысшыларының табыстарын жоғарылататын әр түрлі үстемелер мен 
төлемдер бар. Мұндай үстемелер мен төлемдерге материалдық көмек сомасы, 
еңбек және әлеуметтік жеңілдіктер, бағаның жоғарылауына байланысты 
төлемдер және т.б. жатады. 
Кәсіпорында еңбек ақыны ұйымдастыру өзара байланысты және өзара 
тәуелді элементтермен анықталады. Олар: 
тарифтік жүйе, еңбекті нормалау 
және еңбек ақы түрлері.
Тарифтік жүйе
еңбекті сапалы бағалауға, нормалау-жұмсалған еңбек 
күшінің мөлшерін ескеруге, ал еңбек ақы түрлері еңбек ақыны есептеу тәртібін 
анықтауға мүмкіндік береді. 
Тарифтік жүйе қызметкерлердің еңбек ақысын ұйымдастырудың негізі 
болып табылады және ол еңбек жағдайына, қызметкердің біліктілігіне, еңбек 
283 


ақы түріне және белгілі бір саланың нарықтық экономикадағы маңызына 
байланысты құрылады. 
Тарифтік жүйе төмендегілерден тұрады: 
-
сағаттық, күндік немесе айлық еңбек ақы мөлшерін анықтайтын тарифтік 
төлем; 
-
әртірлі разрядты жұмыстар мен жұмысшылардың біліктілігінің 
арасындағы еңбек ақының ара қатынасын көрсететін тарифтік кесте; 
-
тарифтік кестеге байланысты жұмыс пен қызметкердің разрядын 
анықтауға мүмкіндік беретін тарифтік-біліктілік анықтама. 
Қазіргі кезде 21 разрядты тарифтік кесте қолданылады. 1-ші разрядты 
төлем ең төменгі жалақы мөлшеріне тең. Разряд пен белгіленген тарифтік 
коэффициент арқылы жалақының сомасы анықталады. 
Қарапайым жұмыстарды орындау 1-ші разрядты тарифтік төлеммен 
төленеді. Басқа разрядты қызметкерлердің тарифтік төлемі жұмыстың сапасына, 
яғни тағайындалған тарифтік разряд пен бекітілген тарифтік коэффициентке 
байланысты жоғары болады. 
Еңбекті нормалау
бұйымның бір бірлігін дайындауға кеткен еңбек 
шығындарының шамасын белгілеуді немесе белгілі бір ұйымдастыру-
техникалық жағдайда берілген жұмыс көлемін орындауды қарастыратын 
кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастырудың маңызды элементі болып 
табылады. Еңбекті нормалау еңбекті ғылыми ұйымдастырудың маңызды 
құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады. Ол 
өндірім нормасы
және 
уақыт 
нормасы
сияқты көрсеткіштерден тұрады. 
Өнім өндіру нормасы
уақыттың белгілі бір бірлігінде (сағат, смена, ай) 
еңбектің қарапайым жағдайында дайындалуға және алынуға тиісті өнімнің 
натуралды бірліктерінің (дана, м, т) мөлшерін анықтайды. 
Уақыт нормасы 
белгілі бір ұйымдастыру-техникалық жағдайда жұмысты 
орындауға қажетті уақытты (мин., сағат) қамтиды. 
Тәжірибе жүзінде бұл нормалар еңбек нормасының немесе берілген 
өнімділіктің әр түрлі нысандары болып табылады. Өндірім нормасы уақыт 
нормасына кері шама болып табылады, ол көбінесе көпшілік және ірі сериялы 
өндірістерде қолданылады, ал жеке немесе аз сериялы өндірістерде смена 
ішінде жұмысшыға әр түрлі жұмыстарды және технологиялық операцияларды 
орындауға тура келгенде уақыт нормаланады. 
Қазіргі уақытта кәсіпорындар қызметкерлердің еңбек ақысының түрі мен 
жүйесін өз бетінше анықтайды. 
Еңбек ақының 
мерзімдік
және 
кесімді
түрі бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет