б) шығарып сатылған облигациялардың ағымдағы құны -
3 000 000 + 96 000 = 3
096 000 теңге
Шығарып сатылған облигациялардың ағымдағы құнына:
ДТ КТ
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 3 096 000
4030 «Басқадай несиелер – төленуге тиісті
облигацияларң 3 000 000
3540 «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелерң 96 000
Облигациялар бойынша үстеме (сый ақы) инвесторларға облигацияны
жойған (жапқан) кезде қайтарылмайтындығы, облигацияның бүкіл айналымы
кезеңінде проценттерді төлеу бойынша шығыстарды азайтуға бірқалыпты
апарылатындығы белгілі. Үстеме мөлшері аз
қалған сайын ағымдағы құн
номиналдық құнға жақындай түседі. Және де облигацияларды жабу (жою)
мерзімінің аяғында олардың ағымдағы құны номиналдық құнға тең болады,
үстеме сомасы түгелдей есептен шығарылады. Облгациялардың есебін
жүргізуде акционерлік қоғам үшін бұл сәт ең маңызды болып табылады. Себебі
акционерлік қоғам облигациялар қозғалысының мерзімі біткеннен кейін өзінің
инвесторларына номиналдық құн бойынша төлем жасайды.
Біздің мысалымызда сыйақы мөлшері 96 000 теңгені құрады – бұл
акционерлік қоғамның процент төлеу бойынша шығыстарын азайтатын сома.
Болжанған 600 000 теңгенің орнына проценттер төлеу бойынша шығыстар
504 000 теңгені құрады.
Біздің мысалымыздың шарты бойынша облигациялар айналымының бүкіл
кезеңінде «Нұрң акционерлік қоғамы 600 000 теңге мөлшерінде процент төлеу
жөнінде міндеттеме қабылдады.
3 000 000*10/100*2 жыл=600 000 теңге
Бірақ шын мәнінде облигациялар 96 000 теңге үстемемен сатып-өткізілді.
Демек, «Нұрң акционерлік қоғамының облигациялар бойынша процент төлеу
шығындары 504 000 теңгеге дейін азаяды.
600 000 -
96 000=504 000 теңге
Облигациялық үстемені (сый ақыны) есептен шығару әдістері
Облигациялық жеңілдіктерді есептен шығарудағы сияқты, облигациялық
үстемені есептен шығарудың екі әдісі бар - проценттік және түзу сызықты
(бірқалыпты).
Түзу сызықты (бірқалыпты) әдіс бойынша облигациялық үстеме
облигация ұстаушыларға процент бойынша әрбір
төлем жасалынған кезде
бірдей бөліктермен жабылады.
«Нұрң акционерлік қоғамына алынған облигациялық үстемені екінші әдіс
бойынша есептен шығару қажет. Яғни, түзу сызықты (бірқалыпты) есептен
шығару әдісін пайдалана отырып, облигациялар бойынша табысты әрбір
302
есептеген сайын үстеме сомасы бірдей бөліктермен (сомалармен) есептен
шығарылып отырады.
«Нұрң акционерлік қоғамы облигациялар
бойынша жылына екі рет
процент төлейтіндігі жөнінде хабарлаған болатын, ал облигациялар екі жылға
шығарылған. Демек, облигациялар айналымының бүкіл кезеңінде төрт рет
проценттік төлем жасалынады.
Жылына 2 рет*2 жыл=4 төлем
Егер, облигациялар бойынша барлығы 4 рет төлем жасалынатын болса, ал
үстеменің мөлшері 96 000 теңгеге тең болса,
онда төлемге шаққандағы
облигациялық үстеменің есептен шығарылуын анықтау қиын емес.
96000/4=24000 теңге
«Нұрң акционерлік қоғамы номиналдық проценттік ставка бойынша (10
пайыз) әрбір проценттік төлем жасау кезінде 150 000 теңге төлеуге тиісті.
3 000 000*10/100/жылына 2 рет=150 000 теңге
Бірақ, облигациялар үстемемен сатып өткізілгендіктен «Нұрң акционерлік
қоғамының процент төлеу бойынша шығындары процентті әрбір есептеген
сайын 24 000 теңгеге азайып отырады, яғни
акционерлік қоғамның нақты
шығыны 150 000 теңге емес 126 000 теңге болады. 150 000-24000=126 000 теңге
2012 жыл 1 ақпан
Процент төлеу жөнінде міндеттеме қабылданған күні төмендегі
бухгалтерлік жазулар орындалады:
ДТ КТ
7310 «Процент бойынша шығыстарң 126 000
3540 «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелерң 24 000
4160 «Төленуге тиісті проценттерң 150 000
Процент сомасы төленген күні:
ДТ КТ
4160 «Төленуге тиісті проценттерң 150 000
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 150 000
«Нұрң акционерлік қоғамының облигациялар бойынша процент төлеу
шығындары 126 000 теңгені құрады, бірақ
инвесторларға номиналдық
проценттік ставка мөлшерінде – 150 000 теңге аударылды (төленді). Сонымен
бірге
3540
«Басқа
да
қысқа
мерзімді
міндеттемелерң
шотындағы қалдықтың 96 000 теңгеден 72 000 теңгеге дейін азаюы
облигациялардың ағымдағы құнының 3 096 000 теңгеден 3 072 000 теңгеге
дейін азаюын туындатты.
3 096 000-
24 000=3 072 000 теңге
Жоғарыдағы бухгалтерлік жазулар 2012 жылғы 1 қарашада, 2013 жылғы 1
ақпанда және 1 қарашада орындалады.
303
2012 жылғы 1 қарашада процент төлеу бойынша міндеттеме
қабылданғаннан кейін облигациялардың ағымдағы құны 3 048 000 теңгеге дейін
азаяды.
3 072 000 – 24 000=3
048 000 теңге
2013 жылғы 1 ақпанда ол – 3 024 000 теңгені құрайды:
3 048 000 – 24 000=3
024 000 теңге
Ең соңында, 2013 жылғы 1 қарашада процент төлеу бойынша міндеттеме
қабылдағаннан кейін облигациялардың ағымдағы құны олардың номиналдық
құнына – 3 000 000 теңгеге тең болады.
3 024 000 - 24 000=3
000 000 теңге
Облигациялар жабылған күні «Нұрң акционерлік қоғамы төмендегі
бухгалтерлік жазуларды орындайды:
ДТ КТ
4030 «Басқадай несиелер – төленуге тиісті
облигацияларң 3 000 000
3540 «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелерң 3 000 000
ДТ КТ
7310 «Процент бойынша шығыстарң 126 000
3540 «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелерң 24 000
3380 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сый-ақыларң 150 000
Проценттер және облигациялардың номиналдық құны төленетін күні:
ДТ КТ
3540 «Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелерң 3 000 000
3380 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сый-ақыларң 150 000
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 3 150 000
Облигациялық үстемені (сый ақыны) есептен шығарудың проценттік әдісі
күрделі болғандықтан, отандық тәжірибеде ол пайдаланылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: