Принциптері


байланысты олардың жарғылық капиталының құрылу ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет175/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

байланысты олардың жарғылық капиталының құрылу ерекшеліктері 
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық заңды 
тұлғалар, сонымен қатар заңды тұлға түрінде құрылмай-ақ Қазақстан 
Республикасының резиденттері болып табылатын, кәсіпкерлік қызметпен 
айналысатын жеке тұлғалар және Қазақстан Республикасының аумағында 
тіркелген резидент еместердің филиалдары мен өкілдіктері бухгалтерлік есепті 
жүргізуге міндетті.
Бухгалтерлік есептің маңызды объектілерінің бірі болып табылатын 
меншікті капитал, оның ең басты бөлігі жарғылық капиталдың құрылуынан 
басталады. Яғни, шаруашылық қызметпен айналысушы құрылымдардың сан 
түрлі нысанда құрылуы олардың жарғылық капиталының құрылуында да өзіне 
тән өзгешіліктерімен ерекшеленеді. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің 
заңмен белгіленген қанша нысаны болса, олардың жарғылық капиталын 
құрудың сонша ерекшелігі бар деген сөз.
Коммерциялық ұйымдар өз қызметтерінің негізгі мақсаты ретінде пайда 
табуды көздейді.
Коммерциялық мүддемен құрылған шаруашылық жүргізуші 
субъектілер өз еркімен қызметін жүзеге асырады, дайын өнімін сатып өткізеді, 
бюджетке төленетін салық және басқадай міндетті төлемдерін төлегеннен 
кейінгі қалатын табысын өз қажеттілігіне жұмсайды. 
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік 
кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив нысандарында 
құрылуы мүмкін. 
305 


Коммерциялық емес ұйымдар пайда табуды мақсат етпейді және алынған 
пайданы қатысушылар арасында үлестірмейді. Оларға қоғамдық бірлестіктер, 
ассоциациялар, саяси партиялар, діни бірлестіктер жатады. Олар шаруашылық 
жүргізу құқығына негізделіп мемлекеттік кәсіпорын ретінде де құрыла алады. 
Бұл 
кәсіпорындардың 
жарғылық 
капиталы 
азаматтардың 
және 
кәсіпорындардың өз еріктерімен берген қаражатынан құралады. Бұл 
кәсіпорындардың алдына қойған мақсаты - қоғамның рухани, мәдени және 
тұрмыстық қажеттіліктеріне деген сұранысты қанағаттандыру болып табылады, 
яғни олар коммерциялық мүддені көздемейді.
Коммерциялық емес ұйымдар
мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, 
тұтыну кооперативі, діни бірлестік және ҚР-ның заң құжаттарында көзделген 
өзге де нысандар түрінде құрылады. Коммерциялық емес ұйымдар кәсіпкерлік 
қызметпен өздерінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса 
алады. 
Меншік иелігіне байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер 
мемлекеттік және жеке меншік кәсіпорындар болып бөлінетіндігі белгілі. 
Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар: 
-
шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар
. Мұндай 
құрылымның жарғылық капиталының мөлшері оның құрылтайшысымен 
анықталады, бірақ жарғылық капиталдың барлық мөлшері салым ретінде 
берілген мүліктің құнынан артық болмауға тиісті және тіркелу сәтіндегі 
бекітілген 10000 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

-
оперативті басқару құқығына негізделген (қазыналық) кәсіпорындар.
Олардың жарғылық капиталының көлемі кәсіпорын жарғысында 
анықталады. Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу сәтінде меншік иесі 
(құрылтайшы) жарғылық капиталды толық құруға тиісті.
Серіктестіктер шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде кең тарағаны 
болып табылады. 
Шаруашылық серіктестіктің 
жарғылық капиталы құрылтайшылардың 
(қатысушылардың) салымдарынан құралады. Егер құрылтайшылардың заттай 
түрде салынған салымдарының ақшалай бағаланған құны 20000 айлық есептік 
көрсеткішке эквивалентті мөлшерден жоғары болса, онда салымды тәуелсіз 
эксперт бағалап растауға тиісті.
Серіктестіктер 
толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі 
шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік 
қоғам 
нысандарында құрылуы мүмкін. 
Толық серіктестіктің
қатысушылары 2 жеке тұлғадан кем болмауы керек. 
Жарғылық капиталдың минималды көлемі 25 айлық есепті көрсеткіштен төмен 
болмауға тиісті және жарғылық капиталдың құрылу тәртібі құрылтай 
құжаттарымен реттеледі. Яғни, жарғылық капталды құру, азайту немесе 
көбейту, табысты бөлу тәртіптері құрылтай жиналысында айқындалып, 
306 


құрылтай құжаттарына енгізіледі және мұндай шешімге барлық қатысушылар 
келісімін беріп, құжаттарға қолдарын қояды. 

Сенім серіктестігінің
жарғылық капиталы толық серіктестердің 
салымдары арқылы құрылады. Жарғылық капиталдың мөлшері 50 айлық 
есептік көрсеткіштен төмен болмауы қажет және әрбір салымшының қосқан 
үлесі барлық жарғылық капиталдың 50 пайызынан артық болмауы тиіс. 
 
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 
Жауапкершілігі шектеулі 
серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген 
мөлшерде үлеске бөлінген. Мұндай құрылымның жұмыскерлер саны 50 
адамнан аспауы керек. Кәсіпорынды тіркеу кезінде жарияланған жарғылық 
капиталдың кем дегенде 25 пайызы субъектіде бар болуға тиісті және қалған 
бөлігі жыл ішінде толық салынуы тиіс. Жарғылық капиталдың минималды 
көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс. Кейінгі шаруашылық 
қызметі барысында серіктестік қатысушыларының бірегей шешімі бойынша 
жарғылық капитал толықтырылуы (өсірілуі) мүмкін. Мұндай толықтыру бірінші 
жарияланған жарғылық капитал толығымен төленгеннен кейін ғана жүргізіледі. 
 
Акционерлік қоғам
ретінде жарғылық капиталы акциялардың нақты 
(номиналдық) құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік танылады, 
акционерлік қоғамның қатысушылары (акционерлер) оның міндеттемелері 
бойынша жауап бермейді және өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде 
қоғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді. 
Республикамыздың экономикасында акционерлік қоғамдар 
ашық және 
жабық акционерлік қоғамдар
түрінде белгіленген.
 
Ашық акционерлік қоғам.
Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне 
тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алады. Ашық 
акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу жүргізуге 
және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға құқылы. 
 
Жабық акционерлік қоғам. 
Мұндай қоғамның акциялары тек өз 
құрылтайшылары немесе алдын ала белгіленген адамдар арасында таратылады. 
Жабық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде жазылу 
жүргізуге не оларды сатып алуға алдын ала белгіленген тұлғалардан басқаларға 
ұсынуға құқығы жоқ. 
Шаруашылық жүргізуші субъектілер Мемлекеттік тіркеуден өткен кезде, 
құрылтайшылардың салымына тең мөлшердегі немесе акцияларға жазылу 
сомасына тең мөлшердегі оның жарғылық капиталы құрылтай құжаттарында 
көрініс табады.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының мөлшері бір акцияның 
номиналдық құны, қарапайым және басым артықшылығы бар акциялардың ара 
қатынасы қоғамның жарғысында жазылады және тиісті мемлекеттік органдарда 
тіркеледі. 
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы сатып өткізілген 
акциялардың номиналдық құны бойынша бағаланады. Сатып-өткізілген 
307 


акциялардың нақты құнының олардың номиналдық құнынан жоғары болуы 
бухгалтерлік есепте жеке көрсетіледі және де ол акцияларды номиналдық 
құнынан төмен бағаға сатқан кезде сатып өткізілген акцияның нақты құны мен 
номиналдық құнының арасындағы айырманың орнын толтыру үшін 
пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет