Принциптері



Pdf көрінісі
бет183/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
 
Акционерлік қоғам капиталының есебі 
Акционерлік қоғам капиталының құрылу тәртібі жауапкершілігі шектеулі, 
косымша жауапкершілігі бар, толық және сенім серіктестіктеріндегі 
капиталдың құрылуынан бірқатар өзгешелігі бар, акционерлік қоғам 
капиталының құрылымын жалпы түрде төмендегі кесте арқылы беруге болады 
(
схема 12.1.):
 
Акционерлік қоғам капиталының құрылымы 
Меншікті капитал 
Акционерлік капитал Қосымша капитал, 
Салынған капитал Негізгі құралдарды
қайта бағалау
Артықшылығы
бар акциялар Инвестицияларды
қайта бағалау
Қарапайым акциялар
Қосымша төленген капитал
Бөлінбеген табыс
 
Акционерлік қоғамда жарғылық капиталдың құрылуы Қазақстан 
Республикасының Азаматтық кодексіне және басқадай заңдық құжаттарға 
сәйкес мемлекеттік тіркеу реестріне енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады. 
Жарғылық капитал - құрылтай құжаттарымен анықталған мемлекет 
бөлген, құрылтайшылар қосқан үлес, еңбек ұжымы мүшелерінің пай жарнасы 
Резервтік капитал 
323 


негізінде ғимараттар, құрылыстар түрінде, материалдық құндылықтар, құнды 
қағаздар, ақша қаражаттары, жерді суды, басқадай табиғи ресурстарды 
пайдалану құқықтары түріндегі акционерлік қоғам қаражаттарының жиынтығы.
Жарғылық капитал жарғыда анықталған уақыт ішінде құрылады. 
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының бары мен оның 
қозғалысының есебін жүргізу үшін бухгалтерлік есептіңшоттар жоспарында: 
5010 «Артықшылығы бар акцияларң, 
5020 «Қарапайым акцияларң синтетикалық шоттары қаралған. 
Бұл шоттардың кредитінде акционерлік қоғамның жарияланған капиталы, 
яғни ационерлердің оның жарғылық капиталына қосатын үлестері бойынша 
қарыздарының сомасы көрсетіледі. Мысалы, «Тұлпарң акционерлік қоғамы 
жарғылық капиталын 300 000 теңге қарапайым акциялар және 200 000 теңге 
басым артықшылығы бар акциялар бойынша бөліп, жалпы көлемі 500 000 теңге 
жарғылық капиталын жариялады, ол мынадай шот корреспонденциясы арқылы 
бейнеленеді: 
 

ДТ КТ 
5110 «Төленбеген капиталң 500 000
5020 «Қарапайым акцияларң, 300 000

5010 «Артықшылығы бар акцияларң. 200 000 
Акционерлер үлесі Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - 
теңгемен бағаланады. Үлесті бағалау тәртібі қоғам жарғысында анықталады. 
Бұған қоса акционерлер өздері қосқан үлес құны және оны анықтау әдісі 
жазылған құжат ұсынады.
Егер де төлемнің басқа арнайы түрі қарастырылмаса, акцияны сатып алу 
нақты ақшамен жүргізіледі. 
Мысалы, аталмыш акционерлік қоғам акционерлерден ақша қаражаты 
түрінде келіп түскен салымдар сомасына – 45 000 теңге, мынадай бухгалтерлік 
жазу орындайды: 

ДТ КТ 
1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың, 40 000
1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақшаң 5 000 

5110 «Төленбеген капиталң 45 000
Егер де төлем материалдық активтер және материалдық емес активтер 
түрінде болса, оның құны нарықтық бағасымен бағаланады. Салым түрінде 
жұмыс жасау және қызмет көрсету құқығын қосуға болмайды. Егер 
құрылтайшы мүлікті тек пайдалануға берген жағдайда салым мөлшері жалға 
алу құжатында көрсетілген жалдау төлемі көлемінде қатысушы үлесі болып 
табылып, құрылтай құжатында көрсетілген акционерлік қоғам қызметінің 
мерзіміне және қатысушылармен келісілген мерзімге есептеледі. 
324 


Мысалы, «Тұлпарң акционерлік қоғамы акционерлерден келіп түскен 
материалдық емес активтер, негізгі құралдар (негізгі құралдардың бағаланған 
құны амортизация сомасын және пайдалану мерзімін ескере отырып, оның 
ағымдағы құнынан тозу сомасы алынып тасталғандағы бағалау құнымен есепке 
алынады) және басқадай құндылықтар түріндегі салымдарды – 313 000 теңге 
сомасына кіріске алды делік, ол төмендегі бухгалтерлік жазу арқылы 
көрсетіледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет