Принциптері



Pdf көрінісі
бет184/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері


ДТ КТ 
2730 «Материалдық емес активтерң, 80000 
2410 «Негізгі құралдарң, 150000
1310 «Материалдарң, 58000 
1330 «Тауарларң бөлімше шоттары 25000
5110 «Төленбеген капиталң 313000
Сондай-ақ, мысалы, акционерлердің бірі акция құнын негізгі құралдарды 
пайдалануға беру жолымен төледі делік – 56 000 теңге сомасына, оған мынадай 
шоттар корреспонденциясы анықталады: 

ДТ КТ 
2730 «Басқадай материалдық емес активтерң 56 000 
5110 «Төленбеген капиталң 56 000
Акционерлік қоғамының жарғылық капиталының көлемі көбейіп, азайып 
тұруы мүмкін. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының көбеюі қосымша 
акция шығару арқылы немесе бұрын шығарылған акцияның номиналдық 
құнының төмендегі себептердің әсерінен көтерілуі арқылы болуы мүмкін: 
-
акционерлер мен қатысушылардың қосымша жарнасы; 
-
есепті жылғы таза табыс және өткен жылғы бөлінбеген таза табыстың 
жинақталған сомасы. 
Қайтарылып алынған капитал
– 
айналымнан алып тастау мақсатында 
акционерлерден сатып алынған меншікті акцияларының құны. 
 
Қайтарылып алынған акциялардың есебі контрпассивті 5210 
«Қайтарылып алынған капиталң шотында жүргізіледі.
Мысалы, «Тұлпарң акционерлік қоғамы жарғылық капиталын 100 000 
теңгеге азайту жөнінде шешім қабылдады, яғни алғаш тіркеліп жарияланған 
500000 теңге жарғылық капиталдың 100000 теңге көлеміндегі акциялары 
айналымнан алып тастау жөнінде шешім қабылданды делік.
Акционерлерден қайтарылып алынған меншікті акциялардың құнына 
мынадай бухгалтерлік жазу орындалады: 
325 



ДТ КТ 
5210 «Қайтарылып алынған капиталң 100 000

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың, 100 000
Содан соң бұл операция жарғылық капитал шоттарында келесі шоттар 
корреспонденциясы арқылы көрініс табады: 
 

ДТ КТ 
5020 «Қарапайым акцияларң, 50 000
5010 «Артықшылығы бар акцияларң 50 000 
5210 
«Қайтарылып алынған капиталң 100 000
 
Акционерлік қоғам меншікті акцияларын сатып алу кезінде оларды 
номиналдық құнынан төмен немесе номиналдық құнынан жоғары бағаға сатып 
алуы мүмкін. Бұл айырмашылықтар бухгалтерлік есепте төмендегіше көрініс 
табады.
Мысалы, «Тұлпарң акционерлік қоғамы номиналдық құны 1000 теңге 
тұратын 100 дана меншікті акциясын қайта сатып алды.
1 жағдай:
«Тұлпарң акционерлік қоғамы 1 данасының номиналдық құны 1000 
теңге тұратын 50 дана қарапайым акциясын «Нұрлың жауапкершілігі шектеулі 
серіктестігінен 45000 теңгеге қайта сатып алды, яғни акционерлік қоғам 
меншікті акцияларын номиналдық құнынан төмен бағаға сатып алды. Мұндағы 
әр акцияның сатып алу бағасы 900 теңге (45000 теңге/50 дана акция) болып 
отыр. Сөйтіп кәсіпорын 5000 теңге (50000-45000) таза табыс алды. Осы 
орындалған операцияға «Тұлпарң акционерлік қоғамы төмендегі шоттар 
корреспонденцияларын орындайды: 
 
1
)
ДТ КТ 

5210 «Қайтарылып алынған капиталң 45 000

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 45 000
 
2
)
ДТ КТ 

5210 «Қайтарылып алынған капиталң 5 000
5410
0 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 5 000 
 
 
3)
ДТ КТ 

5020 «Қарапайым акцияларң, 50 000
5210 
«Қайтарылып алынған капиталң 50 000
 
326 


2 жағдай:
«Тұлпарң акционерлік қоғамы 1 дана акцияның номиналдық құны 
1000 теңге тұратын 50 артықшылығы бар акциясын «Ақ ниетң жауапкершілігі 
шектеулі серіктестігінен 58000 теңгеге қайта сатып алды, яғни акционерлік 
қоғам меншікті акцияларын номиналдық құнынан жоғары бағаға сатып алды.
Мұндағы әр
 
акцияның сатып алу бағасы 1160 теңге (58000 теңге/50 дана акция) 
болып отыр. Яғни акционерлік қоғам 8000 теңге (50000-58000) көлемінде зиян 
шекті. Акциялардың сатып алу құнының номиналдық құнынан жоғары болуы 
акционерлік қоғамның бухгалтерлік есебінде төмендегі жазулар арқылы 
бейнеленеді:
1
)
ДТ КТ 

5110 «Қайтарылып алынған капиталң 58000

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың 58000
2)
ДТ КТ 

54100 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 8000 
54100
 
«Қайтарылып алынған капиталң 8000
 
3)
ДТ КТ 

5020 «Артықшылығы бар акцияларң 50000

5110 «Қайтарылып алынған капиталң 50000
5110 шот бойынша аналитикалық есеп айналымнан алынған акциялардың 
түрлері, сериялары, реттік номерлері бойынша ведомостерде немесе 
машинограммаларда жүргізілуі тиіс. 
Қосымша төленген капитал
деп - акционерлік қоғамның меншікті 
акцияларының олардың номиналдық құнынан жоғары бағаға сатып өткізу 
нәтижесінде алынған эмиссиялық табысын айтамыз. Капиталдың бұл түрінің 
есебі 5030 «Қосымша төленген капиталң шотында жүргізіледі. Бұл шот пассивті 
қарапайым шот болып табылады, ол бойынша аналитикалык есеп жүргізілмейді. 
Мысалы, «Тұлпарң акционерлік қоғамы 1 акциясының номиналдық құны 
1000 теңге тұратын 10 акциясын жалпы сомасы 15000 теңгеге сатып өткізді 
делік, яғни 1000 теңге (10000 теңге /10 акция) тұратын әрбір акцияны ол 1500 
теңгеден (15000/10) сатып-өткізді. Меншікті акциялар өзінің номиналдық 
құнынан жоғары бағаға сатып өткізілсе, номиналдық құны мен сатып өткізу 
бағасының айырма сомасына, біздің мысалымызда ол 5000 теңгеге тең (15000-
10000), келесі шоттар корреспонденциясы орындалады: 

 
 
 
327 


1
)

ДТ КТ 

1030 «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарың, 15000
 
5030 «Қосымша төленген капиталң 5000 

5110 «Төленбеген капиталң 10000 
 
 
2)
ДТ КТ 

5030 «Қосымша төленген капиталң 5000

54100 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 5000 
 
Қосымша төленбеген капитал
деп - кәсіпорынның инфляцияға 
байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқадай активтерді 
қайта бағалаудан алынған сомасын айтамыз. Мұндай капиталдың бары мен 
қозғалысының есебі 54 «Қосымша төленбеген капиталң бөлімшесінің 
шоттарында жүргізіледі. 
Мысалы, жоғарыда аталған акционерлік қоғам меншікті негізгі 
құралдарына және ұзақ мерзімді инвестицияларының бастапқы құндарына 
қайта бағалау (өсіру) жүргізді делік, негізгі құралдарды 5600 теңгеге, ал 
инвестицияларды 4000 теңгеге өсіріп қайта бағалады: 

ДТ КТ 
2410 «Негізгі құралдарң бөлімше шоттары 5600 
1150 «Қаржылық инвестицияларң бөлімше шоттары 4000
5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған

қосымша төленбеген капиталң 5600 
5440 «Инвестицияларды қайта бағалаудан алынған

қосымша төленбеген капиталң 4000 
 
Қайта бағаланған негізгі құралдар бойынша олардың жинақталған тозу 
сомасына тиісінше түзетулер енгізіледі, түзету сомасына: 

ДТ КТ 
5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған
қосымша төленбеген капиталң 600 

2420 «Негізгі құралдардың тозуың бөлімше шоттары 600
 
Негізгі құралдардың қызмет ету мерзімі ішінде табысқа көшірілмеген 
қайта бағалау сомасына және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар есептен 
шығарылған кезде олардың қайта бағалау сомасына келесі шоттар 
корреспонденциясы орындалады: 
328 



ДТ КТ 
5420 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан алынған
қосымша төленбеген капиталң 5000 
5440 «Инвестицияларды қайта бағалаудан алынған
қосымша төленбеген капиталң 4000 

54100 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы

(жабылмаған зияны)ң 9000
 
Басқадай активтерді (шикізаттарды, материалдарды, отынды, дайын 
өнімді және т.б.) қайта бағалау бойынша операциялардың есебін жүргізу үшін 
5430 «Басқадай қосымша төленбеген капиталң шоты пайдаланылады. 
5120,5030 кіші бөлімдер бойынша аналитикалық және синтетикалық есеп 
ведомостарда немесе машинограммаларда капиталдың түрлері бойынша 
жүргізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет