Принциптері



Pdf көрінісі
бет180/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

бастапқы салынған 
капиталдың үлесі бойынша
бөліп тарату көзделген болса, онда «ГүлЖанң 
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушыларының арасында таза 
табыс 100 000 теңге төмендегіше бөліп таратылады: 
Гүлсара 100 000*54%=54 000
Жансая 100 000*46%=46 000 
Бұл мысалдан байқайтынымыз, Гүлсара мен Жансаяның кейінгі салған 
капиталы табыстың бөліп таратылуына қатысты емес деп шешіп, табысты бөліп 
таратуда тек бастапқы салынған капитал маңыздырақ деген пайымдау бойынша 
үлесін анықтайды.
Егер есеп беру мерзімінің ішінде қосымша капитал салынған болса және 
қатысушылар белгілі бір себептермен капиталдарын қайтарып алған болса, 
мұндай қозғалыстың нәтижесінде, әрине, әрбір қатысушының үлесі өзгеріске 
ұшырайды. Сондықтан да қатысушылар капиталдың көлемі бойынша табысты 
бөліп тарату әдісін пайдаланған болса, онда капитал үлесін анықтауда бастапқы 
салынған капитал негізге алына ма немесе барлық салынған капиталдың орташа 
үлесі бойынша үлес анықтала ма соны міндетті түрде айқындап алулары керек.
Егер қатысушылар есепті кезең (жыл) ішінде капитал көлемі елеулі 
өзгеріске ұшырайды деп есептесе, онда қатысушылар табысты бөліп таратуда 
есепті кезең ішіндегі орташа капиталдың құнын анықтау арқылы таза табысты 
бөліп тарату үлесін анықтайды. 
Мысалы: 
Гүлсара мен Жансая 2012 жылдың 3 қаңтарында 75 000 және 65 
000 теңгеге капитал салды. 2012 жылдың 1 мамырында Гүлсара 20 000 теңге, ал 
Жансая 2012 жылдың 1 маусымында 20 000 теңге капиталдарын қайтарып 
алған. Сонымен бірге 2012 жылдың 1 тамызында Жансая 10 000 теңгеге 
қосымша капитал салды. Есепті жылдың нәтижесі 100 000 теңге таза табыспен 
аяқталды. Осы мәліметтерді пайдалана отырып, капиталдың орташа құнын 
есептеу әдісі және соның негізінде таза табысты бөліп тарату тәртібі төмендегі 
кестеде (10.1.) берілді.
Сонда, Гүлсараның алатын үлесі 61667 тг/119167*100%=51,8% 
Жансаяның алатын үлесі 57500 тг/ 119167*100%=48,2% 
Пайданың бөліп таратылуы төмендегіше болады: 
Гүлсараның алатын пайдасы 100000*51,8%=51800 теңге 
Жансаяның алатын пайдасы 100000*48,2%=48200 теңге 
Бұл есептеуде негізгі үш көрсеткіш анықталуға тиісті: 1) орташа капитал 2) 
орташа капиталдың үлесі 3) қатысушылардың пайданы бөлуде және зиянды 
жабуда әрқайсысының алатын үлесі. Әрбір қатысушының орташа капиталының 
үлесін анықтағанда капиталдағы болған өзгерістердің барлығы есепке алынуы
316 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет