Принциптері



Pdf көрінісі
бет182/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Серіктестіктің таратылуы
Егер серіктестіктің қатысушыларына:
1)
жаңа қатысушы келіп қосылса, 
2)
алдыңғы қатысушының жарғылық капиталдағы үлесін басқа бір тұлға 
сатып алса, 
3)
және қатысушылардың бірі қайтыс болса,
онда бұл жағдайлар серіктестіктің таратылуына (dіssolutіon) әкеліп соғады. 
Таратылудан кейін қатысушылар кәсіпорында коммерциялық қызметті жүзеге 
асыру құқығы болмайды. Алайда қалған қатысушылар бастап қойған 
операцияларын аяқтауға құқылы немесе қатысушылар жаңа серіктестік құрып 
қаржы-шаруашылық қызметін әрі қарай жалғастыруы тиіс.
Резервтік капитал есебі 
 
Резервтік капитал
бұл - бөлінбеген табыс есебінен құрылатын 
кәсіпорынның меншікті қаржысының бір бөлігі. 
Резервтік капиталдың құрылу тәртібі заң актілерімен және серіктестіктің 
құрылтай құжатымен реттеледі.
Резервтік капитал есебі 5400 «Резервтік капиталң бөлімшесінің пассивті 
шоттарында жүргізіледі. Мысалы, «ГүлЖанң жауапкер-шілігі шектеулі 
серіктестігі есепті жылы алынған таза табыстың – 100 000 теңге 45 000 теңгесін 
резервтік капитал құруға жұмсады делік, бұл операцияға төмендегі бухгалтерлік 
жазу орындалады:

321 



ДТ КТ 
54100 «
Есепті жылдың бөлінбеген табысы
(
жабылмаған зияны)ң 45 000 
5460 «
Заңдармен белгіленген резервтік капиталң 45 000 
Кейбір кәсіпорындарда есепті жылдың табысы болмаған немесе жеткіліксіз 
болған жағдайда серіктестік қатысушыларына табысты төлеу резервтік капитал 
қаржылары есебінен жүзеге асырылады. Мысалы, «ГүлЖанң жауапкершілігі 
шектеулі серіктестігі 2000 жылы қатысушыларына (құрылтайшыларына) 150000 
теңге көлемінде табыс есептеді делік. Ал 2000 жылы алынған 100000 теңге таза 
табыс көлемі жеткіліксіз болып отыр, сондықтан кәсіпорын жетіспеген 50000 
теңгені 1999 жылы құрылған резервтік капиталдың қаржылары есебінен төледі, 
бұл операция келесі шоттар корреспонденциясымен бейнеленеді:
ДТ КТ 
5460 «
Заңдармен белгіленген резервтік капиталң, 50 000
3390 «
Басқадай кредиторлық борыштарң 50 000 
Өткен есепті мерзімдерде құрылған резервтік капитал қаржылары есебінен 
осы есепті жылда кәсіпорынның шеккен зияны жабылу мүмкіндіктері де 
қарастырылуы мүмкін. Мысалы, «Нұрң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 
есепті 2000 жылы 50000 теңге көлемінде зиян шекті, құрылтайшылардың 
шешімі бойынша бұл зиян 1999 жылы құрылған резервтік капиталдың 
қаржылары есебінен жабылды, бұл операция төмендегі шоттар 
корреспонденциясы арқылы бейнеленеді:

ДТ КТ 
5460 «
Заңдармен белгіленген резервтік капиталң 50 000
54100 «
Есепті жылдың бөлінбеген табысы
(
жабылмаған зияны)ң 50 000 
Сондай-ақ, резервтік капиталдың қаржылары есебінен өткен жылдардың 
зияны жабылуы мүмкін. Мысалы, «Нұрң жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 
1999 
жылы 25000 теңге көлемінде зиян шекті делік, ол зиян 54600 «Өткен
жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)ң шотында есепке алынды, 
есепті 2000 жылда алынған таза табыстың есебінен құрылған резервтік 
капиталдың қаржылары есебінен өткен жылдың жабылмаған зиянын жабу 
жөнінде кәсіпорында шешім қабылданды, бұл операцияға мынадай шоттар 
корреспонденциясы орындалады:

ДТ КТ 
5460 «
Заңдармен белгіленген резервтік капиталң 25 000
54600 «
Өткен жылдардың бөлінбеген табысы
(
жабылмаған зияны)ң 25 000 
322 


Резервтік капиталдың Заңмен белгіленген ең төменгі мөлшерінен артық 
(
жоғары) құрылған резервтік капиталдың есебі жеке есепке алынуы тиіс, ол 
5450 «
Басқадай резервтік капиталң шотында жүргізіледі. 5410-ші шот бойынша 
орындалатын шоттар корреспонденциясы 5460 шотқа ұқсас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет