«Дебетң және «Кредитң деген терминдер латын сөздерінен шыққан: debet-
берешек,
kred
іt-
сену
деген мағынаны білдіреді. Кестенің жоғарғы жағына
шоттың атауы жазылады (сурет 4.1.)
Дебет
Шоттың атауы
Кредит
Сурет 4.1 – Бухгалтерлік шот
Бухгалтерлік шоттардағы қалдықты бейнелеу үшін «сальдоң (C) деп
аталатын терминді пайдаланады. С
1
–
бастапқы сальдо – есеп беру мерзімінің
басындағы, яғни операциялар орындалмай тұрған кездегі есеп объектісі
бойынша қалдықты көрсетеді, ал есеп беру мерзімінің соңындағы, яғни
операциялар орындалғаннан кейінгі қалдық С
2
арқылы көрсетіледі.
Есепті кезеңнің (айдың) басында есеп объектілері бойынша шоттар баланс
баптары негізінде ашылады. Сондықтан балансқа қатысты бухгалтерлік шоттар
активті
және
пассивті
болып бөлінеді.
Кәсіпорын активтерінің әрбір жекелеген түрлерінің нақты бары мен
олардың қозғалысының есебін жүргізу үшін пайдаланылатын шоттарды
активті шоттар
деп атайды.
Бұл шоттар есепті кезеңнің (айдың) басында баланстың «Активтерң
бөлімінің баптары бойынша ашылады. Есеп объектілері бойынша бастапқы
және ақырғы сальдо (қалдық) активті шоттардың дебетінде жазылады. Төменде
активті шотқа жазу тәртібі келтірілді (сурет 4.2.).
Сонымен, активті шоттың дебеті жағында – есеп объектісі бойынша есепті
кезеңнің басы мен аяғындағы сальдо және бастапқы сальдоны көбейтетін
шаруашылық операцияларының сомалары, ал кредиті жағында – бастапқы
сальдоны азайтатын шаруашылық операцияларының сомалары жазылады.
Егер шоттың дебеті бойынша айналым сомасын - ДТ айналым, ал кредиті
бойынша айналым сомасын - КТ айналым деп белгілейтін болсақ, онда активті
шот бойынша ақырғы сальдо сомасы төмендегі формула арқылы анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: