Принциптері



Pdf көрінісі
бет89/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Бір ізділік (жүйелілік)

субъект өзі таңдаған есеп жүргізу саясатын 
бір есеп беру мерзімінен келесі есеп беру мерзіміне дейін жүйелі түрде бір 
ізділікпен пайдаланып отырады;
12. 
Әділетті және бұрмалаусыз көрсету

қаржылық қорытынды есеп 
оның ақпараттарын пайдаланушыларға субъектінің қаржылық жағдайын, 
қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесін ақша қаражаттарының қозғалысын 
әділ және бұрмалаусыз көрсетуге тиісті.
152 


Бұл принциптердің негізінде шаруашылық жүргізуші құрылымдарда 
құрылған есеп саясаты ондағы бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын 
қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның есеп саясатын құрудың негізгі болып шаруашылық 
операцияларының, активтердің, меншікті капиталдың, міндеттемелердің, 
қызмет нәтижелерінің және басқалардың есепте бейнеленуінің альтернативті 
әдістерін ұсынатын бухгалтерлік есеп стандарттары табылады. 
Есеп саясатын құру әрбір стандарт ұсынатын әдістердің біреуін таңдаудан, 
кәсіпорынның есеп жүргізу саясатын құру қаржылық қорытынды есепті 
дайындау және тапсыруға әсер ететін маңызы және жауапты процедура болып 
табылады. Есеп саясатын құруға субъект басшысы жауапты. 
Кәсіпорынның есеп саясатының мазмұны қаржылық қорытынды есепке 
тексеру жүргізуде салық инспекциясы, аудиторлар, тексеру комиссиясы 
пайдаланатын ең негізгі құжаттардың бірі болып табылады. 
Таңдалып алынған есеп саясаты тиісті ұйымдық - өкімдік құжаттарда 
көрсетілуге тиісті. Ондай құжаттарға кәсіпорын басшысының бұйрығы, өкімі, 
кәсіпорынның ішкі ережелері, нұсқаулары және процедуралары, меншік 
иелерінің шешімдері (акционерлердің, серіктестік қатысушыларының жалпы 
жиналысының шешімдері) және т.б. құжаттар жатады. Іс тәжірибеде осы 
аталған құжаттардың ішінде кең қолданылатыны - кәсіпорын басшысың 
бұйрығы.
Есеп саясатын бейнелеуде бухгалтерлік еспті ұйымдастырудың жобалық 
материалдарының маңызы бар. Олардың ішінде - құжат айналымынң графигі, 
бухгалтерлік есп шоттарының жоспары, бухгалтерлік есептің автоматтан-
дырылған нысанының жұмыс жобалары бар. Оларды шығарудың мақсаты – 
кәсіпорын қалап алған тәсілдердің қолданылу тәртібін бейнелеу және есеп 
саясатының түрлі аспектілері техникалық түрде қалай пайдаланылуға тиісті 
екендігі анықтау болып табылады.
Кәсіпорынның есеп саясатына арналған құжаттармен бірге оның барлық 
шаруашылық және басқару жүйесін құрудың негізін қалайтын құрылтай 
құжаттарының (жарғы, құрылтай келісім шарты) маңызын атап айту керек.
Есеп саясаты кәсіпорындағы есеп жүргізу процессінің барлық аспектілерін 
қамтиды - 
әдістемелік, техникалық, ұйымдық.
Бухгалтерлік есептің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет