Принциптері



Pdf көрінісі
бет85/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
144 


 
Ақжол ЖШС-гі 
Кәсіпорын, ұйым 
Журнал-ордер № 1 
Қаңтар айы 2012 жыл 
1010 
«Кассадағы ақша қаражаттарың 
шотының кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне
(қысқартылып алынды) 
№ 
Мерзім 
немесе 
қандай 
күндер үшін 
1250-
Есеп 
беруге тиісті 
тұлғалармен 
есеп айырысу 
3350-
Персоналмен 
еңбек ақы 
бойынша есеп 
айырысу 
7210-
Жалпы 
және 
әкімшілік 
шығыстар 
1030-
Банк-
тегі есеп 
айырысу 
шотындағы 
нақты ақша 
Басқа да 
шоттар 
Жиынтығы 

1.01.12 
500 
500 

5.01.12 
65000 
65000 

8.01.12 
21000 
1570 
22570 

15.01.1 2 
2560 
2560 

25.01.12 
145000 
145000 
Жиынтығы 
21500 
65000 
4130 
145000 
235630 
(сыртқы беті) 
№ 1 Журнал-ордеріне
Ведомост № 1 
Қаңтар айы 2012 жыл 
1010 
«Кассадағы ақша қаражаттарың 
шотының дебетінен төмендегі шоттардың кредитіне
(қысқартылып алынды) 
айдың басындағы қалдық 24560 теңге 
№ 
Мерзім 
немесе 
қандай 
күндер үшін 
1250-
Есеп 
беруге тиісті 
тұлғалармен 
есеп айырысу 
1030-
Банктегі 
есеп айырысу 
шотындағы 
нақты ақша 
1210-
Алы-
нуға тиісті 
шоттар 
6010-
Өнімді 
(жұмысты, 
қызметті) 
сатып-өткі-
зуден түс-
кен табыс 
Басқа да 
шоттар 
Жиынтығы 

3.01.12 
300 
300 

4.01.12 
85000 
55600 
140600 

15.01.12 
5000 
65300 
70300 

23.01.12 
30000 
30000 
Жиынтығы 
5300 
85000 
85600 
65300 
241200 
айдың аяғындағы қалдық 30130 теңге 
145 


Журнал-ордерлердің жиынтық мәліметтері есепті кезеңнің (айдың) аяғында 
Бас кітапқа көшіріледі. Бас кітаптың мәліметтері бойынша айналым ведомосы 
(сальдолық) бухгалтерлік баланс жасалынады. Төменде бухгалтерлік есептің 
журнал-ордерлік нысанының сұлбасы ( сурет 6.2.) келтірілді. 
Бухгалтерлік есептің журнал ордерлік нысаны
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 6.2 Бухгалтерлік есептің журнал ордерлік нысаны
Бухгалтерлік есептің журнал-ордерлік нысанын пайдалану кезінде 
шахматтық бақылаушы ведомосты және шахматтық балансты құру қажеттілігі 
туындамайды. 
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған нысаны - 
бүгінгі күннің 
талабына сай, электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға 
негізделген. Бұл нысан есептік процесстің бастапқы құжаттардан бастап, 
бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз 
етеді. 
Кәсіпорында бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнын құру көп 
жағдайда бухгалтерлік есепті жетілдіруге мүмкіндік туғызады. 
Бухгалтердің 
автоматтандырылған 
жұмыс 
орнын 
ұйымдастыру 
проблемасын шешуде бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады. 
Бірінші кезеңде – есеп аппаратының бөлімдерінде есептеу техникаларының 
негізінде бухгалтердің жеке автоматтандырылған жұмыс орнын құру 
болжанады. 
Бастапқы құжаттар 
Касса кітабы 
Аналитикалық 
шоттардың 
картотекасы 
Бас кітап 
Журнал ордерлер 
Аналитикалық шоттар 
бойынша айналым 
ведомостары 
Бухгалтерлік баланс және басқа да 
қорытынды есеп нысандары 
Көмекші және 
топтастырушы 
ведомостар 
146 


Екінші кезеңде – есеп аппаратының ішінде бухгалтердің автоматтан-
дырылған жұмыс орнының локалдық желісі жасалынады.
Үшінші кезеңде - құжаттаудың және есеп ақпараттарын өңдеудің 
локалдық желісі ұйымдастыру және есептеу техникасының құралдарымен бір 
жүйеге бірігеді. 
Бұл келешекте ақпараттарды өңдеудің қағазсыз технологиясын жасауға 
мүмкіндік береді. 
Қазіргі кезде басқару және есеп аппаратының жұмыскерлері үшін 
автоматтандырылған жұмыс орнын құрудың бірінші және екінші кезеңдерінің 
міндеттерін шешудің барлық алғы шарттары жасалынған.
Жұмыстың басында анықтамалық сипаттағы ақпарат электронды есептеу 
машинасына енгізіледі, мұнда ағымдағы есептік ақпарат бастапқы құжаттардан 
немесе белгілі бір тіркеушілерден арнайы бағдарламалар бойынша 
компьютерлерге түсіріледі, содан соң ол ақпарат өңделеді, сақталады, 
қажеттілігіне байланысты оны компьютер экранына немесе баспаға шығаруға 
болады. 
Электрондық 
есептеу 
машинасынан 
алынатын жүйелік 
және 
хронологиялық жазулары бар кез келген құжат есеп регистрі бола алады.
Өңделетін есеп ақпараттарының көбеюіне байланысты ұжымдық жұмысты 
ұйымдастыру мақсатында субъектінің алдында жаңа жұмыс күші мен жаңа 
жұмыс орындарын қамтамасыз ету проблемасы туындайды. Сөйтіп, 
нәтижесінде жеке компьютерлерді бір жүйелік бағдарламаға біріктіру қажеттігі 
пайда болады. Мұндай жобаның негізін компьютерлік бағдарлама енгізілген 
серверлер құрайды. Бұл бірлесіп жұмыс атқаруға негізделген және есептің 
алдына қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін компьютердің, операциялық 
жүйенің және бухгалтерлік есеп бағдарламасының бірлескен аппаратты-
бағдарламалық кешені. 
Сервер бухалтерлік және басқару есебінің жалпы ақпараттық базасымен 
жабдықталған бағдарламамен бухгалтерия қызметкерлерінің бірнешеуінің бір 
уақытта бір біріне кедергісіз жұмыс істеуіне, тұтынуына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ол құжаттарды баспаға шығаруды, факстарды және электрондық 
пошталарды жіберуді және басқадай жұмыстардың орындалуын аз уақыт ішінде 
тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. 
Кәсіпорында бухгалтердің автоматтандырылған жұмыс орнын құру 
бухгалтерлік есепті жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Бухгалтерлік есепті 
автоматтандыру жүйесінде әртүрлі бағдарламалар пайдаланылады. Солардың 
ішінде ерекше орын алатын қарапайым есепті жүргізуде де, қосарланған есепті 
жүргізуде де пайдаланылатын әмбебап бухгалтерлік бағдарлама – “1С: 
Бухгалтерия”. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының заңынан 
туындайтын қандай да болмасын өзгерістер жағдайында жұмыс істей алады. 
“1С: Бухгалтерия” бағдарламасын пайдалана отырып бухгалтер шот тізбегіне, 
147 


проводкалар жүйесіне және аналитикалық есеп объектілерінің тізіміне өзі 
түзету енгізе алады. 
Төменде бухгалтерлік есептің автоматтандырылған нысанының сұлбасы
(сурет 6.3.) келтірілді. 
Бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жұмыс орнын қолдану 
мынандай мүмкіндіктерге қол жеткізеді: 
-
есеп мәліметтерінің сапасы мен оперативтілігін (жылдамдығын) 
жоғарылатады; 
-
аралық ақпарат тасымалдаушыларды дайындауды қысқартады;
-
қол еңбегінің, қағаз өңдеу шығындарын азайтуға жағдай туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет