құжаттардың сақталуын, сондай-ақ есепті кезеңнің аяғынада хронологиялық
және жүйелік жазулардың жиынтығын салыстырып тексеру мүмкіндігін
қамтамасыз етеді.
Жүйелеуші регистрлерде
шаруашылық операциялары экономикалық
мазмұны бойынша топтастырыла отырып тіркеледі.
Құрамдастырылған регистрлерде
шаруашылық операциялары бір уақытта
хронологиялық және жүйелеуші тәртіппен жазылады. Мұндай регистрлер
бухгалтерлік есепті журнал-ордерлік нысан бойынша жүргізуде қолданылады.
Құрылымы бойынша регистрлер
бір жақты, екі жақты, көп бағаналы, түзу
сызықты, шахматты болып бөлінеді.
Бір жақты регистрлер дегеніміз
–
шоттардың дебеттік және кредиттік
белгісі бойынша бухгалтерлік жазулар бір жағында көрсетілетін регистрлер.
Екі жақты регистр дегеніміз
-
сол жағында шоттың дебеттік белгісі
бойынша, ал оң жағында кредиттік белгісі бойынша бухгалтерлік жазулар
жазылатын регистр.
Көп бағаналы регистрлерде
шоттардың дебеті немесе кредиті жағындағы
мәліметтер жазылған (ашылған) түрде тіркеледі. Мысалы, шығындар шығын
баптары немесе элементтері бойынша көрсетіледі.
Түзу сызықты регистрлерде
экономикалық мазмұны байынша біртекті
ақпараттарды (кейде бірнеше шаруашылық операциялары бойынша) бір жолға
жазуға болады.
Шахматтық регистрлер
шахматтың белгілі принципі бойынша құрылады,
яғни әрбір жазылған сома екі белгіні сипаттайды, мысалы: дебеттелінген және
кредиттелінген шот.
Достарыңызбен бөлісу: