сызықтық-позициялық әдіспен шоттың кредиттік белгісі бойынша төмендегі
схемада көрсетілген реттпен жүреді:
құжат – регистр – қаржылық
қорытынды есеп нысандары.
Журнал-ордерлік
нысанның регистрлеріне -
журнал-ордерлер, ведомос-
тар, Бас кітап
жатады.
Осы аталғандардың ішінде басты регистр болып журнал-ордерлер
саналады, олар жинақтау ведомостары (журнал) мен мемориал ордердің (ордер)
қосындысы
болып табылатындықтан, бұл регистрдің атын осылайша атау
қалыптасқан.
Журнал – ордерлерде және олардың ведомостарында шаруашылық
операцияларын тиімді топтастыруға мүмкіндік беретін типтік шоттар
корреспонденциялары қарастырылған.
Бухгалтерлік есепті журнал-ордерлік
нысан бойынша ұйымдастыруда
шаруашылық операцияларының шоттарда хронологиялық және жүйелі түрде
жазылуы бір уақытта бірегей жұмысшы процесс ретінде жүзеге асырылады.
Яғни, шаруашылық операцияларын хронологиялық тіркеу журналы
жүргізілмейді. Жинақтаушы регистрлерге жазулар кәсіпорынның қаржы-
шаруашылық және коммерциялық қызметін басқару үшін, сонымен бірге айлық,
тоқсандық және жылдық қорытынды есептерді құру үшін қажетті көрсеткіштер
бойынша жазылады. Аналитикалық және синтетикалық есеп шоттарға жазудың
бірегей жүйесі арқылы бухгалтерлік регистрлердің екі түрін: журнал-ордерлерді
және көмекші ведомостарды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Журнал-ордерлерді және көмекші ведомостарды құру шаруашылық
операцияларын шоттарға тіркеудің кредиттік белгісіне негізделген. Яғни,
бастапқы құжаттардың мәліметтері журнал-ордерлерге
тиісті шоттардың
кредиті бойынша бір уақытта олармен корреспонденцияланушы шоттардың
дебеттік айналымдарын көрсету арқылы жазылады. Ал көмекші ведомостарда
жазулар керісінше тиісті шоттардың дебеті бойынша бір уақытта олармен
корреспонденцияланушы шоттардың кредиттік айналымдарын көрсете отырып
орындалады. Төменде кассадағы нақты ақшаның
қозғалысы бейнеленетін
журнал-ордер мен көмекші ведомостың нысаны келтірілді.
Достарыңызбен бөлісу: