Принциптері


  Бухгалтерлік есеп нысандары және олардың маңызы



Pdf көрінісі
бет83/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

6.5 
Бухгалтерлік есеп нысандары және олардың маңызы 
Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын есеп регистрлерінің құрылымы, 
олардың өзара байланыстары және регистрлерде шаруашылық операцияларын 
жазу реті мен әдістері бухгалтерлік есеп нысандарымен айқындалады. 
70000 
70000 
70000 
70000 
141 


Бухгалтерлік есеп нысаны 
дегеніміз - шаруашылық операцияларын белгілі 
бір ретпен көрсету және жазуларды тиісті тәсілдер бойынша топтастыру үшін 
пайдаланылатын есеп регистрлерінің жиынтығы. 
Қазақстан Республикасында қазіргі кезде бухгалтерлік есептің мынадай 
нысандары қолданылады: 
1.
 
Мемориалдық –ордерлік
2.
 
Журнал-ордерлік 
3.
 
Автоматтандырылған 
4.
 
Жеңілдетілген (қысқартылған) 
Бухгалтерлік 
есептің 
мемориалдық-ордерлік нысаны 
бойынша 
синтетикалық есеп кітаптарда немесе көп бағаналы ведомстарда жүргізіледі. 
Әрбір шаруашылық операциясына (немесе жинақтық құжаттарға 
біріктірілген операциялар тобына) мемориалдық ордер толтырылады. 
Мемориалдық ордердің басты мазмұны - шот корреспонденциясы, оның 
жасалынған мерзімі және сомасы. 
№ 13 Мемориалдық ордер 
18 қаңтар 2002 жыл 
Дт 902 
Кт 681 
Сомасы – 20000 теңге 
Бухгалтердің қолы_________________ 
Құрылған мемориалдық ордерлер хронологиялық тәртіппен тіркеу 
журналына жазылады, оларға реттік номер тағайындалады. Шаруашылық 
операциялары жөніндегі мәліметтер тіркеу журналына жазылғаннан кейін 
мемориалдық-ордерлердің ақпараттары Бас кітапқа немесе оны айырбастайтын 
көп бағаналы ведомосқа жазылады. 
Мемориалдық-ордерлік нысан қарапайымдылығымен ерекшеленеді, бірақ 
оның кемшіліктері де бар. Оны жүргізуде өте көп мемориалдық-ордерлерді 
құру, бірдей мәліметтерді әр түрлі регистрлерге жазу қажет. Төменде 
мемориалдық-ордерлік нысан бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 
сұлбасы (сурет 6.1.) келтірілді. 
142 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет