Принциптері


Құжаттарды тексеру және өңдеу



Pdf көрінісі
бет79/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Құжаттарды тексеру және өңдеу 
 
Бухгалтерияға келіп түскен құжаттарды есеп регистлеріне жазбастан 
немесе машинамен өңдеуге жіберместен бұрын бухгалтерлік тексеруден өткізу 
керек. Ол құжаттардың нысанын және олардың реквизиттерін тексеруден 
(құжат белгіленген нысандағы бланкілерде жазылғандығын, онда міндетті 
реквизиттер толтырылғандығын және олардың дұрыс толтырылғандығын, 
лауазымды адамдардың қолы қойылғандығын т.б.); операциялардың мәні 
бойынша тексеруден (құжатта көрсетілген операцияның тиімділігі және 
заңдылығы, оның мазмұны нормаларға, жоспарлық тапсырмаларға, сметаларға 
сай келетіндігін және тағы басқаларды); арифметикалық тексеруден 
(қорытындыларын шығару, сауда жеңілдіктерімен, үстемелерінің сомасын 
анықтау, т.б.); құжаттардағы қателерді жөндеуден, құжаттарда шоттардың 
корреспонденциясын көрсетуден тұрады. 
Бухгалтерияға келіп түскен құжаттардың көбісінде тек шаруашылық 
операцияларының заттай өлшемдері ғана болады. Бухгалтерияда құжаттардағы 
сандық көрсеткіштер бағаланып, олардың қорытындылары есептеліп 
шығарылады. 
Құжаттарды тексеру олардың толтырылуының дұрыстығын және оларда 
бейнеленген шаруашылық операциялардың заңдылығын анықтау үшін қажет. 
Тексеру мынадай үш түрге бөлінеді: 
-
жазбалардың толықтығын тексеру:
есеп қызметкері құжаттың барлық 
реквизиттерінің дұрыс толтырылғандығын, заттай және ақшалай 
өлшемдерінің қойылғандығын, шаруашылық операциясының мазмұны 
дұрыс 
баяндалғандығын, 
оған жауапты 
адамдардың 
қолы 
қойылғандығын анықтайды; 
132 


-
құжаттарды арифметикалық тексеру:
арифметикалық есептердің 
дұрыстығын анықтау (бағасын есептеп шығару, қорытындыларды 
есептеу, сауда үстемесін (кемітуін) анықтау және басқалар бойынша 
жүргізіледі; 
-
мәніне 
қарай 
тексеру:
құжаттарды 
оларда 
бейнеленген 
операциялардың заңдылығы, белгіленген нормалардың, сметалардың 
және лимиттердің сақталуы тұрғысынан қарау мақсатын көздейді. 
Құжаттар бухгалтерияға, әдетте, реестр бойынша өткізіледі. Оның 
көшірмесі - бухгалтерияның оларды қабылдағаны жөніндегі қолхаты.
Бухгалтерияға қабылданған құжаттар есептік өңдеуден өткізілу үшін тиісті есеп 
қызметкерлеріне беріледі. Бұл өңдеудің мәні бір текті құжаттар мен 
операцияларды топтастыру, бағалау және олардың деректерін есеп 
регистрлеріне жазу болып табылады. 
Құжаттар бухгалтерияда номенклатуралық баға көрсеткішінде қаралған 
бағалармен бағаланады. Топтастыру (жинақтау) бір текті бухгалтерлік 
құжаттарды іріктеу, жинақтаушы регистрлерге (құжаттарға) жазудан тұрады. 
Құжаттардың бір күнгі немесе бірнеше күнгі деректерінің қорытындылары 
есеп регистрлеріне бастапқы және жиынтық құжаттарда көрсетілген 
корреспонденцияланушы шоттар (дебет және кредит) бойынша жазылады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет