қолымен, түзету жасаған мерзімді көрсете отырып расталуға (дәлелденуге)
тиісті.
Құжаттарға түсірілетін мәліметтер сиямен немесе шариктік қаламсаппен,
электрондық есептеу машиналарымен жазылады. Жазу таза, былғанышсыз,
өшірусіз, түсінікті орындалуы керек. Құжаттардың нысанындағы бос қалған
түзу жолдар мен тік жолдарға сызықша қойылады. Ақша қаражаттарының
құжаттарында (чектер, кассаның кіріс және шығыс ордерлері) көрсетілген
сомалар санмен және сөзбен жазылып көрсетіледі.
Құжаттар көрсекіштерін толтыруда қателер жіберілуі мүмкін. Мұндай
қателер
корректуралық түзету
әдісін қолдану арқылы түзетіледі. Бұл әдіс
бойынша қате жазудың үсті жіңішке сызықпен сызылып, осы жазудың үстіне
дұрыс сан немесе дұрыс көрсеткіш жазылады. Осылайша түзетілген құжатқа
қысқаша түсінік беріліп, орындаушы адамның қолы қойылып, мерзімі
көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: