Принциптері


Бухгалтерлік есеп құжаттарының жіктелуі



Pdf көрінісі
бет77/203
Дата06.06.2024
өлшемі2,61 Mb.
#203235
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   203
Байланысты:
Байболтаева-Н.Ә.-Бухгалтерлік-есеп-принциптері

Бухгалтерлік есеп құжаттарының жіктелуі 
 
Құжаттардың мазмұны мен мақсатын жақсы түсіну үшін оларды жіктейді, 
яғни біртекті белгілері бойынша топтастырады.
Бухгалтерлік құжаттар пайдалану мақсаты, операциялардың мазмұны, құру 
әдісі және толтырылу орны бойынша жіктеледі (схема 6.1).
Пайдалану мақсатына қарай құжаттар өкімдік, растаушы, бухгалтерлік 
дайындау құжаттары және құрастырушы құжаттар болып бөлінеді. 
Өкімдік құжаттар
– 
шаруашылық операциясын жасауға берілген өкімді, 
бұйрықты және талапты бейнелейді. Оларға кассаның кіріс және шығыс 
ордерлері, жолдама қағаздар және т.б. жатады. Операциялар жасалғаннан кейін 
өкімдік құжаттар растаушы құжаттарға айналады.
Растаушы құжаттар

шаруашылық операциясының орындалға-нын 
куәләндырады. Растаушы құжаттарға чектер, аванстық есептер, материалдық 
жауапты адамдардың берген есептері және т.б. жатады. 
Бухгалтерлік дайындау құжаттарын

бухгалтерия аппараты растаушы 
және өкімдік құжаттар негізінде жасайды. Әдетте, олардың дербес мәні 
болмайды. Оларға жинақтау ведомостары, негізгі құралдар, материалдық емес 
активтер бойынша амортизация есептеу кестесі жатады.
Құру әдісіне қарай бухгалтерлік құжаттар бір жолғы және тізбелеп 
жинақтаушы болып бөлінеді. 
Бір жолғы құжаттар
– 
бір немесе бірнеше шаруашылық
операцияларының орындалу сәтінде толтырылады. Оларға чектер, 
материалдарды қабылдау жөніндегі актілер, кассаның кіріс және шығыс 
ордерлері жатады. 
Тізбелеп жинақтаушы құжаттар
– 
біртекті шаруашылық операцияларын 
орындалуына қарай бірнеше күн немесе бір ай ішінде жүйелеп тіркеуге 
пайдаланылатын құжаттар. Оларға материалдарды алуға арналған лимиттік-
жинақтаушы карталар, екі апталық жолдама қағаздары және т.б. жатады. 
Операцияның көлеміне қарай құжаттар бастапқы және жинақтаушы 
құжаттар болып бөлінеді. 
Бастапқы құжаттар 

бір немесе бірнеше шаруашылық операциялары 
тікелей жазылатын құжаттар. Бұл құжаттар бұдан былайғы есеп жазбалары 
үшін негіз болуы мүмкін.
Жинақтаушы құжаттар

бастапқы құжаттардың негізінде жасалынады. 
Оларға алынған аванстық есеп беру құжаттары, кассирдің есебі, есеп айырысу-
төлем ведомостары және т.б. жатады.
130 


Толтырылу орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. 
Ішкі құжаттар

кәсіпорынның өз ішінде толтырылатын құжаттар.
Сыртқы құжаттар
деп - басқа кәсіпорындардан келіп түсетін құжаттарды 
(шот-фактуралар, банк үзінділері т.б.) айтады.
Толтырылу тәсілдеріне қарай құжаттар типтік және мамандандырылған 
болып бөлінеді. 
Типтік құжаттар 
– 
экономиканың кез-келген салаларында толтырылу 
мүмкіндігі бар құжаттар. 
Мамандандырылған құжаттар
– 
экономиканың белгілі бір саласының 
нақты бір кәсіпорны үшін арнайы жасалынған құжаттар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет