сатудан келіп түскен ақшалай түсім жоқ. Бұл ретте, есепте екі шот: «Сатып -
өткізуң және «Сатып - өткізілген тауардың өзіндік құның пайдаланылады.
Пайда таб
у – бұл кез-келген кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты.
Сондықтан бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - кәсіпорынның осы мақсатқа
жету барысындағы жетістігін қаржылық қорытынды есепте бағалау және
табыстың танылуын дурыс есепке алу болып табылады.
Таза пайда
–
бұл экономикалық қызметтің
нәтижесінде меншікті
капиталдың көбеюі. Таза пайда сомасы табыстар мен шығыстардың айырмасы
ретінде анықталады. Егер шығыстар табыстардан жоғары болса, онда қызметтің
нәтижесі
таза зиян
болады. Табыстардың ең қарапайым түрде бағалануы- бұл
сатып алушылардан алынған немесе арнайы мерзім ішінде алынуға тиісті
активтердің құны.
Табыстар
–
бұл кәсіпорын активтерінің келіп түсуі және олардың
жақсаруы немесе кәсіпорынның тұрақты, негізгі немесе басты қызмет түрлері
болып табылатын жабдықтау, тауарлардың өндірілуі, қызметтердің орындалуы
және басқадай қызмет түрлерінің нәтижесінде міндеттемелердің азаюы.
Шығыстар
-
бұл шығыстар немесе активтердің басқадай пайдаланылуы,
немесе негізгі,
сондай-ақ, басты қызмет түрлері болып табылатын жабдықтау,
тауарлардың өндірілуі, қызметтердің орындалуы және басқадай қызмет
түрлерінің нәтижесінде міндеттемелердің көбеюі.
Табыс алу процесінде
пайдаланылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны шығыстар болып
табылады.
Шығыстар кәсіпорынның меншікті капиталы мен активтерін азайтады
және пассивтерді көбейтеді. Алайда кәсіпорынның меншікті капиталы мен
активтерінің азаю себебі тек шығыстардан ғана болмайды.
Меншікті капитал
мен активтер меншік иелерінің капиталды айналымнан шығаруынан да болады.
Табыстар, өз кезегінде, меншікті капитал мен активтерді көбейтеді.
Алайда меншікті капитал мен активтердің көбеюі әрдайым табыс бола бермейді.
Меншікті капитал мен активтер меншік иелерінің капиталды қосымша ұлғайту
нәтижесінде де өседі. Активтер ақша қаражаттарын алу нәтижесінде өседі.
Капитал өзгерісінің себептерін анықтау үшін кәсіпорын басқармасы және
басқадай мүдделі тұлғалар табыстар мен шығыстардың әрбір түріне арнайы
жеке шот ашады. Әрбір есепті мерзімнің
соңында бұл шоттар жабылады,
жиынтық нәтиже (сальдо) пайда мен зиян жөніндегі қорытынды есепке
көшіріледі. Сондықтан да бұл шоттар
уақытша
немесе
номиналды
шоттар деп
аталады. Есепті мерзімнің басында уақытша шоттардың бастапқы қалдығы
нольге тең болады.
Кәсіпорынның активтері,міндеттемелері және меншікті капитал жөніндегі
ақпарат
тұрақты
немесе
реалды
деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Тұрақты
шоттардың қалдығы бухгалтерлік баланста көрініс табады.
158